Оқи отырыңыз

Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен.

Автор: Мұзафар Әлімбаев

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Мен күтетін мереке
Мен күтетін мереке

Автор: Гүлжанар Жарқынбекқызы

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Жүрек сөзі

Жүрек сөзі

Массагет оқырмандарына Алматы қаласындағы Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияның оқытушысы Мақпал Сембайдың шығармаларын ұсынамыз.

***

...күзгі бақтан терілген ақ раушан гүлінің күлтесінің ауада қалықтаған дыбысын қылқалам етіп, дәл сол ақ раушан гүлінің тамшысынан жасалған бояумен салынған, жиегі сол бір ақ раушан жапырақтарымен өрнектелген, көздің жақұтын алар, ақ раушан гүлінің нұрынан күнге шағылысқан анашымның бейнесі салынған әдемі суретті қалаймын...

***

– 5 теңге берші, бала... 5 теңге берші, қыз... дайте, 5 тенге...

126-ыншы автобусқа мініп, «ақша жұтқыштан» билетімді ала бергенімде орта жастағы, орташа бойлы, жұпыны киінген бір қазақ әйел «ақша жұтқыштың» жанына жақсылап орналасып алып, әрбір билет алған жолаушыдан 5 теңге сұрап тұрғанын байқадым. Ешкімді де қалдырмайды. Әр адамнан жасына сай сыпайыланып, орыстан орысша, қазақтан қазақша сұрап тұр. Қайыр тілеудің жаңа түрі ме? Орташа есептесем, автобус тоқтағанша, біраз «байып» қалатынға ұқсайды. Алматылықтардың жұмыссыз жағдайында табыс табудың жақсы тәсілі екен. Қайыр тілеудің кәсіпке айналғаны сонша, тіптен, кімнің расында түгі қалмаған қайыршы екенін айыру мүмкін емес. Өзге елден келген сығандар мен өзге ұлт өкілдерімен жағаласып қайыр тілеп жүрген қазақтар санының көбейіп жатқаны тағы рас. Неліктен бұлай болып жатыр екен? Азғанымыз ба, тозғанымыз ба, озғанымыз ба?! Кеудені кернеген күрсініс пе, өкініш пе, әлде ыза ма?!

***

Ей, Алатау, ей, Алатау... Алатау деймін! Алатау-ау, сәл аласаршы? Сәл ғана төмендеші? Жете алар емеспін саған... Айтарым бар! Алатау, сырласайықшы? Адамдар менен шаршаған сияқты. Жалықтырғанмын-ау бәрін шамасы...

Алатау, сенен миллион есе кіп-кішкентай мынау менің өзімнің  жан-дүниемді жарып, өн бойымды жоқ қыларлық мұңым, қайғым, қуанышым бір басыма жетерлік. Жаратқан адамға көтере алмас сынақ бермейді дейді. Дегенмен де, кейде жүрегім жарылардай ауырып, бүкіл денемді бір нәрсе өртеп жібереді! Кішкентай сынаққа шыдамай, өзімді құздан лақтырғым келетін сәтте сені ойлаймын! Алатау, неткен асқарсың! Сендей болсам, мынау қайғыcымақ дүниелер түк те болмай қалар еді! Сен де көргенің мен бауырыңа келіп мұңын шаққан пенделердің сырын, сонша мыңжылдық құпияңа шыдай алмай жарылсаң, не болмақ?! Мен ол... мен кіп-кішкентай, бар-жоғы маңызды емес жүрген біреумін ғой. Әлдебір күні жарылып кетсем де, Алматыны армансыз аралап, бақтарында қыдырған, көк аспанын көріп қуанып, Медеуінің мұзын сүйіп, Көктөбесін талай асқан, көшелерін кезіп өткен, болып–болмағаны да беймәлім, ешкімге де қызықсыз біреу кеудесіне сыймаған тынымсыз уайым мен миын жеген сансыз ойлардан кетті дер. Кетті дер де, екі-үш күн аза тұтып қоя салар. Ал, сен! Ал, сен жарылсаң... Жо-жоқ! Ешқашан! Сен олай етпе, Алатау, жарай ма? Әйтпесе, орының ойылып, мынау Алматым қорғансыз қалады! Сен, сен солай тұра бер, жарай ма?! Қанша азаптанып, қанша қамықсаң да, сен солай тұра берші? Әлі талай тарихтың куәсі болып, талайды өткеруің керек қой! Алатау, сен расында асқарсың!

***

Беу, қайыңдар! Сызыла кербезденіп, тербеле тұрушы едіңдер, мынау қатал қыс сұлулықтарыңды суықпен қымтап, сырларыңды жасыра түскенін қарашы!? Шыдаңдар, жарай ма? Көктем келеді! Аз қалды! Сендер күткен көктем келеді! Мен де күтіп жүрмін...

«Жапырақ жүрек жас қайың, Жанымды айырбастайын»...Иә, иә мен де, өтінемін, мен де  айырбастайыншы? Екіжүзділік пен өтіріктің арасында түк көремегендей, дым байқамағандай жүре беру қандай қиын! Рас айтамын, Қайыңдар, қиын! Тіпті, мен де солардың қатарына еніп бара жатқандаймын... қорқамын.

Ғашық болдым! Ғашықпын да! Бірақ ол мүлтіксіз сезімім мынау жүрегімде қала берсінші? Ғашық болғаның үшін де азаптану сондай қиын! Сыр шерткеніме ренжімеңдерші? Жасырынып қалайын ба, жоғалып кетейін бе, әлде түк болмағандай жымия күліп жалған бетперде киіп алып өмір сүрейін бе? Тыпыршып тыныш таппайды мынау кеудемдегі алып-ұшқан бір жапырақ ет...

Әр көктемде құлпыра, жайнай түсетіндерің жаныма медет береді! Сендерге қарап өмір сүргім келе береді! Көктем! Иә, Қайыңдар, көктем келеді! Асыға күтіп жүрмін! Мен де сендердей жайнап, құлпырып, тамырсыз ауада қалықтайыншы...

Ғашықпын...

жалғасы бар...

Автор: Мақпал Сембай

Дайындаған: Елбарыс Махамбет

1878 4
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 29 мамыр 2014, 10:50
Пікірлер
+0
29 мамыр 2014, 13:01

№36 гимназияның оқушысы Мақпал Сембай? Оқушысы?

+0
29 мамыр 2014, 15:17

Оқушысы деп байқамай қателесіп жазған шығар, оқытушысы болу керек. Керемет маған өте ұнады! ;)

+0
29 мамыр 2014, 14:14

Керемет 8-) :evil:

+0
29 мамыр 2014, 15:37

Мәкеңнің жазбалары керемет, сөз жоқ!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...

Мектеп – 2017 #2
Мектеп – 2017 #2

Қос оқушының өмірінде  қандай өзгерістер орын алуда? "Мистер икс" деген кім? Бұл сұрақтардың жауабы осы бөлімде...