Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Проза / Айым Болатқызы. Отаным, саған айтамын

Айым Болатқызы. Отаным, саған айтамын

Айым Болатқызы. Отаным, саған айтамын

Ел ертеңі саналатын талантты жастарды қолдау, жас қаламгерлердің шығармаларын насихаттау мақсатында Massaget.kz порталы "Отаным, саған айтамын" атты прозалық онлайн-байқауын жариялаған болатын. Байқау ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр. Назарларыңызға байқаудың кезекті қатысушысы Айым Болатқызының шығармасын ұсынамыз.

Дәут Айым Болатқызы 2004 жылы Алматы облысында туған. Астана Еуразия гуманитарлық институтының "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының түлегі. 

***

Сан мың тарап жолдарды бастан кешірген салиқалы қазақ жұрты үшін, өтпелі кезеңнің ауыр зардаптары жүрек түкпірінен сызаттар қалдырды. Санамызда қалыптасқан жағдаяттардың салдары адамзат тағдырына төнген ең қатігез оқиғалар, біздің, жайқалған көк майса дархан даламызда орын алды. Тебіреніп шерткен екі пернелі әуеніміз құлақтан алыстап жыраққа кете барды. Сезіммен өрбіген қос ғашықтың алпауыт толғанысы, көңіл толқынында сызаттап аққан жаңбырдың тамшысындай серпілді де қойды. Сағыммен жарыса жүгірген қайраткерлеріміз туған жер тоғысында арпалысып жан алысты. Жан кешті... Отқа жанды... Суға батты... Бірақ, мойымады... Тарихымыздың кернеуінде серпіліс тапқан өр тұлғалы, от жүректі, айбынды ерлеріміз бен қос бұрымды аруларымыз Отан алдында шейіт болды.

ХХ ғасырдың басында қазақ жерінде орын алған саяси-әлеуметтік жағдай ел зиялыларының ұлт мүддесі жолында бірігіп, қазақ тілін, әдебиетін, мәдениетін бағдарға алып, бірлесе еңбек етуі – біздер үшін жарқын үлгі. Бұл кезең – қазақ қоғамының рухани жағынан серпілген, ұлттық сананың оянған кезеңі болды. Ұлттың қамын ойлаған зиялылар қазақ халқын алдыңғы қатарлы елдердің сапына қосу үшін қалың бұқараның арасында ағартушылық идеясын көтеріп, халықтың сана-сезімін оятуды мұрат санады. Қазақты оқу-білімге шақырды. Алаш көсемі Ә.Бөкейхан: “Көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе?” дейтін қазақ. Бәрінен білім жүйрік. ... “Білімге жақсы да, жаман да жоқ. Білім – алмас қанжар. Кім қолына алса, соның қолы, салып қалса, жақсы-жаманды айырмай, басты алып түседі”, – деп жазды. Алаш дәуірінің рухани көсемі, қазақ тіл білімінің атасы А.Байтұрсынұлы: “Асыл тіл, түзу емле қазақта боларға тиісті. Неге десек: ата кәсібін тастамай істеп келе жатқан – қазақ. Басқа жұртқа араласпай, өз алдына оңаша, оқшау жүрген – қазақ. Жат жазудың ыңғайына қарап, басқалардан тілін бұзуға, арасына жазу жайылмаған түрік баласы – қазақ”, – деді. Қазақ халқы өз алдына жазу-сызуы бар мәдениетті, оқыған ел болуға толық құқығы бар. Және аз уақытта солай болды да. Қазақстанның болашағы қандай болуы керек? деген мәселеге келгенде, біз бүгін осы ұстанымдарды басшылыққа аламыз.

Алаш қозғалысы қазақ әдебиетінің дамуына үлкен ықпал жасады. Бұл қозғалыс ақын-жазушыларға ұлттың басын біріктіруге шақырған, рухты оятатын шығармалар жазғызды. Қалың елдің санасына әсер ете алатын негізгі күш баспасөз бен әдебиет екенін жақсы түсінген алаш қайраткерлері ұлттық негіздегі газет-журналдар шығара бастады. Олардың бетінде қалың қазақты ынтымаққа шақырған, ағартушылық идеядағы көсемсөз бен көркем шығармаларды қатар жариялап тұрды. Аталған кезеңде А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабайұлы, Ғ.Қарашұлы, С.Торайғырұлы сынды қазақ әдебиетінің жарқын өкілдері ұлттық намысты қайрайтын, рухты оятатын азаматтық лириканы өмірге әкілді.

