Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Проза / Қызылкулова Айдана. Отаным, саған айтамын

Қызылкулова Айдана. Отаным, саған айтамын

Қызылкулова Айдана. Отаным, саған айтамын

Елдің ертеңі саналатын талантты жастарды қолдау, жас қаламгерлердің шығармаларын насихаттау мақсатында Massaget.kz порталы "Отаным, саған айтамын" атты прозалық онлайн-байқауын жариялаған болатын. Байқау ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр. Назарларыңызға байқаудың кезекті қатысушысы Қызылкулова Айдананың шығармасын ұсынамыз.

Қызылкулова Айдана Маңғыстау өңірі, Ақтау қаласында өмірге келген.  Еуразия Ұлттық Университетінің Заң факультеті, Халықаралық құқық мамандығының түлегі.

***

Қолымда Стамбул – Ақтау бағыты белгіленген билет. Біраз минуттардан соң, ұшаққа отырғызу басталады. Бірнеше күндерге алшақтаған, мені сағындырған туған жерімнің салмақты бет-бейнесі, Қарт Каспийдің сыңғырлаған шолпандай толқындары, Ұлы дала мекені – бұл, мен аттанғалы отырған туған жерімнің шынайы сипаттамасы... 

Әрбір адам баласы үшін өзінің туып-өскен мекені, тұңған топырағы, Отаны – қашан да ыстық, әрі жақын болып келетіні сөзсіз. Отан ұғымы адамның мінез-құлқы, ізгілігі, парасаттылығымен тәрбиесіне етене байланысты. Жүгі қарда, қазаны теңге болып, көшпелі ғұмыр кешкен ата-бабаларымыз үш нәрсені ежелден бойтұмардай қасиет пен құрмет тұтып, қадірлей білген, олар: ел, жер және Ана тілі. Бүгінгі таңда, менің Отаным ата-бабаларымыздан қалған ұлан-ғайыр жерді игеріп, өзіндік дербес мемлекет ретінде егеменді билігімізді сақтай келе, өзге елдермен ынтымақтастық орнатып, дастарханы мол, қолы жомарт халық келбетінде дамып келе жатқан, еркін елдер қатарында көрініс табады. Бүгінгі Қазақстанның тәуелсіздігі әлемдік саясатта өз бейнесін еркін танытқандығы, тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылы тәуелсіздік алумен нығайтылды. 

Ал тәуелсіздіктің басты жетістігі – оның еркіндігі мен дербестігінде көрінеді. Қазақстанның жарқын болашағы – халықтың өмір сүру деңгейі, ой-сана өрісіне, білімділігіне, адал еңбегі мен ынтасына тікелей байланысты деп білемін. Халық еркіндігі, тәуелсіздігі мен өмір сүру жағдайын жақсарту – мемлекеттің бірден бір негізгі міндеттері болса, Отанымыздың рухты дамуы, бірлігі, әлемдік аренадағы өзіндік егемендігін сақтап қалып, оны бағалай білу – бүгінгі жастардың иелігінде. 

Ата Заңымызда қарамен жазылғандай, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық, демек халық сөзі әрдайым басым болуы керек. Ал білімді, ой-өрісі биік, кең ойлы адамның сөзі қашанда естіліп, ескере тұратыны бар. Әрбір азамат өз Отаны үшін не істей аламын, қалай көмек ете аламын, қайдан білім табамын деп ой тежеуі керек. Еліміздің осы күнгі егемендігі мен дербестігін келер ұрпаққа мұра етіп нақыштау, бүгінгі жастар мұратында. Ел, жер және Ана тілімізді сақтай, қадірлей біле ғана, алға нық сеніммен қадам баса аламыз. Біздің күшіміз – бірлікте, сүйіспеншілігіміз – Отанымызда, ал болашағымыз өзіміздің ғана қолымызда. Ел тілегі болған – егемендік, ендігі мақсат – оны беделді сақтап, биікке жетілдіру, жақсылықтарға ғана нақыштау, бүгінгі көзі ашық Қазақстан жастарының Отанына деген сүйіспеншілігі, айтары мен берері мол деп білемін. 

Қолымда Отаныма қарай бағытталған билет, біраз минуттардан соң, ұшаққа отырғызу басталады. Туған жерімнің салмақты бет-бейнесі, Қарт Каспийдің сыңғырлаған шолпандай толқындары, Ұлы дала мекені – бұл, менің Отаным. Отаныма айтар сәлемім... 

0
Рейтинг: +1

Фото: Қызылкулова Айдана
Қосылған күні: 16 шілде, 11:20

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.