Джойстың жаңа шығармалары табылды

Джойстың жаңа шығармалары табылды

Ирландияда Джойстың 10 кітаптан тұратын «Финн қонақүйі» (Finn’s Hotel, Отель Финна) әңгімелер жинағы жарияланды. Бұл туралы The Guardian хабарлады.

Жинаққа енген әңгімелерді Джойс 1923 жылы жазған. Жазушы оларды «эпиклеттер» (ағылшын тілінен epiclets – epic lets жалданған әңгімелер) деп атаған екен. Бұл әңгімелер 1963 жылы бір рет қана баспа көріпті. Бірақ онда да туындылар Джойстың «Финнеган естеліктері» («Поминки по Финнегану») романына қосымша мәліметтер ретінде қосылған.

Джойстың шығармашылығын зерттеушілер «Финн қонақүйі» әңгімелер жинағын «Финнеган естеліктері» романының қосымшасы емес деген тұжырымға келген екен. Олар романнан бөлек жазылған, тың шығармалар ретінде жазылып, кейіннен жазушы тарапынан біріккен болып шыққан. Мамандар да қазіргі кезге дейін жинақты романнан бөлек шығаруға батылдық жасай алмай келген.

Бұл әңгімелер жинағы Ирландияда және әлемнің басқа да елдерінде мерекеленетін 16 маусым – Блум күніне орай шығыпты. Бұл дата Джойстың «Улисс» романынан арнайы алынған. Романдағы әрекеттер дәл осы күні болған (1904 жылдың 16 маусымында қаламгер тұңғыш рет болашақ жары Нора Барнаклды Дублин көшелерімен серуендеуге шығады). Ал мерекенің аты да романның басты кейіпкері Леопольд Блумның атымен аталып кеткен.  

«Финнеган естеліктері» романы 1939 жылы басылып шығып, Джеймс Джойстың тірі кезінде басылған ең соңғы шығармасы болды. Бұл роман әлем әдебиетінде ең күрделі туындылар қатарына жатады. Роман түгелдей сана ағымы мен жаңашыл сөздерден құралған.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: ugolock.ru

А. Құлтай