Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Проза / Анри Бергсонның философиясы

Анри Бергсонның философиясы

Анри Бергсонның философиясы

Анри Бергсон (Henri Bergson) 1859 жылы 18 қазанда Франция астанасы Парижде еврей отбасында туған. Бала кезінде Бергсондар отбасы Англияда бірнеше жыл тұрғандықтан ол ағылшын тіліне де жеттік болып өседі. Әкесі Мишель Бергсон Англияның бірнеше қаласында болып, ұлы Анри 9 жасқа толғанда отбасы қайтадан Парижге қоныс аударады.

Бергсон жастайынан әдебиетпен бірге математикаға да қатты қызығушылық танытқан. Бірақ өмірін философияға арнайды. Джон Стюарт Милл және Герберт Спенсерлердің философиялық көзқарастарын терең үйренеді. 1878 жылы әлемге әйгілі көптеген тұлғалар тәрбиелеген Париж жоғары қалыпты мектебіне (École normale supérieure) түседі. Дегенмен, математикаға ынтасын суытпайды. Әсіресе, позитивизм ойшылы Герберт Спенсердің еңбектерін зерттеп, ғылым мен математика салаларында өзіндік ізденістер жасайды. Университетте курстастары оны "атеист" деп атаған. Бірде кітап басқаруға жауапты Бергсон кітаптарды дұрыс жинамай оқытушының сынына ұшырайды. Оқытушы оған: "Бұл не масқара! Сенің кітап басқарушылық рухың қайда кеткен?" дейді ашуланып. Сонда студенттер: "Бергсонда рух жоқ қой!" деп шулаған екен. Үш жылдан кейін ол гуманитарлық ғылымдар магистрі атағын қорғайды және философия пәніне толымды оқытушы куәлігін алады. 

1881 жылы диплом алған Анри д'Анжер лицейінде сабақ бере бастайды да бір жылдан соң Блез Паскаль лицейіне ауысады. Анри Бергсон – ХХ ғасырдың бірінші жартысында француз философтарының ең беделдісі. Оның философиясы танымның нәтижелері теориялар, ұғымдармен шындық дүниесінің арасындағы алшақтыққа арналған. Бергсонның алдына қойған мақсаты таным теориясын өмір теориясымен толықтыру. "Өмір – нағыз алғашқы шындық. Өмір ұстатпайды, себебі адамның ойы дәрменсіз. Өмірдің мәніне тек интуицияның көмегімен жетеміз", – дейді. Интуицияны Бергсон интеллектке қарсы қояды. "Интеллект – өлі заттармен айналысады, рухқа емес, материяға бағынышты. Өмір үздіксіз ағын. Өмір кеңістікте өтпейді, уақытта өтеді. Дүниенің мәні – уақыт, бірақ бұл физикалық уақыттан өзгеше сапалы тірі уақыт", – дейді философ.

Интеллект және интуиция туралы ілімін Бергсон өзінің органикалық дүниенің эволюциясы концепциясында негіздейді. "Өмір – ғарыштық процесс. Өмірдің екпіні - творчестволық ағын болғандықтан адамның шығармашылығы арқылы іске асады. Өмірдің екпіні әлсірегенде өмір ыдырайды, яғни жансыз затқа айналады", – дейді. 

Анридің философиясын ХХ ғасырдың романтизмі деуге болады. Ол шешен, дәлелі көп болғандықтан дәрістерінде адамдарды бірден өзіне баурап алатын. 1889 жылы Бергсон алғашқы философиялық еңбегі "Сана туралы тікелей деректер тәжірибесі" (1910 жылы "Уақыт және еркін ерік" болып басылып шықты) монографиясы және онша көлемді болмаған латын тіліндегі Аристотель жайлы жазылған диссертациясы арқылы Париж университетінде докторлық атағын қорғайды. 

1898 жылы Париж қалыпты жоғары мектебіне оралып дәріс береді. 1900 жылы Франция ғылым академиясы Бергсонды философия профессоры етіп тағайындайды. Академияда ол Антикалық философия және Қазіргі заман философиясы мінберінде 20 жыл бойы дәріс өтеді. Оның ойы ұшқыр, тілі өткір әрі әсерлі, дәлел дәйегі мол болғандықтан тыңдаушыларды қатты баурайды. Бергсон 1900, 1904, 1911 жылдары өткен І, ІІ және ІV кезекті халықаралық философия құрылтайына қатысады. 

1900 жылы ол Сорбоннадан кейінгі ең атақты лицей Колледж-де Франста грек философиясы кафедрасына жетекші етіп тағайындалады. Сол жерде жүріп "Күлкі" (Le Rire) туралы ғылыми жұмысын жазып, күлкінің табиғатын қоғамдағы келеңсіз жағдайлармен байланыстыра отырып, ашып көрсетеді. Одан кейінгі "Метафизикаға кіріспе" (Introduction a la metaphysique 1903) деп аталатын шығармасында Бергсон адам дамуы үшін жаратылыстану ғылымдары мен философия қажет. Бірақ философия ғана мәңгілік деген пікірді алға тартады.

