Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Проза / Құрбан (Әңгіме)

Құрбан (Әңгіме)

Құрбан (Әңгіме)

Жас жазушы Арман Әлменбеттің бұл әңгімесі заманның шынайы болмыс-бітімін барынша, әрі бедерлі аша білген. Қысқа ғана жазылған шығарманың оқырман қауымға берері көп.

 Құрбан

(Әңгіме)

Кісі көлеңкесі бойына теңесті. Күннің ыстығы қайтар емес. Әр жерден бұратылып өскен сексеуілі ғана бар қу даланы өртеп жіберуге бел буғандай. Құм жамылып жатқан жарықтық жер де бітіспес майданға біржола кіріскен сияқты – сазарып алыпты.
Осынау иен дала бұрнағы тіршілікке қажетсіз саналып келіпті. Енді кейінгі техниканың дамыған заманында бұл төңірек асты қазынаға толы, үсті не істесең де ешкім білмейтін, аспаны ғарышқа сусып шығып кетуге таптырмайтын, айналып келгенде қисапсыз байлық пен шексіз билікке қол жеткізер құтты мекен екені анықталды. Содан бастап әр жерде жариясы бар, құпиясы бар өндіріс, кен орындары, сынақ алаңдары, ғарыш айлақтары қаптады да кетті. Өне бойын тілгілеп, тас жолдар салып тастаған. Одақ тарап, орыстан береке кеткелі бұл жолдармен сүліктей қара, дүңкиген «джиптер» өтіп жатады. Ішінде көзі сығырайған кәріс немесе жирен шашты ағылшын. Көбіне кәріс. Сосын сүліктей қара болмаса да дүңкиген, гүрілдеген автобустар өтеді. Іші толған қара көзді қазақ. Көздері ғана емес, өздері де қара. Күнге күйіп қақталған, шойын қара. Азапты да ауыр жұмысты істейтін жұмыскерлер.
Сол жұмыскерлер он бес күндік жұмыстары бітіп, үйлеріне қайтып бара жатқанда алдамшы айлықтарын тойлауға жиналатын жерлер бар. Жол бойындағы қонақ үйі, дәмханасы бар бұндай орындарды жергілікті халық жолсая дейді.
Солардың бірі – «Алуа» жолсаясы. Солғын қызыл түске боялған сырты алыстан күн көзімен шағылысып, өзіне тартып-ақ тұр. Сыртым – осы, енді ішімді көр дегендей. Есік алдында көлеңкеде төңкерілген шелектің үстінде қою қара шашты, сұңғақ бойлы, жасы он алтылардағы қыз бала отыр. Келіп-кетіп жатқан кісілермен жұмысы жоқ. Ерсілі-қарсылы жүреді, осылай алысқа телміріп отырады. Одан қалды қонақ үй сыртындағы құдыққа барып, түбінде ылғи бұның келгенін күтіп отыратын әдемі қызға қарап отырады. Бар бітіретіні – осы. Бұл қызды алғаш көрген адам сұқтана қарайтын. Ал бұрыннан білетіндер осы жердің қожайынының жынды немересі ғой деп мән бермеуші еді. Қожайын деп отырғандары – елуді алқымдаса да бойын күтіп ұстап, сылаң­дап жүретін Кәмшат деген әйел. Ауру қыздың әжесі деуге келіңкіремейді де. Сондықтан да бойжеткен қыз бұның өз қызы деп дауласатындар да бар. Бірақ анығын ешкім білмейтін. Қысыр әңгімеге арқау демесе, ешкімге оның керегі де жоқ еді.
Дәмхананың ішінде адам әжептәуір. Бес-алтаудан топталып, қызу әңгімеге көшкен. Бәрі де көңілді. Арасында әр жерден бір ду ете қалған күлкі естіледі.
Шеткерірек үстелдің біреуінде шашын сәнмен өсірген сары жігіт сөйлеп отыр. Көкшіл көздері күлімдеп, арасында анадайда жүрген Кәмшат жаққа қарап қояды.
– Ешқашан тұрмыста болмаған әйел – дейді со жақты нұсқап, – он сегіз жасында оң жақта отырып қыз тауыпты. Әкесі өзім бағам дегеніне қарамай, қызын құшақтап үйінен кетіп тынған екен. Ол қызы қазір қалада көрінеді. Мына үйінде жүрген жынды қыз – содан туған жиені. Неден жынды боп қалғанын білмедім бұ қыздың. Әкеңді… Неден жынды болушы еді. Судан шыққан адамға киімің неге дымқыл демейсің ғой. Сол сияқты удың ортасында отырған адамға неге жындысың деп қалай айтасың, – деді де сырасынан жұта бастады. Әркім өз ойымен әуре боп кетті. Сары жігіт бөтелкенің түбінде қалған бір жұтым сыраны ары-бері шайқап, ішінен бірдеңе іздегендей үңіліп біраз отырды да кенет көңілденіп, – Кеше хабарласқанда сюрпризім бар деген, көрем ғой қазір, – деп орнынан тұрды. Бұл кеткен соң отырғандардың біреуі:
– Жезқазған жақтың жігіті. Аты – Серік. Былтыр әйелі қайтқан екен, содан бері кәрі шешесі мен кішкентай қызын алып көшем деп, соған ақша жинап осында жүр. Ана қатынмен былтырдан әмпей-жәмпей боп жүр. Ол өзіне ешкімді жақындатпайтын сияқты еді… – деп көңіліндегі өкінішін білдірді.
Серік сыртқа шыққанда кісі көлеңкесі бойынан екі есе ұзарып кеткен екен – күн қайтайын депті.

