Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Проза / Бержанов Ағзам. Отаным, саған айтамын

Бержанов Ағзам. Отаным, саған айтамын

Бержанов Ағзам. Отаным, саған айтамын

Елдің ертеңі саналатын талантты жастарды қолдау, жас қаламгерлердің шығармаларын насихаттау мақсатында Massaget.kz порталы "Отаным, саған айтамын" атты прозалық онлайн-байқауын жариялаған болатын. Байқау ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр. Назарларыңызға байқаудың кезекті қатысушысы Бержанов Ағзамның шығармасын ұсынамыз.

Бержанов Ағзам Ықласұлы, 1992 жылы 12 мамырда Өзбекстан Республикасына қарасты Қарқалпақстанда дүниеге келген. Қазір Алматы облысы Байсерке ауылының тұрғыны. Тараз иновациялық гуманитарлық университетінің аграномия факультетінің 1 курс студенті.

***
Адамды еріксіз қуаныш сезімі билейтіні бар емес пе!? Мен сіздерге өзімнің туған жерімдегі көз көрген, жүрек сезген өмір сырларымды айтып берсем. Заманның түзу уақытында дүние есігін ашқан екенмін, яғни 1992 жылы мамыр айының 12-сінде Қарақалпақстан Республикасы, Тахтакөпір ауданы, Мүлік ауылында туып өскенмін. Ел-елдердің, жер-жерлердің тәуелсіз алған жылдарымен тұспа-тұс келеді екен. Негізі, Қазақстанда тумасам да, шет жердегі үзеңгілес қарақалпақ, өзбек ауылдарынан бөлек қазақ ауылында туғаныма қуанамын. Осы жерде белгілі ғалым Шоқан Уәлиханов атамыздың атына қойылған 17-орта мектебінде оқыдым. Енді адам баласының қайталанбас бақытты шағы, ғажайып сәттерді бастан өткерер балалық шағына тең келер ештеңе жоқ деп ойласақ, осы кездің керемет сұлулықтарын өз әлімше баяндап берсем.

Әрқандай адамның әнге деген махаббаты, құштарлығы бала кезінде күшті болатыны белгілі. Оқушы болған күндері Саржайлау әні жүректен терең орын тепкен болатын. Әні мен сөзі үйлесім тауып, әншілердің ерекше орындауында шет жақтағы, ағайыннан алыс, шалғай жерлердегі қазақтардың рухын биіктетіп, құлақ құрышын қандырған, қазақ жерін, елін, өзен, көл, тауларын айна қатесіз көз алдыңда суреттеп беруі балғын шырын шақтарымыздың тәтті де, әсем өткеніне дәлел болса, бұл құбылысты сөзбен дәйектеп, сезіммен әсерлеп жеткізу қиын деп ойлаймын. Осы бір әнді қайта-қайта тыңдай бергің де келе береді. Бұндай жәй адам жүрегінің сұлулығы десем қателеспеген болармын. Осы жағдайда бір ақын ағамыздың өлең жолдары ойға оралады.

"Туған жер ешнәрсе жоқ сенен ыстық,
Себебі, сенде туып, сенен ұштық", – деп, өз сағынышын екі-ақ ауыз өлеңмен шебер жеткізген. Адам баласының бақытты болуы да туған жеріне деген шексіз сүйіспеншілігін де есеркен жөн. Өмірдің бұлағы да, бастауы да осы, сіздер туылған алтын, асыл Отан!...

...Отаным, саған айтарым біз сенің балапандарыңызбыз. Сен біздің аялап өсіріп, көкке самғатқан асыл анамызсыз. Біздер енді сені көз қарашығындай қорғауымыз – міндетіміз, парызымыз деп есептейміз. 

Күн сөнгенше мен сені мақтаныш тұтатын боламын, атыңды кең әлемге мәшһүр етпесем де, жаман ат тақтырмауға тиістімін. Мықты спортшы болып көкбайрығыңды биікке көтертпесем де құлатпауға міндеттімін. Қазағым, Қазақстаным, Отаным мәңгі жасай бер!!!

0
Рейтинг: +1

Фото: Yernar Almabek
Қосылған күні: 09 шілде, 11:24

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.