Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Проза / Төленді Кәмшат. Арқадан Алатауға дейін... (немесе кітап туралы бірер ой)

Төленді Кәмшат. Арқадан Алатауға дейін... (немесе кітап туралы бірер ой)

Төленді Кәмшат. Арқадан Алатауға дейін... (немесе кітап туралы бірер ой)

Елдің ертеңі саналатын талантты жастарды қолдау, жас қаламгерлердің шығармаларын насихаттау мақсатында Massaget.kz порталы "Отаным, саған айтамын" атты прозалық онлайн-байқауын жариялаған болатын. Байқау ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр. Назарларыңызға байқаудың кезекті қатысушысы Кәмшат Нұрланқызының  шығармасын ұсынамыз.

Төленді Кәмшат Нұрланқызы 1997 жылдың 20 маусымында Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласында дүниеге келген. 2018 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен аяқтаған. Қазіргі уақытта Әл Фараьи атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің "Филология және әлем тілдері" факультетінің 1 курс магистранты, "Әдебиеттану" мамандығы бойынша білім алуда.

***

Қыранының қанаты талмаған, беткей төсінде қанша самғаса да, шырқау биігі күн көкжиегіне шексіздікпен ұласқан ұлан-ғайыр атамекенімнің алтын бесігінде тербеліп келемін. Жүйіткіп, зулаған поездар осы бір әсем тербелісті бұзғысы келмегендей, бір ырғақты, баяу қимылдайды. Қайран, қазағымның қанша ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы, үкілеген ақ үміті осынау "технократты" заманда орындаларын кім білген... Бәлкім, олар сезген де шығар. Ата-бабалар аманаты елдікті, көк байрақты биік ұстау, оның рухын асқақтату, туған жер топырағын сүю, оны құрметтеу, бұл қазіргі замандағы ең басты міндетіміз, әрі парызымыз екені анық. Міне, менің темір тұлпардай зулап келе жатқан теміржолдағы "бесікте" туындаған ойым еді. "Қостанай - Алматы" поезды әлі де қыран даланың төсінде жүйіткіп келеді. Сайын даланың төсінде самсаған ойларымды ақ қағаз бетіне түсіру үшін ерік жігерімді барынша жинап, Отаныма деген ыстық лебізімді жеткізу үшін қалам тербедім.

Отан-Ана, туған жерім, кең байтақ Қазақ елі, сендік махаббат мына менің жүрегімде ерекше орын алған.Шыр етіп тал бесікке енген сәттен бастап,сендік саф ауамен, сенің тау тасындағы мөлдір бұлақпен және сенің ыстық құшағыңнан қуат алып келемін, Отан-Ана. Қаншама ақын-жазушылар сені жырлау үшін ана тіліміздің сансыз сөздерін арнады, алайда сендік алапат күшті, рухани сезімді, жүректегі тебіреністі жай ғана сөздермен жеткізе салу қиынның қиыны-ақ. Оны тек терең түйсініп, жүрек соғысындай сезіне білу керек. Ол сезімді жүрегі қазақ деп соққан әрбір жан толықтай сезініп, Отанға деген ұлы махаббатына ақ адал ниетімен қарап, өз парызын жете түсінері анық. Міне, сонда ғана Отанға деген шексіз махаббат өз дәрежесінде бекіп, оның рухани күші нығая түспек. 

Ұлы дала. Қазақ елі. Еуразияның кіндігінен орын тепкен ұлан-ғайыр атамекеніміз, бүгінде терезесі тең,іргесі сөгілмеген жеті құрлыққа аты жетіп, әлемдік аренада даңқымыз асқақтап, еліміздің мерейі үстем болып жатыр. Тәңіріміз жар болып, тәуелсіз елдің айбыны асқақ, аспанында қыраны самғаған Ұлы дала еліне айналдық. Еліміздің келелі болашағы көздерінде оты бар, жігері жасындай жарқ етер жалынды жастардың қолында екендігін, олардың ұлттық мүдде үшін аянбай қызмет ету борышы екендігін мықтап айтқан болатын еліміздің дара көсемі - Елбасымыз.

Елбасы жария еткен "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы талайдан бері тереңде жатқан ұлтымыздың ұлы мирасы рухани құндылықтарды қайта жаңғырта отырып, күллі жұртшылықтың жадынан кетпестей етіп баяндаған болатын. Ата-бабаларымыз бағзы заманнан бері ат құлағында ойнап, сайын даланың төсінде дала мәдениетін өркениеттің озық үлгілерінің қатарына жатқыза отырып, оны келешек ұрпаққа насихаттау басты парыз. Ұлтымыздың ежелгі түркі дәуірінен бастау алған мәдени мұралары сан ғасырлар бойы өзіндік мәнін жоғалтпай, қанша уақыт өтседе қайта өркендеп айшықталу үстінде. Аталған мақаланы оқи отырып, өз елімізге, кең байтақ қазақ жеріне, оның төл тарихына , қазыналы даласына сүйіспеншілікпен,  ерекше құрметпен қарайсың, әрі ойланасың "Мен өз Отанымның гүлденуіне қалай үлес қосамын?". Осы сауалды кез келген қазақ баласы өз-өзіне сан рет қоя отырып, еліміздің арайлы болашағы үшін аянбай күресуі қажет, ұлтжанды азамат көбейсе, еліміз ұлылықтың төрінен еш айнымақ емес. 

