Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Тағы да қаз мініп қайтты күз

Тағы да қаз мініп қайтты күз

Тағы да қаз мініп қайтты күз

Төлеген Меллатұлы - ақын, 1983 жылы өмірге келген. Бүгінгі жастар поэзиясының белді өкілі. «Қыраулы көктем», «Іңір» жыр жинақтары жарық көрген. 

Ақын үшін уақыттың сыны ең ұлы, әрі ең әділ сын. Әдеби үрдісте қай кезде де маңыздылығын жоймай, өзге қырынан танылып, жарқырап тұратын өзгеше сөз лағылдары болады. Т.Меллатұлы жырлары сол "лағылдар" елінен түскен сағымды шағылыстырып, өз қуатымен, бөлекше болмысымен туған жырлар деуге әбден қақылымыз. Назарларыңызда кісілік дүниетанымның дидарын жырмен әдіптеген қаламгердың "шиырлары".

Еділ қызы

 

Махаббат- Көктем! Оның Жаз, Күз және Қыс

 деген маусымдары жоқ.

                                                                                                                        - Автордан

 

Тағы да қаз мініп қайтты күз,

Сен нені ойладың!

Көктемнің келмегін

Гүлдермен өлшеген бейбағым.

 

Мәңгілік көктемді күтерсің,

Көгіне көңілдің.

Табиғат көктемі емес ол,

Сен солай жеңілдің.

 

Адасып кетті ме көктемнің,

Желімен желіккен.

Еділдің еліткен елігі,

Жалғыз жүр неліктен.

 

Мен күткен көктемің шығармын,

Көгіңе,

Мызғымас маусым боп орнасам.

Уақыт сызбашы алдымнан,

Жазылған тағдырмен жол қосам.

Кісінеу

  

Беу, Шығысым!

Сенен сырлы ой алдым.

Саған қарап ояндым.

Жамалымды таң сүртіп,

Құзырыңа кеп тұрмын.

Көмбедей көздің жасына,

Көкірегімді малшынтып.

Абыз басына ай ілген,

Алтайыңа мың сәлем.

Тұз татқалы тірліктен,

Толқыдым ба мұнша мен.

Жалғыз мұңым сен едің,

Ауып кеткен атамның,

Табанында табысқан.

Аңыраған анамның,

Жатырында жабысқан.

Сол атамның сорлаған,

Алтын басын арулап,

Баркөл барып жерледім.

Таланымен тағдырдың,

Тибет асып терледім.

Өксік ойып өкпемді,

Үндіске де өрледім.

Онда омалды өр демім.

Ру дейтін рухымды,

Бөтендікке бермедім.

Абзалы ата түрік деп,

Түркияға төрледім.

Ен түріктен енші алды,

Еңбексіз боп ерлерім.

Герман кеттік көрмекке,

Немістердің еңбегін.

Уа, тыңда мені тұл өлкем!

Өлмедім, сонда өлмедім.

Уықты ордам сен менің,

Өлмегенде көргенім.

Жыртылған сан жағамды,

Жібек желің зерледі.

Тынышым кеткен төл едім,

Толқыныңмен тербедің.

Ақ бөз көрмей ақталған,

Арманыммен емдедің.

Арқандалар атымның,

                                                 Ақ қазығы сен бе едің.                                               

 

Алашымның ары ма ең,

Абай болып оянған.

Анашымның зары ма ең,

Омырауы боялған.

Семей сұлу қыз ба еді.

Қарашығының қайғысын

Кірпігіне түнеткен.

Өртелсе де өрісі,

От орнына гүл еккен.

Ертіс көздің жасы ма,

Арғы Алтай мен бергі Алтай

Сағынышын сыр еткен.

Сардары ма сап құрған,

Катон қарағайлары

Кеңістігін күзеткен.

Марқа көл мен Зайсаны,

Меруерті ме Еңліктің

Шашбауынан шешпеген.

Бұйра, бұла, бұлақтар,

Бұрымы ма Баянның

Бұратылған, кеспеген.

Аспан сүйгіш Алашқа,

Ағып түскен жұлдыз ба

Әйдік шаһар Өскемен.

Қабанбайдың қаны ма,

Шыңқожаның жаны ма,

Өскеменде өскен ел

Даласынан көшпеген.

