Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Проза / Аягоз Артурқызы. Отаным, саған айтамын!

Аягоз Артурқызы. Отаным, саған айтамын!

Аягоз Артурқызы. Отаным, саған айтамын!

Елдің ертеңі саналатын талантты жастарды қолдау, жас қаламгерлердің шығармаларын насихаттау мақсатында Massaget.kz порталы "Отаным, саған айтамын" атты прозалық онлайн-байқауын жариялаған болатын. Байқау ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр. Назарларыңызға байқаудың кезекті қатысушысы Аягоз Артурқызының шығармасын ұсынамыз.

Макатова Аягоз Артурқызы 1999 жылы 2 шілде күні Қостанай облысы, Қостанай ауданының Московский ауылында дүниеге келген. Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің филология факультетінің "қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының 2 курс студенті. 


Оқу жылы басталар уақытта (қазан айының ортасы болуы керек) бізде облыстық дебат ойындарынан турнир өткен болатын. Сол кезде біз "мемлекет әскерден гөрі, білімді жоғары қояды" деген тақырыпта ойын өткен, сонда мені таңқалдырғаны (өзгелер білуі әбден мүмкін) әскери академияда оқып жүрген баланың айтқан бір ауыз сөзі: "біз күніне әнұранды 3 рет шырқаймыз, елімізді қорғау үшін шынығамыз, біз білімді болуымыз қажет келісемін, алайда әскер арқылы Отанға деген борышты сезіне аламыз, нәтижесінде елімізге деген жауапкершілікті арттыра түсеміз" дегені маған қатты әсер етті. Бір сәт, өзімнің еліме деген махабаттым қаншалықты? – деген сияқты ойлар мазайлай бастаған. Бұны айтып отырған себебім, әнұранды жатқа білмейтін адамдар да бар емес пе? Қойшы соны, жатқа білмей-ақ қояйық, тым құрыса әнұран шырқалғанда тәртіпті сақтамайтындарды көрген кезде денемді ашу кернейді. Ал, әскерде оқитындар күніне 3 рет айтады екен! Таңқалдым да қалдым. Шіркін, патриот болған қандай керемет, өзге адамның өз елін мұншалықты құрметтеп, оған жауапкершілікпен қарайтынын білу, көру, сезіну керемет екен!

Бірақ, осы кезде іштен тына қаласың, себебі ішіндегі ар-ұятын мазалай бастайды екен. Неге бізде осы елінді сүю, оны көркейту дегенді құр сөзбен айтып, тәрбиелейді екен, іс жүзінде дәлелдеп көрсету арқылы шын патриоттарды тудырамыз ғой. Себебі, айтылған сөздер әрқашан шыңдықты білдірмейді (субъективті ойым). Бүгінгі күні өз-өзіме көптеген сұрақтар қоямын. Қарапайым ғана мысал, өзге елге барып сонда тұрақтап қалу, не болмаса ақшаның барлығын өзге елдің табиғаты мен жеріне барып құрту. Осыған ұқсас жағдайлар жетерлік. Көпшілік "мен патриотпын, өз елімді сүйемін, мақтанамын" дейді. Алайда, не үшін біз оны іс-әрекетіміз арқылы дәлелдемейміз. Ол қандай әрекеттер? Менің ойымша, бірінші әркім өз отанының көрмеген керемет жерлерін іздесе, соған уақыты мен ақшасын жұмсаған да, махабатты мен сүйіспеншілігі одан сайын оянар еді (өз тәжірбиемнен білемін). Екіншіден, қоқыс тастамай, айналадағы табиғатты жақсартуға, жолы мен суын тазартуға ат салысса (әр адам). Тазалық сақтау тек арнайы жұмысшылардың жасаған еңбегімен бітетін шаруа емес қой? Соңында, әр мамандық иесі өз жұмысын лайықты атқарған уақытта өз жеріміз үшін жасалған іс-әрекет деп көрсетуге болады. Осы аталғандарға сәйкес менде құр сөз боп қалмауы үшін әрдайым өзімді дамыту үстіндемін. Себебі, бәсекелестікке қабілетті болу арқылы елім үшін өз үлесімді қосуым парыз деп санаймын. 

Отаным, саған айтарым, сені сыртқы жаудан қорғау, ішкі ынтымақ пен тыныштығынды сақтау, әр тасың мен жасыл шөбінді өзгеге бастырмау менің, қоғамның әр бөлшегінің міндеті. Ал қойылған әр міндет өз нәтижесін көрсетуі керек. Мен үшін нәтиже ретінде болашақта қаруым болып табылатын – білім арқылы, сені дамыту, себебі сен онсыз да өзге елдермен терезесі тең елсің, бұнымен мақтануымызға болады. Мұхтар Шаханов жазғандай, 
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Төрт анадан сенім таба алмаған
Тамырсыздың басы қайда қалмаған?!
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана-тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы. 
Шыныменде, төрт анамыз болып табылатын туған жер, туған тіл, салт-дәстүрін мен туған тарихынсыз бір ұлтты елестету мүмкін емес. Отанымның тарихын мектеп табалдырығынан бастап оқып, білеміз, туған тілімізде сөйлесе аламыз, салт-дәстүрді ұмытпай, қолдана алуымыз туған жеріміздің бар болуынан, отанымыздың арқасында. Бұнымен не айтпақпын, ойлап қарасақ, қызыл сызықпен бекітілген шекарасы бар, өзінің ұлты мен діні негізделген халықпыз. Шекарамыз бар, жеріміз бар ендеше осыны қадірлеу ғана қалмады ма бізге? Өзге елдер бар, не халқы өз тілінде сөйлесе алмайды, не болмаса тыныштықты аңсауда. Тіпті, тәуелсіздік үшін күресіп жатқандар да бар. Сірә, өз жеріміздің, отанымыздың маңыздылығын жете түсіне алмағандықтан болар, біз кейде қолда бар нәрсенің қадірің білмей қалатынымыз. Барлық адамдар өз отанын, сонда өмір-сүру барысында оны жете зерттейді, әрбір тасын білетін уақытқа да келеді, алысқа кеткен уақытында сағынады, қайтып оралған сәтінде қуанып, шаттыққа бөленеді. Білмеймін, өз басым туған жерімнен басқа қалаға 1-2 күнге кеткен сәтте осы сезімдердің барлығын өткеретінім бар. Шыдамсыз болып кетемін. Осы аталған сезімдерді тудырып, бізге сезіндіре алған Отаныма мың алғыс! 

Қорытындылай келе, "Менің Отаным – Қазақстан" деп бала кезімде үйреткендей, бір шаңырақтың астында ұйыған айрандай жиналған халық екенін, көп этносты, көп мәдениетті отанымның, кезінде Алаш елі атанған елімнің баласы болғанына қуаныштымын. Мен бір нәрсені жақсы білемін, алдымен қазақ болып туғаныма, өзімнің дәл осы жерде туғаныма ризамын. Себебі, бейбіт әрі ынтымағы жарасқан елде өмір сүру бізге, маған берілген үлкен сыйдың бірі. Өзге жер маған өз отаным секілді бола алмас. Маған ғана емес, өзгеге де бола алмасы анық. Отаным! Әуелі, тыныштық пен бейбітшілігінді жоғалтпауына, халықтың санасының уланбауына және біз сияқты сені дамыта алатын жас буынның қайраттары ыстық, жүректері жылы және ақылдары нұрлы болғанын қалаймын.  

0
Рейтинг: +0

Фото: Yernar Almabek
Қосылған күні: 06 шілде, 12:33

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.