Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Проза / Есенин телефон соққанда...

Есенин телефон соққанда...

Есенин телефон соққанда...

Телефонның алғашқы шырылы естілген кезде мен есікке кілтті енді тақай берген едім. Бұл мемлекеттік қызметте істейтіндердің үйге қайтар уақыты. Есік аузындағы кілтті қалай қарай бұрарымды білмей, дәліз бойында қауқылдаса қайтып бара жатқан «көршілеріме» (әріптестеріме) қарап тұрған қалпым. Бір ойым тезірек есікті құлыптап, үйге қайтуды қолдаса, екіншісі «бей уақытта хабарласып жатқан кім болды екен?» деп өзіме сұрақ қояды. «Жұмысы жоқ, іші пысып отырған оқырмандардың бірі. Басқа кім болсын?!» деп өз ойыма өзім жауап бергендей болдым да кілтті алға қарай «тық» еткіздім. Оны суырып болғанымша сумаң ойлар да сөз айтып үлгерді: «бәлкім, ол бір дөкей шығар. «Сендер ұлтқа аянбай еңбек етіп жатсыңдар. Соны елеп, ескеріп портал ұжымына кішігірім сыйақым бар еді» деуге оқталып тұрған мейірімді біреу болар»... Ал осыдан кейін аяғың аттап бассашы. Арада неше минөт өткенін қайдам, әйтеу, бір уақытта телефон тұтқасын ұстап тұр екенмін.

– Алло?

– Алло?

– Иә, тыңдап тұрмын.

– Тыңдап тұрсыз ба?

– Иә, айта беріңіз. (Жасы қырықтың ар жақ, бер жағындағы ер адам. Дауысы жағымды екен)

– Онда мен қуаныштымын.

– Не үшін?

– Мені тыңдап тұрғаныңыз үшін...

– Ааа... қызық екен.

– Ал сіз қуанбай тұрсыз ба?

– Мен неге қуанайын?

–Менің телефон соғып тұрғаныма.

–... ( осы сәтте жүйкем қоза бастады. «Ішіп алғаннан сау ма, өзі?..»)

–Үндемегеніңіздің өзі неткен әдемі еді...

–Үнсіздіктің сұлуы болушы ма ед?

–Менің көзіммен қарасаңыз, болады.

–Қандай шаруамен хабарласып тұрсыз?

–Мен бе?

–Әрине, сіз!

–Шаруа болғанда...мен өзі қай жаққа звондап тұрмын?

–Кімнің нөмірін тергеніңізді білмейсіз бе, сонда...

–Далада жауын жауып тұр екен. Сосын терезеден көшеге қарап отырып, біреумен тілдескім келді. Телефонды алдым да ойыма келген сандарды тере бастадым.

–Сіз «Ұлт» порталына қоңырау шалып тұрсыз.

–Ааа...оқып тұрамын.

–Басқа айтарыңыз бар ма?

–Қайда асықтыңыз?

–Ешқайда...

–Онда сөйлесе тұрайық. Ұлттың қамын ойлап жүрген жан екенсіз. Сізге айтарым көп...

–Жақсы, құлағым сізде.

–Бүгінгі қоғамның суретін сал десе, ақ түспен бояйсыз ба, әлде қара ма?

–Екеуімен де.

–Ж-о-о-қ. Бәрібір бір түс басым түседі.

–Сіздіңше қай түс басым?

–Қара.

 –Неге?

–Неге дерің бар ма?! Қоғам рухани ашқарақтанып барады. Кей әркеттерін көргенде адамға ұқсата алмаймын. Бәрі біріне-бірі ұқсайды: мақтансүйгіш, тойымсыз, еріншек. Кітап оқудан қалды. Кітап деймін-ау, сол кітапта қадір қалды ма, қазір? Кітаптан көп дүние жоқ. Оның бәрін ел «көркем шығарма» деп кітапхана сөресіне жайғастырады. Сонда әлгі жазғыштар «Мен –ақынмын! Тума талантпын!» деп шыға келеді. Әдебиетсүйер ағайын көп, талғам жоқ. Ой, заман-ай. Әттең, олар тым биікте.

–Кімдер?

–Тырнақшаның ішіндегі ақын-жазушылар.

–Көңіліңіз толмайды-ау, сірә.

–Төс қалтасына өлеңдерін салып, әр газет-жорналды жағалап жүрсе, кімге сүйкімі қалсын?!  

–Тырнақшаның сыртындағылар ше?

–Е-е-е, әр жерде біреуі жүр ғой. Кейде жұрт көптің арасынан асыл мен жасықты айыра алмай жатады. Ең қиыны сол.

–«Шын талантты тот баспайды» деуші еді...

–Талантты көкірек көзі бар адам ғана таниды. «Тот баспағаннан» бұрын оны ешкім тани алмаса, таланттың барынан жоғы... босқа кең дүниеге сыймай кете барады. Өкініш-күйігін арқалап...

– Әдебиет туралы көзқарасыңыз басқаша екен.

–Өзің сол ауылдан болған соң, көргің келмесе де көресің. Сезесің. Күйесің.

–Түсінбедім...

–Мені мына жалғанда кім түсінген?..

–«Меніңіз» кім?

–«Мен» деген – ақын!

–Бәсе... Мен танитын ақын ба екен?

–Сіз кімді танисыз?

–Өлісі бар, тірісі бар, біразын.

–Сергей!

–Қай Сергей?

–Қанша Сергей бар еді?

–Білмеймін ғой...

–Сергейлер көп. Ал Есенин – жалғыз!

–Не дейсіз? – Грубым дается радость.

                     Нежным дается печаль.

                     Мне ничего не надо,

                     Мне никого не жаль,

 – деген Есенинді айтасыз ба?

–Дәл өзі.

–Есениніңіз анау 1925 жылы қайтыс болмап па еді... Оның үстіне ол қазақша білмейтін. Бұл қалай сонда?

–Жауын тоқтады.

–Жо-ж-о-о-қ, тұра тұрыңыз.

–Сіз бағана бір жаққа асығып тұрған сияқты едіңіз. Жолыңызды бөгемейін. «До свиданья, друг мой, до свиданья».

–... Кездескенше, Есенин!

P.S.: Ымырт үйіріліп қалыпты. Есілдің сол жақ бетімен үйге қарай зытып келемін. Әлгіндегі «Есенин» ақынның беймезгіл соққан қоңырауы есімнен шығар емес. Расында, өзін «Есенинмін!» деп жүрген қай бейбақ екен? Қызық... Кім болса да, әйтеу, бір ақын. Мейлі. Бәлкім, тағы тілдесерміз. Өзі де «Ендігі жауынды күні қоңырау шалармын» демеп пе еді?! Хабарласып тұрыңыз, «Есенин» мырза!

...Осыдан кейін жұмыс телефоны шырылдай қалса, тұра жүгіретін болыппын.

Маржан Әбіш

Дереккөз: ult.kz

422 1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: https://ria.ru
Қосылған күні: 12 тамыз, 17:31
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...