Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Проза / Тілеухан Дария. Отаным, саған айтамын

Тілеухан Дария. Отаным, саған айтамын

Тілеухан Дария. Отаным, саған айтамын

Ел ертеңі саналатын талантты жастарды қолдау, жас қаламгерлердің шығармаларын насихаттау мақсатында Massaget.kz порталы "Отаным, саған айтамын" атты прозалық онлайн-байқауын жариялаған болатын. Байқау ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр. Назарларыңызға байқаудың кезекті қатысушысы Камзина Алияның шығармасын ұсынамыз.

Тілеухан Дария – 2002 жылғы 26 тамызда дүниеге келген. Семей қаласы М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенті.

***

Отансыз адам – ормансыз бұлбұл (мақал).

Ананың баласына деген нәзік, ыстық, пәк махаббатына тең келер қандай сезім бар дейсіз ғой? Қазақтың қан мен терден соғылған тарихын оқи келе, Отанға деген жан қиярлық балалық махаббат жер жүзіндегі ең адал, күшті, ұлы сезімдердің бірі екенін түсіндім. Отанға деген сүйіспеншілік жауынгердің өмірін бәйгеге тігіп, “Елім! Жерім! Халқым!” деп атой салып ұрандатып, тайсалмай жауға қарсы тұруға себепші сезім ғана емес, ұлықтардың, таланттардың, өнер шеберлерінің туындыларының музасына, шабыт нәріне айналған кіршіксіз таза сезім.

Еліңді, тіліңді, халқыңды даттап, қорлағанын естіп, біліп, көрген кезде жан дүниең төңкеріліп, сүйгеніңе сөз тигізгендей ашуға булығып, қорлаушыны шын жек көріп, ызадан көзіңе жас аласың.

Бәлкім, Кенесары, Сырымдар да дәл осындай күйді бастан кешкен болар. Бірақ олар көздерінен бір тамшыда жас шығармаған шығар. Естерін жинап, найзаларын үшкірлеп, өздері сияқты жүректі батырларды Отан үшін әрекет қылуға шақырып, көш бастады.

Жауыз жаудың қаһарынан қорықпай, тағдырға қарсы шығып, ессіз ерлікке себепкер болған – еліне деген жанын оттай өртеп бара жатқан ыстық махаббаты, сезімі, сүйіспеншілігі. “Отан – оттан да ыстық” деген халық мақалы, сірә осыдан шыққан шығар.

Қазақстан – менің ата-бабамның қонысы, менің Үлкен Отаным. Ал Қазақстандағы ата-әже, әке-шешемнің кіндік қаны тамған жер ІІІ ғасырдан астам тарихы бар Шығыстың қариясы – Семейім.

Семейім... Сан жылдардың азабына, саяси қасіретке, тағдыр тәлкегіне душар болған қарт Семейім. Қазақтың тарихында өшпес, сөнбес із қалдырған Алаштың астанасы, ақыл мен ойдың, өлең мен жырдың саңлақтары туған дана Семейім! Қазақстан бір ел, бәріміз бір қазақ болғанмен, сендегі ауа, сендегі климат, сендегі тарих ерекше, Семейім!

Сенің шексіз, әдемі, сайын далаң жас сәбидің өріктей сүйкімді жүзі тәрізді. Сенің далаңда кімнің ізі қалмады десеңші. Абай, Шәкәрім, Мұхтар, Әлихан аталарымыздың, қазақтың әнші бұлбұлы Бибігүл апамыздың ізі бар тарих сырына толы топырағыңды ең қымбат таспен де салыстыруға келмес.

Міне, Семейім! Сен осындай көз тоймас сұлу, рух тоймас дана, сан жетпес қымбатсың! Жан түршігер азаптан өткен қайтпас, қайсар Семейсің! 40 жылға созылған соқыр бәсекенің нәтижесінде ғылымның адамзатқа әкелген ең үлкен қасіреті – ядролық сынақ полигоны сенің жүзіңде жазылмас тыртық қалдырды. Сенің өткенің, әртүрлі ғимараттарың мен көшелерің, көшедегі орындықтарың, тіпті жердегі тасың мен өсіп тұрған гүлің де басқа ешбір жерде жоқ.

“Туған қалам – Семейім, Қай қалаға теңейін?” деп әнші Дали шырқағандай, мен сені ешбір қалаға теңей алмаймын. Саған әдемі әсер қалдыру үшін көкпен таласқан ғимарат салудың қажеті жоқ. Мен сенің осы қалпыңа, әр бұрышыңа, осы көркіңе ғашықпын! Сұлу қыздың мойнына іліп қойған маржан моншақ тәріздес көпіріңді сүйемін! Қыста қадам жасатпастай болып жауатын қалың қарыңды, буырқанған бораныңды, албырт беттен тістелейтін аязыңды, жаздағы аптап ыстығыңды, нөсерлі жаңбырың мен шаң араласқан желіңді сүйемін! Сендегі тіршілікті, ерке қыздың мінезіндей құбылған табиғатыңды сүйемін!

Шығармамды Мұқағали Мақатаевтың мына өлең жолымен аяқтағым келеді:

“Пай! Пай! Пай!
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.
Сарылып сал-сері кеткен жер,
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!”.

0
Рейтинг: +0

Фото: Nur.kz
Қосылған күні: 19 шілде, 16:33

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.