Жазушы шеберлігі: Джек Керуактан 11 кеңес

Жазушы шеберлігі: Джек Керуактан 11 кеңес
Фото: vk.com

Джек Керуак – әдебиет әлемін жаңғыртқан жазулыардың бірі. Оның «Дхарма кезбелері», «Биг-Сур» және «Жолда» романдарынан бит-поэзия мен джаздың лебі еседі. Оның өзінен кейінгі шығармашылық адамдарына берген әсері орасан зор болды. Әлі күнге дейін солай.

Керуактың осындай жетістікке жетуінің құпиясын сұрайтындар да аз емес еді. Автордың соларға арнап жазған «Жазушылық ережелері» де бар. Олардың көпшілігі сізге біртүрлі көрінуі әбден мүмкін, бірақ, бұл кеңестер Керуактың болмысын береді:

1. Құпия шимай сызбаларды өзіңіз ләззат алу үшін жазыңыз.

2. Алдыңызда жолыққанның бәріне ашық болыңыз. Әр нәрсеге құлақ түріңіз.

3. Ащы суды өз үйіңіздің шекарасынан өзге жерде ішпеңіз.

4. Өз өміріңізді сүйіңіз.

5. Өз сезіміңізді жеткізудің қалыбы әрқашан табылады.

6. Ессіз болыңыз.

7. Жүрегіңіздің шыңырау тереңіндегі дүниені жазыңыз

8. Әдеби, грамматикалық және лексикалық ережелерге бағынбаңыз.

9. Шын болған оқиғаны ішкі монолог арқылы жеткізіңіз.

10. Қуана жазыңыз.

11. Сөздерге қатты көңіл бөлмеңіз. Маңыздысы – жалпы картина.

А. Оралқызы