Беу, Алтай десем, ән басқа,

Бұрынғы әннен өзгерек.

Шакәрім боп байланар,

Шемен қайғым безбелеп.

Кектің оғы кетті оның

Кеуде тұсын езбелеп.

Жұбат мені жыр өлкем,

Ұзат маған өзге леп.

 

Шыңғыстайға барайын,

Оралхан боп ойланып.

Жәнібегің болайын,

Ән ғұмырыма айналып.

Дөртуылыға толайын,

Жортуылға сайланып.

Құзарыңа қонайын,

Қыраныңша жайланып.

Уа, құлыныңды құш өлкем!

Қыратыңда қалайын,

Қазығыма байланып.

Тамшы үні

 

Ақ жаңбыр айыққан сәтте,

Жапыраққа тұндым.

Кәрі көз суалған сәтте,

Топыраққа сіңдім.

 

Найзаның ұшынан сырғып,

Қына боп қалдым.

Сәбидің көзінен сырғып,

Күнә боп қалдым.

 

Қамсыздар қасірет құшып,

Омырауын жудым.

Жаралы жатырға түсіп,

Жәдігөй тудым.

 

Дірілдеп ақынның қолы,

Қаламға қаттым.

Теңізге толқыған долы,

Қосылмай жаттым.

Салыстыру немесе Айбергенов рухына

 

Мен бүгін ақын қайтқан жасындамын,

Білмеймін ақынмын ба қасында оның.

Алатауға сайгезім сөз сауғалап,

Қара талға қапыда асылды оғым.

Асылсам да талпындым асуларға,

Ағатайым! Ұқсауға асыл нарға.

Алматыны бұйдалап алып келдім,

Сағынышы сиреген ғасырларға.

 

Сағыныштар, сарғайтар сағыныштар!

Сағынбаған жанымның бағы мысқал.

Айбергенов өлсе де жүрегі аман,

Ал менің сол жерімде жаңылыс бар.

 

Қайырым емес қолымды қанға мала,

Саусағымды соза алмай сан балаға,

Айбергенов сағынған паң қалада,

Өмір сүріп жатырмын нанға бола.

 

Дем сап кеткен рухына дегдар елдің,

Аға сенің өлімің дегдар өлім,

Отыз көрмей Төлеген ел алқаған,

Отыз келген Төлеген енжар едім.

 

Ділден кірпіш қаладың, жырдан сарай,

Сарайыңда салтанат құрғам талай.

Алғаш сезген шағыыңда әділетті,

Суыт тартып кеттің бе бірден солай.

 

Керегесін кең алып текті өнерден,

Үлгі қалды өлең боп өткен ерден.

Әр үйінде қазақтың қонақтады,

Кегейліден гулеген кептер өлең.

 

Бірі де есте қалмаған жоқ құнары,

Мың мереке, сан шаттық өтті бәрі.

Жұмақ жақтан көз тігіп жампоз ақын,

«Тойым қашан болады» деп тұр әлі.

 

Өкпелеме оғланым, ойланбадық,

Судан ант, ауадан ой қармадық.

Күрекпенен жасалмас тау тұлғаңа,

Жүрекпенен ескерткіш қойған халық.

*    *    *

 

Бұл неткен жол, неткен жол,

Атамның сынық арбасы

Сықырлап талай өткен жол.

Бір тармағы шұбалып,

Кеңсайға кіріп кеткен жол.

Бір тармағы құм барып,

Қуарып кеуде кепкен жол.

Құм барған арба құмдардан,

Біздерге сәлем айтқан жол.

Кеңсайға кеткен бір арба,

Иесін тастап қайтқан жол...

 

Сатылған сәби үні

 

Бақытымнан айырғанмен, бақида менің есебім,

Екі жалған басымда бүгінім мен кешегім.

Бақ қып туып сор қылған,

Зор қып туып қор қылған,

Өгейсіп жатқан шығарсың өлімге берген төсегім.

 

Үнім ащы жетсе саған айтақырдағы ән болар,

Мен айырылған боз күлік пен жәйнамазға шаң қонар.

Арыс-арман, Еділ-елес, Жайық-жаным жоғалған,

Мендік емес енді олар.

