Фильмнен бұрын оқылуы тиіс кітаптар

Фильмнен бұрын оқылуы тиіс кітаптар
Фото: boredpanda.com

Осы жылы кино әлемінде таңғаларлық туындылар жарық көреді дейді сарапшылар. Бірақ, экрандалған шығармалардың әдебиеттің алдын орап кете алмайтыны белгілі. Сол себептен сіздерге фильмнен бұрын оқылуы тиіс кітаптардың тізімін алдымен түпнұсқасымен танысып, кейін фильмін көріп салыстырады деген мақсатпен ұсынып отырмыз. 

"Таңдау"

Николос Спаркстың сүйікті оқырмандарына таңы да бір қуанышты жаңалық. Оның "Таңдау" ("Выбор") атты романының желісімен фильм түсірілген. Бірақ қалың көрермен қауымға қай уақытта жол тартатыны белгісіз. 

Рөлдерде: Тереза Палмер, Александра Даддарио, Бенджамин Уокер, Том Уэллинг.

Тревис Паркер есімді бойдақ жігіт жалғыздықта жүріп ет үйренген. Оның жұмысы, көңілді достары бар. Ал махаббатқа келгенде ешқандай қиындықтың болмауын қалайды. Жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүргісі келеді. Бірақ Габи есімді тұйық қызды кездестірген соң, Тревистің өмірі 180 градусқа өзгеріп кетеді.

"Сенімен кездескенге дейін"

Джоджо Мойеc есімді аты шулы жазушының "Сенімен кездескенге дейін" ("До встречи с тобой") романының желісімен түсірілген фильм шілде айында көрерменге жол тартпақ.

Рөлдерде: Эмилия Кларк, Сэм Клафлин, Мэттью Льюис.

Шығарманың басты кейіпкері Лу Кларк жақын күндері сүйікті жұмысынан айырылатынынан бейхабар. Алдағы уақытта оны көптеген дау күтіп тұрады. Уилл Трейнор өзін қағып кеткен мотоциклшінің өмір сүруге деген бар ынтасын жұлып әкеткенін біледі. Бірақ екі кейіпкердің тағдыры бір арнаға қосылатынын екеуі де білмейді. Қос тағдыр жарыса аққан арна бір-ақ күнде...

"Алиса айна артында"

Льюис Кэрролл Алисаның ғажайыпстанға саяхаты туралы әдемі ертегі жазып кеткен. Бұл жолы сол шығарманың жалғасы фильм ретінде осы жылы мамыр айында жарық көрмек.

Рөлдерде: Миа Васиковска, Джонни Депп, Энн Хэтэуэй, Хелена Бонэм Картер.

Алиса ғажайыптар әлемін қайта оралып, Ессіз Қалпақшыны құтқаруға келеді. Кішкентай Алиса Ессіз Қалпақшыны Уақыт және Қызық Патшайым есімді кейіпкерлердің қақпанынан құтқарғысы келеді.

"Үлкен әрі мейірімді дәу"

Даль Роальд есміді балалар жазушысының Софи есімді кішкентай қыз бен ғажайыптар елінен келген дәудің оқиғалары баяндалатын "Үлкен әрі мейірімді дәу" маусым айында фильм ретінде жарық көреді. 

Рөлдерде: Билл Хейдер, Джемейн Клемент, Руби Барнхилл, Ребекка Холл.

Түнде Софи терезеге қарап отырып, алып дәуді көріп қалады, қызды да байқап қалған дәу оны өзімен бірге ертегілер еліне алып кетеді. Дәу ертегілер еліндегі ең мейірімдісі болған екен. Оның басты қызметі балаларға тәтті түс сыйлап, олардың көңілін көтеру.

Г. Берік