... Арқа жері. Атам қазақтың орын тепкен қонысы. Арда талай ұлы ғұламалар туған, Ахметпенен Әлихандай, Ыбырай мен Шоқандай ардақты ұлдары дүниеге келген қасиетті мекен. Ұлытаудың бұйра бұйра қыраттары алыстағы сағым жылдардың куәсі іспеттес, терезеден мұнартқан ұсақ шоқылар тарихтың талай тағылымынан сыр шертетіндей көрінеді... 

Дәл осы тұста Әл-Фараби бабамыздың "Мәңгілік ел" философиясы санама сап ете қалды. Онда мемлекеттің іргесі берік, қабырғасы алып болуы үшін білікті саясаткер мен қазыналы халқы, қаймағы бұзылмаған бейбіт өмір болуы тиіс делінген. Міне, сонда ғана ел де, мемлекет те өркениет сапынан қалмай қарқынды дамиды. Сонымен қатар,данагөй ұлы ойшылдың "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары" атты трактатында мемлекеттің қайнар көзі ретінде оның халқының бақыты мен бейбіт өмірі, ізгілік пен адамгершілікке толы әділ билік орнаса ғана мемлекет МӘҢГІЛІК ЕЛ болады деп тұжырымдады. Міне осынау сан ғасырлардан бері өркениет көшіне ілескен қазақ елі "Мәңгілік ел" тұғырына ие болып, сол тұғырымыздың биік болуын біз жастар толықтай міндетіміз деп білеміз.

"Сарыарқаның беткейінен ақырын жылжып, күн де өз ұясына батып барады. Арқаның сайын даласы таусылып, Балқаш маңын жағалап бара жатқан поездар зу-зулап өтуде... Қолымда Оралхан Бөкейдің "Поезда идут мимо" кітабы. Оқып шықтым. Орыс тілді болса да. Алған бағытым Алатау, ару қала Алматы.Алматыда бәрі орыс тілді дейді,әй өтірік-ау, тәуелсіздік алғанымызға едәуір отыз жылдай болып жатыр, бұл төске тиер әңгіме емес...".

Менің айтпағым, жоғарыдағы Елбасымыздың "Рухани жаңғыру" атты өзекті жобасының айналысында " мен елім үшін не істей аламын" деген сұраққа жетекші болып тұр. Мен еліміздің одан әрі өркендеп, кең қанат жаюы үшін ең алдымен жастар білімді де білікті, қажырлы, еңбексүйгіш және ұлт жанашыры болуы тиіс деп ойлаймын. Қазіргі таңда жастар білім мен ғылым арқылы үлкен жетістіктерге жетуде. Жастарды өнерге, білімге, ғылымға қызықпайды дегім келмейді, барлық жастар кез - келген жағдайда өзінің білімді болғанын қалайды, сол себепті де мектеп қабырғасынан соң жоғары білім алуға талпынады. Бұл қоғамда жеке тұлға қалыптасуындағы қалыпты процес. Ия бұл қоғамның ең басты талабы - білімді болу, ал қоғамның рухани талабы дегенді естіп пе едіңіз??? Адамзат баласының рухани кемелденуі ең бірінші тәрбиеге байланысты. Атақты данышпан Әл-Фараби айтқандай, "тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы", бұл сөздің мәнісі өте терең де жатыр. Тәлім - тәрбие біздің екінші айнамыз, ол арқылы біздің қаншалықты адам санатына жататынымыз көрініс береді. Бұл арқылы мен тәрбие мен рухани құндылықтың таптырмас құралы - кітап жайлы сөз етпекпін. 

