Талғам

Талғам

Измайл Бея(АҚШ)

Ымырт үйрілген шақ, отты қоралай ұйып ертегі тыңдап отырмыз, көк жүзінде жыпырлаған жұлдыздарға телміреміз. Түн құшағында балалардың жүзын ашық оттың алауы қып-қызыл қып албыратып жіберген, кекшіл түтін шүйкеленіп кеңістікке көтеріліп жатыр. Досымның атасы Зисе атай сол кеш бізге көп ертегі айтып берді, ал, соңғы ертегісін айтарға келгенде: "Бұл аса мәнді ертегі", - деп қайта-қайта дәріптеді. Сосын тамағын кенеп алып бастап кетті...

Бұрынғы заманда бір аңшы орманға маймыл атуға барыпты. Көп өтпей тапалтақ ағаштың бұтағында жайланып отырған маймылды көріпті. Қанша жақындаса да маймыл оны елей қоймапты. Аңшы ұрымтал жерге келіп ағашқа тасаланып тұрып, маймылды нысанаға алыпты. Шүріппені енді баса бергенде маймыл: «Мені атсаң шешең өледі, қоя берсең әкең өледі», - депті де, баяғысынша әлденені шұқылап, кеміріп, әлсін-әлін басын қасынып, қарнын сипалап қойып отыра беріпті.

«Егер сен сол аңшы болған болсаң қайтер едің?» деп сауал тастады Зисе атай.

Қыстақтағы балалардың құлағын бұл ертегі жылдай қылатын. Ертегіні ылғи қыстақтағы үлкендер айтатын, қашанда соңына келгенде, балалардың әке-шешесінің көзінше осы бір шиесі шешілмейтін сауалды тастайтын. Ертегіні тыңдаған балалардың бір бастан жауап беруі талап етілгенімен, әке-шешелері қасында отырғандықтан ежелден бірде-біреуі жауап қайтара алмайтын. Ертегішінің өзі де жауабын жария етпейтін. Жауап беру кезегі маған келген сайын, қашан да ертегішіге: «Әбден ойланып-толғанып алайын», - дейтінмін, әрине, бұл жауабым көңіл көншітерлік емес еді. Ертегі ақырласқан соң, 6-дан 12 жас аралығындағы балалар топтық талқылап, әке-шешеміздің қай-қайсысын да өлімге жіберместей әлде нешелеген ұтымды жауап әзірлеуге тырысатынбыз. Әйткенмен, бұл сауалдың ыңғайлы жауабы жоқ еді. Маймылды қоя берсең де, қоя бермесең де әйтеуір біреуі жанынан жұда болады. Сол күні кеште біз бір жауапқа тұрақтап едік, бірақ табанда терістелді. Зисе атайға: «Мүбада, арамыздан біреуіміз аңшы болып шыға қалсақ әсте маймыл атуға бармаймыз, бұғы секілді өзгеде ауларлық аң көп қой» деген жауапты бердік.

"Бүл жауаптарың жарамайды, - деді Зисе атай, - Сен бір аңшы салауатында маймылды қарауылға алып, мылтық кезеп отыр деп жорамалдап отырмыз, тезден бір ұйғарымға келуің қажет." Сөйткен ол қолындағы азығын екі жарып, жымиды да жартысын аузына салды.

Бұл сауалға мен шынын қуғанда 7 жастағы кезімде-ақ өзімше орынды жауап тапқан болатынмын. Бірақ шешемнің жүрегін жаралап аламын ба деп ешкімнің талқысына салып көрмедім. Сондағы жауабым мынау еді: «Егер мен аңшы болсам, ана маймылды сұлатып салған болар едім, сөйткенде ол ендігәрі өзге аңшыларды дағдарысты күйге түсіре алмайтын болады».

Аударған: Әбдіғазы Зақанұлы

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: abc.net.au 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Коронавирустың ұзаққа созылған ағымы
Коронавирустың ұзаққа созылған ағымы
Мариана шұңғымасына қатысты қызық деректер
Мариана шұңғымасына қатысты қызық деректер
Гаэтале – жер бетіндегі ең тұзды көл
Гаэтале – жер бетіндегі ең тұзды көл
Сингапурда саламатты өмір салтын ұстайтындарға ақы төленеді
Сингапурда саламатты өмір салтын ұстайтындарға ақы төленеді
ER-BATYR жобасында Рауан Кенжехан қашықтан оқыту және азаматтық позиция туралы айтады
ER-BATYR жобасында Рауан Кенжехан қашықтан оқыту және азаматтық позиция туралы айтады
"Алматы жартылай марафоны - 2020" онлайн форматта өтеді
"Алматы жартылай марафоны - 2020" онлайн форматта өтеді