Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Жұмысқа кел, жас маман!
Жұмысқа кел, жас маман!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Проза / Бадам (әңгіме)

Бадам (әңгіме)

Бадам (әңгіме)

- Апа-ау?

- Оу, құлыным! Қалаусың ба? !

- Иә.

- Ағаң (әкемді солай атайтынмын) ауырып шипаханада жатыр. Қазір жақсы...

Телефон жабылды.

Көңілсіздік қара түнге жалғасты. Уайым мен сағыныш талықтырып ұйқыға сүйреді.

 ...ауламыздағы ағаштардың арасында түскі тынымда босап қалып, босағада тұрған қос балдақ әңгімеге тартады.

- Кешіріңдер, рақмет сендерге!

Қос балдақ табалай күлді.

Адамзат баласы басына көтерген опалылық, ата-анаға борыш деген жаттанды сөздің күлі көкке ұшты. Менен гөрі әкеме сүйеніш болған қос балдақтың алдына өн-бойымда жан қалмай тізерлей құладым. Сол мезетте құласам да Ақжолдың ақ топырағын құшамын деп ойлағам. Бірақ менің маңдайымның тигені тас еден болды...

Түсімнен шошып ояндым...

Бала кезден қалған ең ыстық елес... Ауруы асқына бастаған әкем әр күні кешқұрым қасына мені ертіп, үйден егістікке дейін екі-үш шақырым жерге велосипед мінеді. Тірлік үшін күрес, машық. Әр күні құлдыраңдап еремін де жүремін. Әкемнің алдына қарағанынан, артына жалтақтағаны көп.

Кешкі ауылдың таза ауасында бар күшіммен әкемді қуып жетіп, озуға талпынамын. Жүгіріп келе жатам, байқап келе жатам, бір аяғын үзеңгі төмен түскенде жетіңкіремегесін бос тастайды да, қайта көтерілгенде іліп ала қояды. Осы бір жеңіл де ритімді қозғалыс сан қайталанатын. Момын да мейірлі самал сүмек тер болған маңдайымды сипалайды. Бейне әкемнің қолы секілді...

Оқушылар тарайтын мезгілге таяған сайын әр күні апамның арқасында көшеге екі-үш рет шығамын. Менің күтетінім Құлжадан келер ағамның тәтті-тәмелегі немесе киім-кешек. Басқаларға ештеңе әкелмесе де, кенжеге базарлық бар екеніне көзім жетеді. Ал апамның сағынышы мен алаңы басым болатынын өзім оқығанда бір-ақ түсіндім. 

Ағам да келді. Кешкі астан соң ол да шағын дүкенімізді күзетуге арналған бір бөлмелі үйге - нағашы ағам мен үлкен ағамның жанына жатуы тиіс. Өмірі апамның қойнынан ажырап көрмесем де, базарлық пен балалық сағыныштың итермелеуімен алғаш рет ерлікпен: «Ағамның қойнына жатамын!», - дедім.

- Қорықпайсың ба?

- Қорықпаймын.

- Рас қой?

- Рас.

«Олар үш жігт қой, қорықпаспын» – өз ойым.

Ағам мені құшақтап баспалдақ үстіне қойып, арқасына көтермек болды. Іле қалтасынан бір юань шығарып берді де, бетімнен сүйді. Сол сәтте маған сүйгені ғана емес, қайта бір юань тіпті де мол сыйлық болып сезілген. Бірақ ағамның содан кейін бетімнен сүйгені есімде жоқ (әлгі бір юаньға ертесі асық сатып алып, ұттырып жібердім).

Үш жігіт әңгімеге кірісті. Бар ойым – олардан бұрынырақ ұйықтап қалу. Сонда ғана қорықпаймын ғой. Бірақ олар менен бұрын ұйқыға кетті. Кіп-кішкентай жүрегім кеудеме симай дүрс-дүрс етеді! Сол дүрсілдің өзі үрейлендіріп, ұйқыға жібермейді. Қараңғыдан қайдағы бір қол келіп сүйреп әкетердей... Біреу бақырайып қарап тұрғандай... Кенет үй сыртынан сытырлаған дыбыс естілді.

- Апа-ау!

- Ау, құлыным! Ұйықтай алмай қойдың ба?

- Иә.

- Мен де!

Атып тұрып, есікті тырмалап ілгекті тауып, апамның арқасына асыла кеттім.

...толық ортада, бұйра бас Мұрат әңгіме үстінде: «Осы мен ана жайлы өлең жазғанда «жүзін әжім жапқан, тірлік таңбасы, шашын қырау шалған...» деген сөздермен аналарды қартайтып суреттегенді қатты жек көремін. Меніңше, аналар біздің жүректе жас та өміршең, қуат сыйлаған қалпында қалуы керек», - деді. «Е...», - дей салдым.

Ауылда апам әр жолы нан жапқанда тонар басына ағаш отынды жинап алып, бырт-бырт сындырып тонар қыздыратын. Сосын: «Қалау, нан әкел!», - дейтін. Зыр жүгірем. Апамның қайратына сүйсінем, таң қалам!

Жақында әкем мен апам Құлжаға келген. Құданың немересіне жас ұзақ болсын айтпақ болып. Таксимен тарттық. Қабат үйдің астына келгенде салқындау жерде тұрып, таяғына сүйеніп баяу келе жатқан әкемді күттік. Апам қалтасынан бір бадамды алып тісіне ары салып, бері салып шаға алмады.

- Әкел, апа, мен шағып берейін.

Бадамды өте қатты деп ойладым ба, қатты тістеп қалдым, жұп-жұмсақ! Тісім тісіме сақ ете қалды. Жүрегім езіліп кетті. Бадам дәнін ақырын алып, апама ұсындым.

Әкем балдағына сүйеніп таяп қалды. Қаланың қапырық, ыстық желі соқты. Сонда да қатты тоңып тұрдым.

Автордың тағы бір әңгімесі: Дос

Авторы: Хамит Нұрбазарұлы

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: wordpress.com

2292 1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 12 наурыз 2014, 10:36
Пікірлер
+0
12 наурыз 2014, 17:27

Жақсы әңгіме, ұнады

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...