Мейірімділік пен Зұлымдықтың күресі жайлы 10 кітап

Мейірімділік пен Зұлымдықтың күресі жайлы 10 кітап
Фото: vk.com, favim.com

Жақсылық пен жамандықтың қатар жүретіні секілді мейірімділік пен зұлымдық та бірге өмір сүреді. Адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі – мейірім. Алайда адам баласының бәрі мейірімді ме? Неліктен осы дүние қатыгездік пен зұлымдыққа толы? Осындай сұрақтарды бір сәт өзіңізге қоя қалған жағдайда аз-кем ойланып қалатыныңыз шындық. Бұл дүниеде ақ пен қараның бітіспес айқасы іспетті мейірімділік пен зұлымдықтың мәңгі күресі үздіксіз жүріп жатады. Қайсысы жеңіске жетеді? Ол туралы жақсылап толғанып көріңіз. Осы қасиеттердің күресі жайлы жазылған әлем классиктерінің туындыларына зер салып көрелік. 

Джеймс Хедли Чейз «Барлық әлем – қалтамда» («Весь мир в кармане»)
Фрэнк Морганның жеңіл ақшаға деген махаббатын түрме жоя алмады. Бұл жолы ұры ғылыми мекеменің қызметкерлерін жалақысыз қалдыруды жоспарлады. Енді, міне, ол өзінің ең сенімді көмекшілерімен ішінде көп ақша сақталған көліктің «апатын» ойластырды...

Сергей Лукьяненко, Владимир Васильев «Күндізгі Барлаушы» («Дневной дозор»)
Сіз Түнгі Барлаушының тарихын білесіз. Ал енді Күндізгі Барлаушының тарихын тыңдаңыз. Қарғыс пен лағынетке ұшырағандардың не айтатынына құлақ түріңіз. Бәлкім, сол кезде Мейірімділік пен Зұлымдықтың мәңгі бітпес айқасы жайдан жай болмайтынын ұғарсыз...

Михаил Булгаков «Шебер және Маргарита» («Мастер и Маргарита»)
Жазушының ең танымал шығармасы – «Шебер және Маргарита» кітабы. Михаил Булгаков бұл шығарманы жазу үшін он бір жылын сарп еткен. Ол өмірінің соңына дейін осы шығармасына әр түрлі өзгеріс пен толықтыру енгізіп отырған. Бірақ аталған шығарма отыз жылдан соң ғана жарыққа шығады. Роман Ресей театрларында бірнеше рет сахналанып, көптеген кинофильмдерге негіз болған.

Грэм Грин  «Тәтемен саяхат»  («Путешествия с тетушкой»)
«Тәтемен саяхат» – жасы келгеніне қарамастан, арзан дүниеге құмар, өте көңілді, жеңілтек әйелдің өмір айнасы. Әңгімені баяндап отырған бұрынғы банк басшысы Генри Пуллинг үшін өгей анасының әпкесі Августа тәтемен кездесу – оның бұрынғы тыныш, бірқалыпты өмірінің аяқталғаны. Автордың айтуы бойынша, бұл «шынайы» махаббат  күлкілі сәттер мен әжуаға толы. Грэм Грин өз оқырмандарына жаңа, белгісіз жағынан көрінеді.

Патриция Хайсмит «Талантты Рипли мырза» («Талантливый мистер Рипли»)
«Талантты Рипли мырза» – Патриция Хайсмиттің әйгілі романдарының бірі. Том Репли кедей, ешбір қолдаушы ағайыны жоқ, ар-ұят пен парасаттан жұрдай, асқан алаяқ. Патриция Хайсмит өз кейіпкерінің жан дүниесінің тереңіне бойлай отырып, тартымды желі жасайды. Басты мақсат – адам қылмыс жасауға әрекеттенгенде не сезеді деген сұраққа жауап іздеу. Роман АҚШ-тың детектив жанрында қалам тербейтін жазушылар мекемесі ұсынған Эдгар По жүлдесіне лайық болды және ол бірнеше мәрте экранға шықты.

Патрик Зюскинд «Қозының үнсіздігі» («Молчание ягнят»)
Біз бәріміз ақымақпыз әлде бізді қоршаған әлем ақылынан алжасқан ба? Дәрігер Ганнибал Лектер – тамаша психиатр, алайда, ол  темір тордың ар жағында отырған кезде ғана, әлем өзін қауіпсіз сезіне алады. Дәрігер Лектер – қылмыскер. Клэрис Стерлинг – ФБР академиясының курсанты. Оның барлық іс-әрекеті басқалардың қайғысын өз қайғысындай сезінетінінен көрінеді. Тағдыр қаһармандарды Буффало Билла атты қауіпті қылмыскерді қолға түсіру жолында біріктіреді.

Патрик Зюскинд «Парфюмер. Бір қылмыскердің тарихы» («Парфюмер. История одного убийцы»)
Патрик Зюскиндтің таңғажайып, жұмбақ «Әтірі» 1985 жылы Швейцарияда жасалады. Бүгінгі таңда бұл роман Ремарк уақытында неміс тілінде жазылған ең танымал шығармалар қатарынан орын алады. 12 миллион тиражбен басылып шығып, латын тілін қосқанда әлемнің 42 тіліне аударылған. Ақыр соңы Том Тыквердің режиссерлік етуімен 2006 жылы экрандалды.

Брэм Стокер «Дракула» («Дракула»)
Сіз өте таңғаларлық оқиғалардың куәсі болуға дайынсыз ба? Зұлымдықпен бетпе-бет кездесуге батылдығыңыз жете ме? Олай болса Ван Хельсинк профессорға және оның қансорғыштарды ұстайтын командасына қосылып зұлым граф Дракуланы іздеуге аттаныңыз. 

Джон Фаулз «Коллекция жинаушы» («Коллекционер»)
«Коллекция жинаушы» – Джон Фаулздың ең атақты романдарының бірі, бірақ халық арасында таралуы жағынан «Волхв» және «Червьтен» кейінгі сатыда. Алайда, жанға жайлы, ойландыратын, Уильям Голдингтің прозасымен іштей үндесетін бұл туынды Фаулздың философиялық концепциясын бізге толықтай көрсетеді.

Марио Пьюзо  «Кіндік әке» («Крёстный отец»)
Марио Пьюзоның америкалық әдебиет шыңына шыққан бұл романы 1969 жылы жарияланады. Бұл өте керемет жетістік және уақыттың өзі көрсеткендей дон Вито Корлеон тобы туралы дастан әлі күнге дейін мафиялар туралы үздік туынды қатарынан түспеді. Майкл профессор болуға талпынғанмен, жағдайдың солай болуына байланысты марқұм әкесінен қалған мұраға ие боп қалды. Білімді, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде өзінің батырлығын көрсете білген ол қылмыскерлер қауымдастығының құдіретті басшысына айналады.

Ж. Жұмағұлов