Бергсонның үшінші және шығармашылығының шыңы саналатын "Жасампаз эволюция" кітабы студенттерден бөлек академик, профессорлардың да назарын өзіне аудартады. Ол туралы америкалық философ Уильям Джеймс: "Тіпті оны аса ұнатпайтын консервативтік орталар да, жек көретін академиктер де Бергсон туралы әңгіме болғанда демдерін ішіне тартып отыратын болды. Ал студенттер оның ізінен қалмай шұбырып жүретін еді", – деп жазады.

Бергсон 1908 жылы Англияда Уильям Джеймспен кездеседі. Бергсонның іліміне тәнті болған Джеймс өз сабағына Бергсон философиясын қосып сөйлейді. Кейін Джеймс АҚШ-қа барған соң өз досына Бергсонның "Жасампаз эволюция" кітабын аудартып, өзі алғы сөз жазбақшы болады. Бірақ Джеймс 1910 жылы қайтыс болады. 1911 жылы Бергсон Уильям Джеймстің "Прагматизм" кітабына "Ақиқат және шындық" атты ұзақ алғы сөз жазады. 
 
ХХ ғасырдың бірінші жартысында қоғамға, зиялы қауымға Бергсон шығармаларының әскер еткені сондай барлығы сөзін де, ісін де Анри шығармаларынан алынған цитатамен бастайтындай дәрежеге жетті. Әдебиеттегі бірнеше авторға жол сілтеген тұлғаға айналды. Анри Бергсонның ойынша, адам айнала қоршаған материалдық дүниеге өзінің интеллекті (ақыл-ойы) арқылы бейімделді. Интеллект дегеніміз – ақыл-ой, зерде арқылы адамның дүниедегі құбылыстарды танып, білуі, ол өзінің ең биік шыңына жаратылыстану ғылымдары арқылы жетеді. Интеллект біртұтас дүниені заттарға, соңғыларды құрамдас бөлшектерге бөліп, содан кейін олардан дүниенің жасанды суреттерін тудырады. Интеллектінің қайнар көзі - адамның материалдық дүниедегі іс-әрекеттерін ұйымдастыру, олардың нәтижелілігін қамтамасыз ету. Бір сөзбен айтқанда Бергсонның философиялық көзқарастарының негізінде ерекше ағым пайда болмағанымен, ол XX ғасырдағы басқа философиялық ағымдарға өзінің зор әсерін тигізді. 
 

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде оның атағы тіпті аспандайды. 1914 жылы АҚШ-қа барып дәрістер оқиды. Францияда оны  1914 жылы  Этика және саясаттану институтының төрағасы және Франция ғылым академиясының академигі етіп тағайындайды.

1920 жылы Анри буын ауруына шалдығады. Науқастығына байланысты белсенділігін жоғалтып және соғыстан соң оның идеялары бұрынғыдай қоғам назарын өзіне аудармайтын еді. Бірақ сонда да 1927 жылы Анри Бергсонға "оның толысқан және өміршеңдік рухы тасқындаған идеяларына, озық бейнелеу өнері үшін" әдебиет саласындағы "Нобель" сыйлығы беріледі. Дәстүрлі философиядағы механикалық және детерминизмдік рационализмді батыл сынаған Бергсонның тіршілік философиясына Швед академиясы жоғары баға беріп, "Жасампаз эволюция" кітабы “бейне ғажайып өлең секілді көңілді тебірентетін, мағынасы сарқылмайтын және шабытқа қанат бітіретін космология, ол рационализм көлеңкесінен шығудың даңғыл жолын ашты... жаратымпаз күштің ғажайып құдіретін танытты, адамзат арманының шексіз кеңістігіне самғады, сана азаттығына орасан зор үлес қосты”, – деп есептеді. 

1940 жылы маусымда Гитлер Парижді жаулап алған соң, фашистерге берілуден бас тартқан ол қатты қасіретке шомып, денсаулығы күрт нашарлап, 1941 жылы 4 қаңтарда 82 жасында қайтыс болады.
 
Бергсон өз өмірінде көптеген кітаптар жазды. Олардың арасында ерекше танымалдары: "Уақыт және еркін ерік" (1889), "Материя және жады" (1896), "Күлкі: комиктің мәні" (1900), "Метафизикаға кіріспе" (1903),  "Жасампаз эволюция" (1907), "Рухани энергия" (1919), "Дін мен этиканың екі қайнары" (1932), "Жасампаз рух" (1934) сынды шығармалары. "Жасампаз эволюция" туындысы Бергсон шығармашылығының шыңы деуге болады. 
 
Бұл еңбектері арқылы ол тіршілікті дәріптеп, өміршеңдікті ұлықтады, интуициялық ішкі түйсікке мадақ айтты, материя мен зерденің рөлін төмендеткен иррационалдық өмір философиясы жүйесін жасады.
0
Рейтинг: +2

Фото: persons-info.com
Қосылған күні: 14 қыркүйек, 14:24
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.