Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Проза / Інжу Балтабекқызы. Отаным, саған айтамын

Інжу Балтабекқызы. Отаным, саған айтамын

Інжу Балтабекқызы. Отаным, саған айтамын

Елдің ертеңі саналатын талантты жастарды қолдау, жас қаламгерлердің шығармаларын насихаттау мақсатында Massaget.kz порталы "Отаным, саған айтамын" атты прозалық онлайн-байқауын жариялаған болатын. Байқау ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр. Назарларыңызға байқаудың кезекті қатысушысы Інжу Балтабекқызының шығармасын ұсынамыз.

Інжу Балтабекқызы – 1996 жылы 26 наурызда Павлодар облысы Май ауданында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі. 

***
Менің Отаным – Қазақстан. Кіндігім кесіліп, шыр етіп дүние есігін ашқан туған жерім – Қазақ елі. Иә, мен – нар тұлғалы ерлері жылқының жалында ұйықтап, келіндері түйенің қомында босанған көшпелі елдің өшпейтін ұрпағының бірімін. 

Қазақ елі... Осы сөзді естігенде ойыңызға ең бірінші не келеді? Ал менің қос жанарыма аспанмен таласқан асқар тау, шалқыған жайлау мен ұшы-қиыры жоқ иен дала, түтіні бұрқырап, кешкісін өмірі қайнаған ауыл-аймақ, қол созым жердегі қаз бауыр бұлт пен әсем гүлмен көмкерілген жазық дала елестейді. Бұл – Отанымның табиғи әсемдігі. Ал ХХІ ғасырда он сегіз мың ғаламға "Мені таны, мен қазақтың даласы" деген ұранмен өзің паш еткен Қазақстанның келбеті ерекше. Ол заманауи көш талабынан қалмай, ілгері жылжып, әлемдік аренада орның бекетіп жүр. Биыл тәуелсіздіктің ақ таңы атып, ата-баба аңсаған еркіндік туының желбірегеніне 29 жыл толады. Осы уақыт аралығында Қазақстан қандай жетістікке жетті, қилы заманда қандай тарихи шешім қабылданды, бұл тәуелсіздікке қалай жеттік деген сұрақтардың жауабын бірге іздеп, өрбітіп көрелік. 

Том-том болған тарихымыз не дейді? 

Тарих... Бұл сөздің астарында күллі ұлттың аумалы-төкпелі жүріп өткен жолы, қуанышы мен қасіреті қатар жүрген заман келбеті, заманның әр уақытындағы өзгерісі мен түрлі шешімнің дұрыс-бұрысы жатыр. Тарих алдамайды. Ол – ақиқаттың көзі. Себебі, уақытты алдай алмаймыз. Ол бәрін орнына қояды. Ең ауыр үкім – тарих үкімі. Арпалысқа толы қилы заманда мұқым бір халық жер бетінен ғайып болып өшіп, қанат-қолтығы кең жұртқа сіңіп, сағымға айналған жағдай өте көп. Бұның бәрі сол халықтың өзін қорғайтын қуатының, амал табар айласы мен бірлігінің мызғымастығына, рухының беріктігіне байланысты.

Тарих – халық зердесі. Кез келген халықтың төл тарихы болады. Бірінікі – том-том болып қатталып, саф алтындай сақталып, атадан-балаға мұра болып жетеді. Енді бірінікі – "уақыт" деген қайтарымсыз алыптың аяғына тапталып, мұхиттай терең ғасыр тұңғиығына батып кетеді. Ал қазақ елінің тарихы қандай? Ол, әрине, құнды. Біз уақыттың аяғына тапталмадық. Бізге еркіндікті сыйлаған аға-әпкеміз қасық қаны тамғанша күресіп, тарих толқынында небір түрлі қиындықты бастан өткерді. Бұл, әрине, осы 29 жылдың айналасындағы оқиға емес. Қазақ тарихы – тереңде. Ол соңау XV ғасырдың екінші жартысында Керей мен Жәнібек сұлтанның Шу өңіріне табан тіреп, Қазақ хандығының негізін салған уақыттан бастау алады. Сол уақыттан бері дана халқымыз қалыптасу жолында түрлі белдерді асып, "тар жол, тайғақ кешулерді" бастан өткерді.