Кітап оқу – жан азығы деген тамаша бір сөз бар қазақта. Қазақ халқы байырғыдан бері халықтық мұраларды қастерлеп, оларды өнеге етіп, насихаттап келген халық. Біз өз әдеби мұраларымызды сол бабаларымыздың арқасында таныс болып, сусындап өстік. Оларды төл әдебиетіміз деп қарастырып, ондағы мәнді мазмұнымен өзімізді жетілдірдік. Атап айтсақ, халық ауыз әдебиетінің, батырлар дастаны, түркі тілдес халықтардың төл әдебиеті барлығы да біздің баға жетпес қазыналарымыз. Оларды біз жоққа санап, жаңа әдебиетіміздің іргетасын қалай алмаймыз. Қазіргі таңда кітап оқу заманымыздың ең қиын үрдісі болып бара жатыр. Жоқ барлық жастар емес әрине, кейбір жастар кітап оқуды бір жат дүние деп есептейді. Тіпті өздеріне солай шығар, алайда кітап оқу керемет дүние екенін білсе олай ойламас еді. Бұл жағдайды алғашында жаңа технологиялардың қарыштап дамуы салдарынан деп шығар деп кінә тақтық. Жоқ олай емес екен. Біз қате топшыладық. Оның дәлелі ретінде АҚШ тың Даллас қаласында болған " Үздік кітаптар" форумында "Американдықтар әрбір күні бос уақытында қолына кітап алып, оны тезірек аяқтап, келесі кітапқа көшуді әдетке айналдырған". Бұл үшін ешқандай ғаламтор желісі де зымыраған уақыт та кедергі емес екен. Ия бұл америка қоғамы үшін қалыптасқан жайт, ал біздің қазақ қоғамында бұл сананың қалыптасуы үшін әлеуметтік желілерде тек "кітап аккаунтары" жаулап алуы керек те шығар. Мен осы шарада өзіміздің төл әдебиетімізді жаңғырту мақсатымен түрлі әлеуметтік сайттарда форумдар ашып, ондағы қазақ әдеби туындыларын кең тарауына ықпал жасамақпын. Көптеген кітапқұмар жандар үшін " Антикафе" ашып, түрлі кітаптарды сүйікті оқырмандарымен қауыштыруға сеп болар едім.

Кітап - ешқашан адам баласынан артық зат сұрап, оның мазасын алып,оған артық салмақ түсірмейді. Керісінше, кітап адамға ақыл, рухани байлық, жан тыныштығын сыйлайды. Кітап - ең жақсы дос. Оның ішінде қазақ тіліндегі қазақ кітаптары біздің баға жетпес құндылықтарымыз. Әрбір қазақ жастары білуге әрі оқуға тиіс кітаптар біздің төл әдебиетімізде өте көп. Соның бірі "Абай жолы " заманымыздың антиквар жазушысы М. Әуезовтің әлем таныған тың туындысы. Осы Абайдан бастап біздің әдебиетіміз Мұқағали мен Қадірдің шығармасымен тәмамдалып қалған сияқты. Себебі мектеп оқулықтарына көз жүгіртсек жаңа заман әдебиеті 20 -ғасырдың аяқ шенімен тоқтап қалған. Демек жастар қазақ жаңашыл әдебиетімен толық таныс емес. Жастар қазіргі таңда нені оқу керек, кімді оқу керек екендігін білмей адасады. Бұның бір дәлелі Интернет ресурстарда жаппай қаптап кеткен жылтыр сатылымдық әдебиеттер. Олардың біразы шетелдік туындылар, саны бар сапасы жоқ. Соңғы бір отандық арнаның бағдарламасында ток - шоуға келген жас бойжеткенге "кітап оқисыз ба, қандай кітап оқыдыңыз деген сұрақ қойса, ия кітап оқимын, кітаптардан мелодрама оқимын ", ия тап осылай жауап берді, күллі қазақ жұртына тікелей эфирде. Жастар неге дені дұрыс кітап оқымайсыздар, қазақ тілінде көптеген тамаша кітаптар жетіп артылады ғой. Неге қыздар" Шуақты күндерді "оқымайсыздар. Неге ана тіліміздегі туындыларды оқымайсыздар??? Сұрақ көп. Жауап біреу интернет дүкенде қазақ жазушыларының туындылары жоқ. Тағы да сол баяғы ғаламтордың құрсауы. Кітапхана ше, ондағы толып жатқан кітаптар... Оқырманын күтіп тұрған кітаптар... 

Мен студентпін. Болашақ филолог маманмын. Бес минутсыз ұстазбын. Кітап жанашырымын және ұлтымның жанашырымын. Алдағы уақытта елім үшін, Отаным Қазақстанның жандануына, рухани жаңғыруына айтарлықтай аянбай еңбек ету менің азаматтық борышым деп білемін. Әрбір қазақ баласы өз тіліне, діліне, діні мен тегіне ұлттық борышым деп қарап, оны қастерлеп рухын асқақтатуға міндетті. Сөз соңында еліміздің болашағы үшін ерен еңбек пен қажырлы саясат жүйесін жастарға берік қамал қалап, сол қамалға тұғыры биік ту қадаған елбасымыздың дара жолының ізгі жоспарымен аяқтамақпын. 

Ендеше, рухани жаңару арқылы әлем мойындар табысты ел болып, жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті үндестіре отырып, баршамыз бірлік туы астында бақытқа бірге жетейік! 

0
Рейтинг: +0

Фото: Төленді Кәмшат
Қосылған күні: 12 шілде, 13:01

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.