 

О, кімдерге табыстадың сен сүймеген бетімді,

Белде қалған бесік табым секілді.

Кеудеме бар нұр құлатқан, мұң құлатқан сендер ме?!

Ет кестіңдер етімнен.

 

Домбыра ма не дейді анау ескі өмірдей екі ішек,

Өмір солай туу, өлу екі сот.

Қозысына шыққан шөбін доңыз жейді даланың,

Ал адамның беті бар һам беті жоқ.

 

Қобызсың ба, күңіреніп жаназамдай оқылған,

Менің өліп баратқаным сенің қатал сотыңнан.

Тас тұрғызу тамұқ сірә балауыздай бауырдан,

Күйдім кімнің отынан.

 

Сабыр енді сағынышым,тамырыңда ақсын қан,

Сендер егей, сендер өгей, қарасыңдар, ақсыңдар.

Мен өмірлік сауалдамын нендей жауап таптыңдар,

Қан саудалап қақысына нан кеміріп жатсыңдар.

Мені неге саттыңдар?!

 

Оралу

 

Бұл шеткері бақта,

Тыныға алар ма екем.

Бұлтсыздық сірә қай жақта,

Ей, бағзы мекен!

 

Ауама аңқытты кімдер,

Бейтаныс әпсаналарын.

Мінеу бір шешексіз гүлдер,

Менің бастамаларым.

 

Қолына ап қара ноқтасын,

Біреулер желігуде ме.

Кеміріп қара ағаш басын,

Жалғыз жүр елігім неге.

 

Қуыма қоспапты қосақ,

Қанатын қалай ол жайсын.

Сүйектен сыбызғы жасап,

Баурымды езген бұл қайсың.

 

Ей, Ауыл! Сенбісің әлде,

Миымды мазалай берген.

Сөнді ішім, көнді ішім әлде,

Тек сенің ырқыңа ерген.

 

Қаңғырған бұлттардан оқып,

Өзіңді отырмын неге,

Қаңбақтан жіберген тоқып,

Мендағы жетім бір кеме.

 

Мендікке сызылған сызу-

әлі де көп жерге барам.

Бағымнан жел ұрса түзу,

Түбінде оралам саған.

Ей, Ауыл!

 

*    *    *

 

Қажыдым,

 іздеймін қашанғы ем,

«жуастар» алыспас «асаумен».

Құбыла тұсымнан аспанның,

Бір парақ жыртып ап

Хұсыни хатымды басар ма ем.

 

Жұлдыздар бабамның көзіндей,

Төбемнен түксие көз ілмей.

Мен жерге қадалам,

Көзіме елестеп жаралы абадан.

 

Тарих болмағай кеудемнің бұл үні,

Күрсініс емес қой мендіктің үкімі.

Бізге де қадалар бір күні,

 ғасырдың,

Қырауын сілкіген кірпігі.

 

Көмгендер,

көмбеңдер бізді енді,

Ақ киген адам жүр ізгі өңді.

Мұртымды шаншимын менде бір

 аспанға,

Күллі әлем күлкіден күдерін үзген күн.

 

*    *    *

 

Бетін тырнап қанатты да бұлттың күн,

Ыршып таудың желкесіне бұғынды.

Ышқынып бұлт демін қайта үргенде,

Ысқырып күн таудан құлап жығылды.

 

Қарақшы түн шатырына жасырып,

Ұрлап алған жақұттарын санап тұр.

Ал есіктен бір шекесін қылтитып,

Ай ұрланып қарап тұр.

 

Үлек боздап,

қой маңырап тынды маң,

Жануар ғой жақұт оған не керек.

Қара аспанға біреу отыр телміріп,

«Бұл асылдар менікі емес неге» деп.

 

Іңір...

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: автордың жеке мұрағатынан және voxpopuli.kz, vk.com

6591 2
Рейтинг: +2

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 28 қаңтар 2013, 14:45
Пікірлер
+0
28 қаңтар 2013, 13:45

Мынау бір өзгеше өлең екен... Керемет! Басқа ақын бір бөлек, Төлеген ақын бір бөлек екен!

+0
28 қаңтар 2013, 13:57

Ауама аңқытты кімдер,

Бейтаныс әпсаналарын.

Мінеу бір шешексіз гүлдер,

Менің бастамаларым.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...