Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Проза / Латын Америкасынан шыққан тұңғыш "Нобель" иегері

Латын Америкасынан шыққан тұңғыш "Нобель" иегері

Латын Америкасынан шыққан тұңғыш

Габриэла Мистраль атты бүркеншік атпен танылған Чили ақыны Лусила Годо Алькаяги 1889 жылы 7 сәуір күні Анд тауының Викуньа елді мекенінде өмірге келген. 1907 жылы Ля-Кантера ауылында оқытушының көмекшісі болып жұмыс жүріп, теміржолшы Ромолио Уретамен отбасын құрады. Бірақ араларындағы неке ұзаққа бармайды. 2 жылдан соң жиі дауласатын екі жастың некесі Уретаның өзіне суцид жасауымен аяқталады.

Уретаның өліміне қатты қайғырған Габриэла сол жылдары тырнақалды өлеңдер топтамасы "Өлім сонеті" ("Sonetos de la Muerte", 1914 жыл) атты кітабын жарыққа шығарады. Осы өлеңдер жинағы Саньтягода өткен "Гүлдер" әдебиет фестивалінде гран-приге ие болады. Ол сонеттегі ғашықтық жырлар оқытушылық жұмысына теріс әсерін тигізеді деп, өзі сүйіп оқитын жазушылары Габриеле Д'Аннуцио мен Фредерик Мистральдардың аттарын қосып өзіне бүркеншік есім қояды.

Чилидің орталығына көшіп келген жас ақын үндістер аумағындағы лицейге директор етіп тағайындалады. Жаңа жұмысына келгеннен соң 16 жасында-ақ жергілікті әдеби қоғамның президентіне айналған Пабло Нерудамен танысады. Мистраль оның ақындық талантына таң қалып, оқу орнындағы кітапханадан Паблоның шығармашылықпен айналысуы үшін орын бөліп береді.

1921 жылы ол Саньтягодағы лицейге басшы етіп тағайындалады. Оның ел астанасына келуі шығармашылығындағы жаңа қырларды ашып, Колумбия университеті профессоры Федерико де Ониспен танысады. Колумбия университетінің қарамағындағы Испания институты ақынның "Үмітсіздік" ("Desolación", 1922 жылы) деп аталатын екінші жинағын кітап етіп бастырады.

©tendencia.com

Испания институты мен ақынның зор талантының арқасында оны шетел әдебиетшілері де тани бастайды. Америкалық әдебиеттанушы Альфред Ортис-Варгас "Поэзия туралы ғылым" журналында: "Мистраль сияқты ақынның пайда болуы қуанарлық. Себебі оның өлеңдерінде мәңгіліктің өшпес таңбалары бар. Оның өлеңдері оқырманда қайғырған, өлімге бас тіккен кез келген жаратылысқа деген мейірім сезімін оятады", – дейді.

Ақын Мексикада біршама уақыт білім саласында жұмыс істеп, АҚШ, Испания, Швеция, Италия сынды қалаларға саяхаттайды.

Ақынның 1924 жылы шыққан "Нәзіктік" ("Ternura") өлеңдер жинағы оған халықаралық дәрежедегі атақ-даңқ алып келеді. Арадан екі жыл өтіп, оны Париждегі Ұлттар Лигасы зияткерлік ынтымақтастық қауымдастығына жұмысқа шақырады. Аталған орында ақын Латын Америкасы қаламгерлерінің шығармаларын Еуропада кітап етіп шығару жұмысына атсалысады. Сол жерде жүріп Пабло Неруданың өлеңдерін Еуропада шығаруға әрекеттенеді.

Габриэла 1930-31 жылдар аралығында Колумбия университетіндегі Бернард колледжінде Латын Америкасы әдебиетінен дәріс береді. 1932 жылы Чилидің Италиядағы елшісі, 1934 жылы Испаниядағы елшісі етіп тағайындалады.

1938 жылы шыққан кезекті өлеңдер жинағы Еуропадағы фашизмді қаралап, Гитлер басқыншылары қолынан қаза тапқан испаниялықтарға арналады.

Осы жылы оны Чилидің Франциядағы елшісі етіп ауыстырады, Екінші дүниежүзілік соғыс басталған кезде ол елінен, Бразилияға қоныс аударуға көмек сұрайды.

1945 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс бітіп, ел есін енді жиып жатқан уақытта Швед академиктері Габриэла Мистральды "Барлық Латын Америкасындағы адам мұратының символына айнала алғаны және шығармаларындағы шыншылдық сезімі үшін" әдебиет саласы бойынша "Нобель" сыйлығына лайық деп табады.

©tendencia.com

Мистраль Латын Америкасындағы ақын-жазушылары арасында "Нобель" сыйлығын алған алғашқы қаламгер ретінде тарихта қалды. 1946 жылы ол БҰҰ-ның адам құқықтарын қорғау қоғамында жұмыс істейді. Арада бір жыл өтіп, денсаулығына байланысты Нью-Йорктағы үйіне қайтады. 1954 жылы оған Чили университеті құрметті доктор атағын береді. Отанына оралған ол Президент сарайында баяндама жасайды. Ақынның сөзін тыңдауға 200 мың адам жиналады.

1954 жылы Цвейгтер жанұясы және жиенінің суицид жасауына байланысты өзінің соңғы кітабын шығарады. Ақын 1957 жылы қатерлі ісік ауруынан көз жұмды.

0
Рейтинг: +0

Фото: novostiliteratury.ru
Қосылған күні: 25 ақпан 2019, 13:09

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.