Сақтардың әйел патшасы Тұмар патшайымнан бастап, Кенесарыға дейін, Мұстафа Шоқай мен Әлихан Бөкейхановтардан бастау алып, 86-жылы алаңға шыққан Қайрат, Ләззаттарға дейін қанша рет Ұлы дала қанға бөкті. Мойымады. Айбынды алаштың асқақ ұраны өшпеді. "Елім-ай" деп шер төккен халықтың асқақ арманы болған бейбіт аспан астында бүгінде біз, XXI ғасырдың еркін ұландары өмір сүреміз. 

Тәуелсіздік таңы атты бізде де... 

1991 жыл 16 желтоқсан. Қазақ елі ресми түрде тәуелсіз ел атанды. Кеңес Одағының шырмауынан босап, шартарапқа Қазақстан деген жаңа тәуелсіз мемлекеттің атын паш етті. Бұл тәуелсіздік жолында өжет ұл-мен қыз жазықсыздан-жазықсыз жазаланып, мерт болды. Десе де, олар діттеген мақсатқа жетті. Қазақтың қайсар ұл-қызы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, еркіндікке қол жеткізді. Олардың ерлігі – мәңгілік жадымызда. Оларға жабылған жала бүгінде күшін жойды. Уақыт ақтап алды. 29 жыл ішінде еліміз түрлі саяси науқанды, халықаралық деңгейдегі түрлі іс-шараны өткізді. Бастысы, көк Туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз бекітілді. Ұлттық валюта – теңге айналымға енгізілді, көш бастаған Елбасымыз, Тұңғыш Президентіміз сайланды. Қазақты әлем таныды, онымен санасты. Осы уақыт аралығында орын алған барлық тарихи жайтты тізбектеп айтудың қажеті жоқ деп есептеймін. Оның барлығынан хабардармыз. 

Ендігі мақсат – алдағы уақытта осы ауқымды шаралардың тізбегін ары қарай жалғастыру. Елбасы салып кеткен сара жолды, "Игілік – баршаға" принципін ұстанатын жаңа президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалғастыратынына сенім мол. Осы ретте жас ұрпақ, Қазақстанның болашағына да артылған үміт зор. Ол үшін әр қазақстандық жастың бойына патриоттық рухты сіңіріп, білім көкжиегін кеңейтіп, сапалы әрі заманауи білім алуы керек. Ел болашағы – білімді ұрпақ. Алдағы уақытта дамыған елдердің қатарынан ойып тұрып орын алу үшін бізге сапалы білімді игеру керек. Қазіргі заманда біз өзгеден біліммен, жаңа ашылулармен ғана озамыз. Қазақстанда білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Орта білім – тегін. Жоғары оқу орнына түсу сенің өз қолында. Ол үшін өз бетінше ізденуден жалықпау керек. Шетелде білім көкжиегін дамытамын дегендердің де кеудесін ешкім итермейді. Осы бағытта жұмыс істейтін "Болашақ" бағдарламасы бар. Соның арқасында мыңдаған білімпаз шетелде білім алып, таным көкжиегін кеңейтті. Білім алудағы басты талап біреу. Ол – еңбек. Оқудан, үйренуден және ізденуден ешқашан жалықпау керек. 

Менің Отаным – Қазақстан. Жүрекке жылу сыйлайтын неткен қасиетті ұғым. Қазақ елінің мерейі әрқашан үстем болса деймін. Ол үшін сіз-біз болып, жұмыла атсалысайық. Еліміздің даму жолына өз үлесімізді қосайық. Әркім өзінен бастап, туған жеріміздің гүлденуіне үлес қосайық. 

0
Рейтинг: +0

Фото: Інжу Балтабекқызы
Қосылған күні: 17 шілде, 10:56

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.