Ағылшын тілінде ең көлемді поэма жазған ақын

Ағылшын тілінде ең көлемді поэма жазған ақын
Фото: Yernar Almabek

Америкалық ақын Томас Стернз Элиот 1988 жылы 26 қыркүйекте Миссури штатындағы Сент-Луис қаласында өмірге келген. Ол жанұядағы 7 баланың кенжесі еді. Томастың әкесі Генри Уэр Элиот өнеркәсіппен айналысатын ірі компанияның иесі болған, ал анасы Шарлотта Стернз әдебиетке қызығатын, сауатты болған. 

Сент-Луистегі Смит-академиялық жеке мектепті бітіргеннен кейін Элиот Массачусетс жекеменшік колледжінде бір жыл оқып, 1906 жылы Гарвард университетіне түскен. Дарынды студент үш жыл ішінде университет курсын аяқтап, төртінші курста магистр дәрежесін алады.

© britannica.com

Бұл уақытта ол "Харвард адвокет" ("Harvard Advocate") журналына алғашқы өлеңдерін жариялай бастады. 1909-1910 жылдар аралығында аталған журналда редактор болып қызет етті. 

Кейін Париждегі Сарбонн университетінде француз әдебиетін оқиды. Әсіресе, символист ақындарды зерттей бастады. 1911 жылы Гарвардқа оралған ақын ағылшын идеалисі Ф.Г.Бредли туралы диссертация жазып, санскрит пен буддизмді зерттейді.

Шелдон стипендиясына сәйкес ақын алдымен Германияға, содан кейін Англияға барады, ол жерде Брэдли сабақ берген Оксфорд Мертон колледжінде философияны үйренеді. Көп уақыт екіленіп не философияға не әдебиетке барарын білмей жүрген ақын, соңында өзін әдебиетке арнауға бел буады.  Лондонда қалып өлеңдер жаза бастайды. 1915 жылдан бастап нәпақа табу мақсатында әдебиеттен сабақ бере бастайды. 1925 жылы ол "Фейбер энд Гуайэр" (кейінірек "Фабер және Фабер") баспасында, алдымен әдеби редактор, содан кейін директорлар төрағасының бірі ретінде қызмет атқарады.

1917-19 жылдары Элиот "Эгоист" журналының бас редакторының орынбасары болып жұмыс істеді. Оның алғашқы өлеңдері әртүрлі мерзімді басылымдарда, оның ішінде 1915 жылы Езра Фунттың католиктік антологиясына енді.

Элиот оқырмандарына қолтаңба беру үстінде. ©theguardian.com

Элиоттың "Альфред Пуфоктың махаббат әні" деп аталатын поэмасы ХХ ғасырдағы ең елеулі шығармалардың бірі болды. Туынды туралы америкалық ақын Джон Берримен: "ХХ ғасырдағы заманауи поэзия "Альфред Пуфоктың махаббат әні" поэмасымен басталады" деді.

Элиот тек ақын ғана емес сыншы ретінде де әдбиетшілер арасында абыройға ие бола бастады. 1919 жылдан бастап ол "Times Literary Supplement" басылымының тұрақты авторына айналды. 

1922 жылы жазылған "Жеміс бермейтін Жер" ("The Waste Land") поэмасын оның досы һәм ұстазы  Эзра Паунд "ағылшын тілінде жазылған ең көлемді дастан" деп атады. Эзра 434 жолдан тұратын поэманың үштен бір бөлігін қысқартып тастады.

Ақынның өткен ғасырдың 40-жылдарында жазған "Төрт квартет" ("Four Quartets", 1943), "Бёрнт Нортон" ("Burnt Norton", 1941), "Ист Кокер" ("East Coker", 1940), "Драй Сэлвейджес" ("The Dry Salvages", 1941) және "Литтл Гиддинг" ("Little Gidding", 1942) атты шығармалары оқырмандармен қатар сыншылар да жоғары бағалады. 

Томас Элиот "Нобель" сыйлығын алу сәті. ©theguardian.com

1948 жылы Швеция академиясының академиктері "Заманауи поэзияға қосқан новаторлық үлесі үшін" Томас Элиотты "Нобель" сыйлығына лайық деп табады. 

Ақын 1965 жылы 76 жасында қайтыс болды. Элиот көптеген марапаттарға ие болған ақын. Олардың қатарында Ұлыбританияның "Құрмет белгісі" ордені (1948), Францияның "Құрметті легион" ордені (1954), Ганзей одағының "Гете" сыйлығы (1954) бар. Элиотты ағылшын, америкалық және еуропалық университеттер 16 рет құрмет дәрежесімен марапаттаған және ол Магдален колледжі мен Мертон колледжінің (Оксфорд) құрметті мүшесі болған.

Т. Раушанұлы