Билл Гейтс жазда оқуға ұсынған 5 кітап

Билл Гейтс жазда оқуға ұсынған 5 кітап
Фото: medium.com

Билл Гейтс дәстүрлі түрде оқыған немесе оқуды жоспарлаған кітаптардың кезекті тізімін жариялады.

"Жақында кездесулер мен келіссөздер COVID-19 мәселесіне қатысты болды. Біз инфекцияның таралуын болдырмау үшін көп жұмыс істеп жатырмыз", - дейді Билл Гейтс. 

Билл Гейтс қаржысын қайда жұмсайды?

Ол өзекті мәселелерге қарамастан, айналасындағылар әлі де оқу үшін ұсыныстар күтіп отырғанын атап өтті. 

Гейтстің 2020 жылдың жазында оқуға ұсынған кітаптар тізімі:

Едит Ева Эгер. "Таңдау". (The Choice) – Адамның ішкі күші мен еркіндігі туралы

Америкалық психотерапевт және жазушы Эдит Эва Эгер Холокост оқиғаларының соңғы тірі куәгерлерінің бірі. 1944 жылы венгр еврейлерін қырғынға ұшыратқан кезде, 16 жасар Ева ата-анасы және әпкесімен бірге Осушвитке жер аударылады. Ата-анасы қайтыс болған апалы-сіңлі бірнеше қиындықты бастан кешіреді. Эва өзін көптеген қаза болған адамдар арасынан шала-жансар күйінде АҚШ әскерлері тауып алғанын айтады.

Билл Гейтс 2017 жылы қандай кітаптар оқыған?

Соғыстан бірнеше жыл өткен соң, Ева Америка Құрама Штаттарында қоныс аударады. Ол психологияны медицина мамандығы бойынша бітіріп, Сан-Диегода өзінің мамандығы бойынша халыққа қызмет ете бастайды.

90 жасында Ева "Таңдау" кітабын жазды. Гейтстің айтуынша, бұл кітап естелік қана емес, сонымен қатар жүректегі жарақаттармен күресуге арналған нұсқаулық. Автор қиын жағдайлар, депрессиядан арылу жолдары туралы жақсы кеңестер береді.

Дэвид Митчелл. "Бұлт атласы" (Cloud Atlas)

Билл Гейтс Митчеллдің кітабына бірнеше рет түсінік берген. Ол кітап сюжеті өте ауыр, мазмұны күрделі екенін мойындайды. "Бұлт атласы" бір-бірімен байланысты алты оқиғаны біріктіреді.

Миллиардер "Бұлт атласының" бірінші әңгімесін ұнатқан. Онда америкалық жас дәрігер туралы баяндалады. Егер сіз адамның жақсы және жаман жақтарын білгіңіз келсе, "Бұлт атласын" оқыңыз, - дейді Билл Гейтс.

Роберт Айгер. "Өмірді басқару"  (The ride of a lifetime)

Боб АйГер - әйгілі америкалық бизнесмен, 2005 жылдан бері The Walt Disney компаниясының директоры және президенті. Компанияда үлкен реформаларды жүргізген Айгер болды, атап айтқанда, ол басқарған кезде қабылданған алғашқы шешімдердің бірі - Pixar-ді сатып алу.

 Гейтс Айгердің "Өмірді басқару" кітабы соңғы жылдары оқыған ең жақсы іскер кітаптардың бірі екенін айтады.

Джон Барри. "Ұлы тұмау" (The Great Influenza)

"Біз қиын кезеңді бастан өткеріп жатырмыз. Бұл процесті жақсы түсінгіңіз келсе, 1918 жылғы испан тұмауы туралы көбірек білуіңіз керек. 100 жыл бізді осы оқиғадан ажыратқанымен, Джон Барридің кітабы әлемге қауіп төндіретін көптеген қатерлерді нақты көрсете алады" , - дейді Гейтс.

Миллиондаған адам өмірін жалмаған індеттер

Айта кетейік, 1918 жылдың мамырында 9 миллионға жуық адамның дертке шалдыққаны белгілі болған. Алғашқы Дүниежүзілік соғыспен тығыз байланысты көші-қон, әскерилердің жылжуы вирустың жер бетінде жылдам таралуына әсер етті: Аляскадан Гренландияға, одан Аустралия мен Амазонканың ну ормандарына дейін жеткен. Техникалық үдеріс те өз үлесін қосты. Пойыз, кеме секілді транспорт түрін қолдану нәтижесінде алғашқы 30 апта ішінде 35 миллион адам қырылған. Испан тұмауымен жер ғаламшарының үштен бір бөлігі ауырған. Деректер бойынша, 60-100 миллион арасында адам өмірмен қош айтысқан.

Абхиджит Банерджи мен Эстер Дюфло.  "Нашар экономика: жаһандық кедейлікпен күрес жолын түбегейлі қайта құру" (Poor Economics: A Radical Rethinking of the Way to Fight Global Poverty)

Абхиджит Банерджи мен Эстер Дуфло экономикаға қосқан үлесі үшін 2019 жылы Нобель сыйлығына ие болды. Олар кедейлікті жою зертханасының негізін қалаушылар. Авторлар кітапта жылдар бойы зерттелген тәжірибелер мен сандарға талдау жасайды.

Билл Гейтс оқуға ұсынған кітаптар

Олар кедейліктен шығудың тиімді жолдары туралы ойларымен бөліседі. Сонымен бірге, кітапта баяндалған идеялар қалың жұртшылық үшін өте қарапайым тілде берілген.

Т. Раушанұлы