Алаш қаламгерлері ұлттық әдебиеттің ағартушылық, сыншылдық реализммен бірге романтикалық, сентименталистік, символистік бейнелеу тәсілдері кеңінен көрінді. Оның ішінде азаттық әдебиетінің ең көрнекті өкілі Мағжан Жұмабайұлының тұтас шығармашылығынан аңғарамыз. Мәселен мына өліңінде Алашқа, еліне деген махаббатын аңғарамыз.

“Бірге жусап, бірге өрген,
Алаш деген елім бар,
Неге екенін білмеймін
Сол елімді сүйемін!” – деп бар сүйіспеншілігін халқына арнаған еді.

"Көзі жоқ, құлағы саудың ақылы толады, Құлағы жоқ, көзі саудың ақылы солады" демекші, сол тұста білім алу мінберде тұрған бірінші мәселелердің бірі еді. Халқымыз газеттерге шолу жасап, біртіндеп сана-сезімі, саяси түсінігі, ой-тағылымы қалыптасты. Сол кезеңнің алғы шептері, бүгінгі таңда өз реңін тауып, өлшеніп сындарлы сындардың алқымында қалмауға бар күштерін салуда. Әлемге танылып, саналы ұрпақтың тәрбиеленуіне жол ашылуда.

Қазақстанның бүгінгі жай-күйін, келешектегі даму бағытын сөз еткенде, өткен тарихын әрдайым есте ұстап, содан үлгі аламыз. Өркениет жолына түскен дамыған халықтар қашанда тарихынан тағылым алып, оны қастерлеу арқылы бүгінгісін бүтіндеген, болашағына болжау жасаған. Тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан мемлекеті ширек ғасырдың ішінде әлемге танылып, экономика, саясат, оқу-білім, мәдениет, ғылым салаларында, жалпы мемлекет құру ісінде ұрпаққа үлгі боларлық батыл қадамдар жасады. Қандай да бір игі бастамаларды қолға алсақ та, сол ісімізде ұлт мүддесін бірінші орынға қойып, елдік идеясын алдымен ескеруді аманат етіп қалдырған бабаларымыздың ұлы еңбектерін, ғибратты істерін, жарқын өмір жолдарын ұмытпағанымыз дұрыс.

Отанды сүю – ұлт тарихын қастерлеу, ата-ана алдындағы борышкерлікті сезіну, қазақ қызын қадірлеу, ер-азаматын құрметтеу. Отанды сүю – бауырға деген қамқорлық, ұлттық генезисті сақтап қалу. Ар-ождан алдындағы ұятты ұмытпау. Ұлттық әдебиетіміз арқылы рухани санамызды, қазақ жұртының сабақтастығын жаңғырту. Еңселі ел, қабырғалы мемлекет болу үшін алдымен тарихтан тағылым алып, елдігіміз бен тәуелсіздігіміз үшін жанын құрбан еткен ата-бабаларымыздың жарқын өмірін, олардың қалдырған жақсы істерін, өнегесі мен аманатын қашанда есте сақтағанымыз абзал. Тәуелсіздігімізді нығайту жолында жасалып жатқан қандай да болмасын игі іс-шаралар, біріншіден, қазақ жерінің иесі – қазақ ұлтының болашағы үшін істеліп жатқан маңызды дүниелер. Ұлттық құндылықтарды, ұлт мәселесін, ұлт тағдырын, ұлттың тілі мен мәдениетін бәрінен жоғары қойған Алаш арыстарының қалдырған ғибратты жолы – біздер үшін аса қымбат қазына, бағасы биік мол мұра болмақ.

0
Рейтинг: +0

Фото: Айым Болатқызы
Қосылған күні: 19 шілде, 13:30

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.