Жүрек сөзі (әңгіме)

Жүрек сөзі (әңгіме)

Мама

Мен бәрінен шаршадым,

Әл бермес әрнені аңсадым.

Жылатпай, жұбатшы, жалынам,

Көзімнен жас емес, тамса мұң.

А. Шамшадинова

 

                            Жүрек сөзі 

Бөлменің іші қара түнек. Тыныштық пен үнсіздікті серік еткен жан. Ол жанның жаны кіршіксіз таза, сұлу еді. Ол өмірге ғашық, өмірге емес- ау, сол өмірді сүріп жатқан адамдарға ғашық еді... 

Кәусәр періште іспеттес адам. Жаратушы ием періште етіп жаратып, қателесіп адам қылып жіберген тәрізді, бәлкім жердегі періште шығар... Ол өмірінде екі адамды жанынан артық жақсы көрді. Бірін досы ретінде, бірін өмірлік жары  болатын жүрегінің жартысы ретінде.  Өкінішті, әрине, оның сүйген жандары екі аяқты жануарлар екен. 

Манас (досы) ауырып ауруханаға жатып қалды. Ол соның қасында болып, қолынан келгенше көмек қолын беруге тырысты, тіпті, артығымен. 

Ол оған сырттай ғашық еді. Қыз баласы ғой, айтуға әсте батылы бармас... 

Ол оны өз бақытына балап, өлердей сүйді. Сүймегені дұрыс болар еді, амал нешік, сүйдірген жүрек. Түнде екеуі сыр бөлісті, сол сырлардың тәттілігіне айлы түн ғана куә болған. Сырттай ғашық болған жаны бұған да ғашық екен... Ия ол да ғашық... қандай бақыт, екі сүйген жүректің бір арнада тоғысуы?!

Бірі - поэзия әлемін сүйсе, екіншісі - проза әлемін!

Осылайша Кәусәрдің бақытты күндері өтіп жатты. Ия ол расымен де бақытты еді, сүйгені мен шынайы досы қасында еді сыр бөлісер.

Ол айналасына ғашық әрі бақыт көзімен қарап, қызықтап қоршаған ортаға таңдана әрі тамсана қарайтын. Адамдардың опасыздыған көргенде көзіне еріксіз жас алып, неге деген сауалдарын сансыз жолдайтын...........?

Неге бұлай адамдар, өмірге бірақ рет келіп тіршілік кешетін адам баласы өз ғұмырын қарапайым әрі жақсы қылып өткізбейді? Олар бірін-бірі жыртқыш аңдарша талап жоқ қылғысы келеді, күліп тұрып көңіліне күдік алып құртша санаңды мүжиді-ау шіркіндер!

Кәусәр адамдардың мыңдаған оңбағандықтарын көрсе де, оларды жылап тұрып сүйетін. Оның көзінен жас емес мұң тамса, жанынан қан таматын. Өкінішті әрине......

- Кәусәр, менің қуанышты жаңалығым бар.

- Ия, ол қандай қуаныш екен сенің жаныңды жадыратқан?

- Біз Талғат екеуміз жүріп жатырмыз, мен оны жанымнан артық жақсы көремін. Ол мені менен артық жақсы көрмесе кем емес...

-  Ммм......... қуан..ыштымын!

- Талғаттың мұнысы несі, қалай болғаны, сонда ол мені алдап жүргені ме???  Сені ғана сүйемін деп ағынан жарылғаны қайда? Өтірік болғаны ма бәрінің?!

-  Менімен жүріп жүріп Айжанға қалай сөз салды, қалай?

Кәусәрдің көзінен ыстық жастар моншақтап тамуда, оның жаны мұздап барады. Махаббатқа толы жүрегін бір сәт өшпенділік жаулап алды. Өксіп өкінішпен жылауда байқұс қайтсін жыламай, Талғат алғашқы махаббаты әрі алғашқы жігіті еді бейшараның.

Өкінішті өмірдің осылай бейкүнә қызды өксіткені!

