Ғылыми-фантастика жанрындағы 5 кітап

Ғылыми-фантастика жанрындағы 5 кітап
Фото: mirf.ru

Қазір әлемдегі ең танымал жанрдардың бірі ғылыми-фантастика жанры. Ғылыми-фантастика өнердегі дербес жанр ретінде XX ғасырда қалыптасқанымен, оның қайнар бастаулары ежелгі әпсаналарда, ауыз әдебиетінде жатыр. Оған қиял-ғажайыптық, ертегілік қасиет те тән. 

Массагет порталы осы демалыста оқуға болатын ғылыми-фантастика романдар топтамасын ұсынады

© abebooks.com

"Франкенштейн" (Frankenstein: or, The Modern Prometheus) – Мэри Шелли

Франкенштейн: немесе заманауи Прометей – ағылшын жазушысы Мэри Шеллидің 1818 жылы алғаш рет анонимді түрде жарияланған эпистолярлық готикалық романы.

Кітапта тіршіліктің пайда болуының сырын түсініп, жансыз материяны тірілту жолын меңгерген ғалым Виктор Франкенштейннің өмірі мен қызметі туралы айтылады. Франкенштейн мәйіттердің бөліктерінен жасанды адамды құрастырады.  Бірақ оны құрастырғанына өкінеді.

Ұсқынсыздығымен жұрт жек көретін аты жоқ құбыжық өз жаратушысын іздей бастайды. Жазушы Брайан Олдисс оны алғашқы нағыз ғылыми-фантастикалық роман деп бағалады, өйткені Франкенштейн құбыжықты жасау үшін ғылыми әдістерді пайдаланады.

© andrewliptak.substack.com

2. Құм (Dune) –Фрэнк Герберт

Құм – америкалық жазушы Фрэнк Герберттің ғылыми фантастикалық романы, алғаш рет 1963–1965 жылдары Analog Science Fiction and Fact журналында тарау болып жарияланған және 1965 жылы жеке кітап ретінде жарық көрді. Гербертті танымал еткен кітап Гюго және Небула жүлделерін жеңіп алды. Dune – ХХ ғасырдың ең танымал ғылыми-фантастикалық романдарының бірі.

2021 жылы Дени Вильнёв осы роман желісімен фильм түсірді.

3. "Марсианин" (The Martian) – Энди Вейер

Америкалық жазушы Энди Вейердің фантастика жанрындағы дебюттік романы.

Кітапта апат салдарынан Марста қалып, қиын мәселелердің шешімін іздеуге мәжбүр болған ғарышкер туралы айтылады. Ол осы адам тұра алмайтын мекенде аман қалу үшін бәрін жасайды.

Әдеби агенттер бас тартқан автор кітапты ол өз веб-сайтында тегін орналастырды. 2014 жылы кітап басылып, New York Times бестселлер тізіміне енді. Ал 2015 жылы романды Ридли Скотт фильм етіп түсірді.

 

4. Жоғалтып алма сен мені ( Never Let Me Go)  – Кадзуо Исигуро

Тегі жапондық британдық жазушы Казуо Исигуроның 2005 жылғы романы. 2005 жылғы «Букер» сыйлығына және 2006 жылғы "Артур Кларк»" сыйлығына ұсынылды. Time журналының жылдың үздік романы нұсқасы бойынша 1923-2005 жылдар аралығындағы 100 үздік ағылшын тіліндегі романдар тізіміне енгізілген. The Guardian журналының ХХІ ғасырдың 100 үздік кітабының тізімінде төртінші орында. Орналасқан.

Кэти есімді бас кейіпкер Хейлшем мектебінде өткізген балалық шағын, достарын, үміт пен үрейге толы өмірін баяндайды. Былай қарағанда, басқалардан еш айырмашылығы жоқ сияқты, бірақ Кэти мен достары жай адамдар емес, олар — донор. Олар үшін донорлық әдеттегідей нәрсе, тағдырға мойынсұнған. Алайда, бұған қарамастан, сүйіспеншілік, достық сезімі оларға жат емес.

© kartinkin.net

5. "Уақыт машинасы" (The Time Machine) – Герберт Уэллс

"Уақыт машинасы" – Герберт Уэллстың романы, оның алғашқы ірі ғылыми-фантастикалық жұмысы. 1888 жылы «Уақыт аргонавттары» әңгімесінен қайта өңделіп, 1895 жылы шығарылды.

«Уақыт машинасы» уақытпен саяхат идеясын фантастикаға енгізді және осы машина үшін қолданылатын уақыт, олар кейінірек көптеген жазушылармен қолданылған және хронофантастика бағытын құрды.

Т. Раушанұлы