25 мамыр. Соңғы қоңырауға арналған сценарий

25 мамыр. Соңғы қоңырауға арналған сценарий

І жүргізуші:

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Армысыздар, жиналған ата-ана, ұстаз

Той жиынсыз өмірдің мәні болмас.

Арамыздан талпынып қақты қанат,

11 жылда оң солын таныған жас.

Бастайтын жолға сан тарап,

Басталсын көне салтанат.

Дәл осы сәтті біздермен,

Тойлайды бар ел шартарап.

ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Алда жайдары, жақын жаз, көңілді демалыс, тынымсыз еңбек тоқсаны. Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен, түлектермен қоштасу мерекесімен, соңғы қоңырау салтанатымен құттықтаймыз!

І жүргізуші:

Алдарында сан тарау жолдары тұр,

Бәрі ертең азамат болғалы тұр

Үлкен өмір есігін ашпақ, міне,

Келген қауым, қол соғып, қолдайық бір.

Ұрпағың мақтануға болса лайық,

Біз бүгін мақтанайық, жар салайық.

Биылғы түлектерді ортаға алып,

Құрметпен қол соғып қарсы алайық.

(«Айнала» әуенімен түлектер келеді)

ІІ жүргізуші:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына тік тұрыңдар! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкелінсін!

(Әнұран орындалады, оқушылар қосылады, құттықтау, жетістіктер, жас түлекке тілек, 1 сыныпқа тілек)

(Мақтау қағазы, марапаттау кезінде фанфар ойнау керек. Осыдан кейін бүлдіршіндер өнерін көрсетеді.)

І жүргізуші:

Абзал жандар, биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.

Қуанышты жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды бірінші сынып баршаңды.

ІІ жүргізуші:

Жүректері лүпіл қаққан, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан, осынау сәтте шәкірттіктің соңғы қадамында тұрған жас түлек, ендігі сөзді сендерге береміз.

(Түлектер «Мектебім» әніне вальс билейді).

1-оқушы: Құралай, өмірді ұзақ жолға теңер болсақ, балалық шағымыз сол жолдың алғашқы аялдамалары сияқты.

2-оқушы: Маған да солай секілді. Алғашқы қоңырау, алғашқы ұстаз, орта буындағы тентек кездеріміз, жоғары сынып оқушысы атанып, кішкентайларға үлгі болғымыз келгені, ҰБТ-ға бірге дайындалатын күндеріміз барлығы да өмірдің әр аялдамасы секілді көз алдымнан өтеді.

Мектептің алғашқы аялдамасы. (1 сынып оқушылары оқиды)

1-оқушы:

Он жыл бойы оқыған,

Ойға білім тоқыған.

Апалар мен ағалар!

Орындалсын ойыңыз

Құтты болсын тойыңыз!

2-оқушы:

Сабақ оқып әр апта,

Жазу жазып параққа.

Сіздердей білім аламыз,

Күнде келіп сабаққа.

(«Ұстазым» әні орындалады).

Мектептің екінші аялдамасы. (4 сынып оқушысы оқиды).

1-оқушы:

Талай сыннан өтіңіз,

Кәмелетке жеттіңіз.

Қыран болып ұштыңыз,

ЖОО-на барып түсіңіз.

2-оқушы:

Еңбекте көп қуаныш

Елде талай болар іс.

Кемелденген маман боп,

Келіңіздер аман боп.

3-оқушы:

Мерейлі боп күніңіз,

Мектепке кеп тұрыңыз.

Сағынамыз күн сайын,

Кездесейік жыл сайын.

Мектептің үшінші аялдамасы. (9 сынып оқушысы оқиды)

1-оқушы:

Арман қуған, алаулаған жүректері,

Мақсаты да мұраты бір тілектері.

Жас қырандай қанат қағар қияға алыс,

Жолың болсын, мектептің жас түлектері!

2-оқушы:

Күтсін дейміз алдыңнан күліп бағың,

Жарқырап арайланып атсын таңың.

Өмірдің торабы көп, адаспаса тек

Шыдай біл салғанына сынбай сағың.

Барлығы бірге: Бүгінгі жас түлектің әрқашан жолы болсын!

«Сыңғырла, соңғы қоңырау» әні орындалады.

Мектептің төртінші аялдамасы. (11 сынып оқушылары оқиды)

1-оқушы:

Балалықпен қоштасар уақыт жетті,

Біз ер жеттік күн санап тұлғаланып.

Он бір жыл он минуттай өтіп кетті,

Уақыт түгіл, жылдар да жылғаланып.

Алғыс айтса ұстазға күллі атырап,

Ұлың бар ма ақылын таразы етпес?

Ұстазына шәкірті қымбаттырақ

Ұстаның бұйымындай баға жетпес.

Ұстаздар бөленсе екен жиі нұрға,

Білім атты алқаптың жиған дәнін.

2-оқушы:

Шарықтап биік қиялым

Шаттанып шексіз сый алдым

Анадай ұстаз мектебім,

Алғысым айтар көп менің.

3-оқушы:

Балапандай бауыр басқан ұяда

Бірге өскен мектебін жан қия ма?

Жолдама алып болашаққа өзіңнен,

Білім іздеп самғаймыз әр қияға.

3-оқушы:

Бірге жүрдік бірге біздер ойнадық,

Бірге оқыдық 11 жыл бірге ойладық.

Келді бүгін қоштасатын кезіміз

Қимастықпен мектеп тойын тойладық.

«Ұстазым» әні орындалады. («Білім» кілтін тапсыру жән «Білім» кілтін қабылдау салтанаты өтеді)

4-оқушы:

Сыныпты келдің басқарып,

Көрмедің ойлап бас қамын.

Шәкірттер жатыр ұшқалы,

Өмір дегенің қас-қағым.

5-оқушы:

Еңбегің жанып күні ертең,

Көрінсін арман асқары.

Бірге өткізген күндерін қысы-жазы.

Жазып шықты қаншама іс-қағазын.

Балапанынан ұшырған ұясынан

Сөз берейік жетекші ұстазыма.

(Жетекші құттықтау лебізін білдіреді. Гүл шоғы мен сыйлықтар беріледі).

Осыдан кейін түлектер «Қош бол, мектебім» әнін орындап, сынып жетекшісі алдарынан шығып, оқушыларына шар үлестіреді, оқушылар бірге шарды аспанға ұшырады.

І жүргізуші: Құрметті түлектер! Көгершіндей қанаттарың талмай, биікке самғап ұша беріңдер! Нағыз жүрек тебірентерлік сәт те келіп жетті. 11 жыл бойы әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні бітірушілер үшін соңғы рет соғылмақ.

ІІ жүргізуші:«Сәт сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз. Ұлттық бірыңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!

(Қол шапалақтап, әнмен түлектерді шығарып салу).

І жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына тік тұрыңдар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы әкетілсін!

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: azattyq.org, zhuldyz.kz,oksh.kz