Өмір жалғасады, бір адамның өтірігін екінші адамның шындығы келіп алмастырады, себебі бұл өмір заңдылығы. Өмірдің қарама-қайшылығы...

Бірақ Кәусәрдің өмірін тағдыр басқаша өрбітті. Өтірікке келіп өсек жалғасты. Ия, жыныс талғамайтын өсек.

- Кәусәр, сен Манаспен сөйлесіп жүрсің бе осы?

- Әрине, бірақ көрмегеніме екі жетінің көлемі болды.

- Сен сонымен арласпай-ақ қойшы енді, өтінем?

- Неге, ол өте жақсы адам, өзгелерден өзгеше, парасаттылығы мен шынайылығы бір арнада тоғысқан жан. Қиналған сәтіңде қол ұшын беруге қашанда әзір тұрады. Оның маған көптеген жақсылықтары өтті, мен оны досым ретінде жақсы көремін...

- Дос, сенің сол дос санап жүрген адамың сен туралы не деп жүргенін білесің бе?

- Жоооқққ.

- Ендеше тыңда және жақсылап тыңда... Манастың айтуы бойынша, сен оның қыр соңынан қалмай, мазасын алып қайта-қайта хабарласып, тұтқасын көтермей қойса, хабарламалар жазып, өз бөлмеңе шақырады екенсің, онымен қоймай бөлмеде қыздарың болмаған жағдайда қонуға шақырады екенсің ғой....

- Не... қалай... мүмкін емессс?!

Ол оны өзгелерден өзгеше жан деп, ақ пейілмен сыйлап, құрметтеген. Шексіз риза болып, іштей алғысын айтып. Қашан да тілектес, қамқор бауырындай еді. Ия, бауыр........

Ол енді кімге сенеді, кімге? Өмірдің өтірігі қайсы, шыны қайсы, айтыңдаршы жұмыр басты пенделер?!........... Ақ жүрекпен сүйген пенделері?

Ол күнде жатар алдында Алладан «жер бетінде тыныштық болсын, адамдардың барлығы да бақытты да мәнді ғұмыр кешcінші»,- деп ақ жүрегімен тілейтін бейшара. Ал оған жақсылық тілейтін адам болды ма?...

Бөлменің іші. Тыныштық пен жалғыздықты серік еткен жан. «Сәлем менің жартылай адал болған досым! Досым, сен ойлайтын шығарсың өмірдегі достың бәрі бір-біріне адал деп. Өмірде дос көп, бірақ шынайы дос бола білетін адам бар ма? Бәлкім бар дерсің, бәлкім жоқ дерсің. Дос табу үшін дос бола біл дейді. Ия, дос бола біл...   

Бұл сөзге мен толығымен келісемін. Сен маған жартылай адал болдың, жартылай шынайы болдың. Мен болсам, саған бүкіл ынтаммен берілдім, өзімнің өмір сүріп өткен сан соқпағымдағы күнім мен түнімді, ағым мен қарамды айта білдім. Сен соны білесің бе? Білмейсің, білсең де, мазақ еттің.

Сен ылғи айтушы едің, сен өмірден қиындық көрмеген, өмірге немқұрайлы қарайтын аңқау жансың деп.

Бірақ менің аңқаулығымды жасаған адамдар. Себебі, аңқаулықпен «ақылды ақымақты» жеңе аласың. Ал ақкөңілділікпен - тәкәппарлықты, қатігездікті. Адалдық арқылы, әділетсіздікті. Мен сені, оны және оларды, барлығын кешірем... Жаным мен жанарым жыласа да, сендерге жақсылық тілеймін!..

Ол өзінің соңғы жүрек сөзін ақ қағаз бетіне түсіріп мына әлеммен қоштасты, бәлкім мәңгілік өмірден жанына тыныштық табар. Алла жердегі періштесін көкке шақырды, мәңгіге...

Оның өліміне шынайы жылайтындар бауырлары ғана! Ол болса, көктен күлімдеп, оларды демеп жүрмек қашанда, ана өмірде күтпек.

Автор: Әлия Бостанова

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет:www.diary.ru

Л. Лига