***
Кәмшат көптен ойында жүргенін іске асыруға шешім қабылдаған. Тек осы Серіктің келуін күтіп жүр еді. Бірақ көңілінде бір қаяу бар. Әлі бала сияқты. Негізі бала дейтін түгі де жоқ. Бірақ іштен шыққан шұбар жылан дегендей. Бірақ өйтпесе тағы болмайды. Бірақ сонда да обал секілді. Бірақ…

***
Серік бөлмеге кіріп шешініп, жоғарыдан еңкейтіп ілінген айнаға қалың қастарын көтере қарап тұрған. Есік сарт етіп ашылды да шашы дудыраған ауру қыз тізерлей жығылды. Ар жағында сұрланып кеткен Кәмшат тұр екен. Тесіліп Серікке қарап тұрып «мынаны ал» дегендей иегімен қызды нұсқады да сыртқа шыға берді. Есікті тартып жаба бергенінде тұруға қорқып жатқан қыздың аяғына тіреліп қап еді, долдана теуіп жіберді.

***
Таң атқалы айналаны қуырып жібере жаздаған күннің шеті көкжиекке ілінді. Кәмшат енді болмаса өзі барып кірем деп тұрғанда мастығы тарқаған Серік шықты. Өңі қуарып кеткен екен. Басын көтермеген күйі жанынан өте бере бес мың теңгені тастай салды.

***
Жаз біткен. Күздің салқын жаңбыры басталар алдындағы шақ. Аспан жыларман күйде. Күздің қоңыр желі ыңырсып, сыңси соғады. Жер тұзы шыға жарылып, кеуіп жатыр.
Жолсая әлі тұр. Түнерген бұлтты күндері алыстан күлгінденіп, әдемі көрінеді. Тіршілігі де баяғыша.
Күн ұзаққа есік алдында отыратын ауру қыз бұрынғыдай емес, сирек көрінеді. Бірақ жан құрбысы отыратын құдық жаққа жоламайды. Оны ұмытып кеткен де сияқты. Тартылып, суы төмендеп кеткен құдықтың алыстап кеткен түбіндегі қыз да бұны күтуді қойған.

Сурет: chaskor.ru

3068 10
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 24 мамыр 2012, 08:45
Пікірлер
+0
24 мамыр 2012, 10:10

:( соншама мұңлы!

+0
24 мамыр 2012, 16:14

айтпа, жылағым келіп кетті ғой

+0
24 мамыр 2012, 17:26

Арман ағаның жазушылық таланты, ой өрі биікте...сонау

+0
27 мамыр 2012, 14:52

Жарайсың Ареке! Тек массагетттіктер бұндай жазбаларды оқымайды - ау... (бір қарап қоймаса)

+0
27 мамыр 2012, 15:26

мен екі рет оқып шықтым ;)

+0
27 мамыр 2012, 16:30

менікі мен сіздікі есептелмейді...)))

+0
28 мамыр 2012, 13:39

есептелсінші :)

+0
29 мамыр 2012, 18:15

Әңгімеде адам тағдыры табиғатпен үндестік тауып тұр: "Аспан жыларман күйде. Күздің қоңыр желі ыңырсып, сыңси соғады. Жер тұзы шыға жарылып, кеуіп жатыр"... Жас қаламгер қазіргі заман келбетін, әсіресе дамыған қоғамды дала табиғатымен салыстыра суреттеген. Мысалы, құмды даланың орнына кейін келе салынған тас жолдар. сынақ алаңдары, ғарыш айлақтары немесе жолдан өтіп жататын сүліктей қара, дүңкиген «джиптер», гүрілдеген автобустар деген сияқты... Жарайсың, Арман, шығармашылық табыс!

+0
15 қыркүйек 2012, 01:00

адам өмірі дейді,қателікке толы комедиямен іспеттес!!!! (шекспир)

+0
01 ақпан 2013, 02:58

мен окып шыктым. оте асерли барлык шыгармаларыныз. сизге тек шыгармашылык табыс тилеймин!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...