Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Проза / Ұршықша иірілген Күлпәш кім?

Ұршықша иірілген Күлпәш кім?

Ұршықша иірілген Күлпәш кім?

Күлпәш-юморлық әрі реалистік образ. Автордың айтуы бойынша, «шешесінің замандасы».  «Табиғатынан қыдырмашы адам, жұрттың күңкілін, қыржың-тыржың теріс қабағын қаперіне алмайтын, салдырлап әңгімесін айтып, алды-артына қарамай асай беретін» ерекше шынайы ауыл адамы. Күлпәш – өте қарапайым кейіпкер, ешкімге ұқсамайтын, есте оңай сақталатын әйел. Сумақайлығы, ауыл арасын бір-біріне айдап салатын өсек-аяңы жоқ әйел. Иіретіні – ұршық. Ұршықты жанынан тастамайды. Түнде басына жастанып ұйықтайды. Түтіні шыққан үйді аңдып, ыстық тамағының үстінен шығатын әдеті де бар. «Жүр ғой, әйтеуір, жеті күн жерден, жеті күн елден жеп» дейтін шешемнің бұл сөзі зілсіз, ешбір кек, жаулық тілемей айтарын білемін». Бірақ бір емес, екі емес, үнемі тамаққа ортақ бола беретін, оның үстіне өзі ас беріп отырғандай, "Жесеңдерші" деп өз асын өзіне тықпалайтын Күлпәшті ауылдың көбі жақтырмайтын. Әйтсе де, түк көрмеген деп айтпасын дегендей, ешбірі оның бетіне келмейді. Күлпәш – ақкөңіл жан. Ішіне пікір сақтамайды. Өз жағдайын ешкім сұрамаса да жайып салады. Ол осындай ашық мінезімен өзгелерден ерекшеленеді.

Шығармадағы негізгі  символдық бейне – ұршық. Ұршық – жүннен шүйкелеп жіп иіруге арналған жеңіл аспап. Қазақта «ұршықша» деген ерекше сөз қолданысы бар. Бұл ұршық тәрізді шыр айнала деген мағынаны білдіреді. Күлпәштің ұршықша иірілуі – «зыр жүгіріп кетер еді, үйіне қарай құстай ұшып, безіп бара жатқан (үйден шығарда сүт алғанға дейін белі айналып, аяғын әрең қозғайтын), қолтығына қысқан олжасын зыр жүгіріп апарып тастап, сүйектен жонып істеген ұршығын алып, құстай ұшып қайтып келе жатқан, етті асып жеп алған соң ұршығын сұратып жіберген» деген қолданыстармен берілген. Бұл жерде ұршық-жеңіл, ойсыз, бірақ ақкөңіл жанның мінезінің бейнесі. Оны зыр айналдыратын – ішкен-жегенін біреуден олжалау әдеті. Екінші жағынан ұршық — зыр айналған өмір және түрлі жағдайда түрліше сөз сөйлейтін бір типтегі адамдардың құйтырқы мінезі.

Оралхан Бөкейдің «Күлпәштің ұршығы»  – суреткерлік шеберлігін жаңа бір қырынан танытатын қызықты сюжетке құрылған шығарма. Қолында ұршық, өзі ұршықша иірілген Күлпәштің юморлық образы арқылы жазушы қоғамда белең алып бара жатқан өтірік көлгірсу мен жағымпаз мінездің аулынан шалғайлатып, жасанды әрекеттерсіз қарапайым тірлік кешкен ауыл адамының ұлттық болмысымен жақындаса түсіруді мақсат тұтқандай. 

208 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: http://juldyz.kz
Қосылған күні: 15 шілде, 13:40
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...