Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Өлеңнен туған ойлар

Өлеңнен туған ойлар

Өлеңнен туған ойлар

Күздің сарала жапырақтары бұтағынан қимастықпен үзіліп түскен сәттерде ақын жаны оны қинала сезеді...

Әкім қолын артына ұстай жапырақтарды сытырлата, қайқая басып күз көрінісін тамашалай жүріп кете барады...

Аспаннан тыраулаған тырнаның үні естілді, ақын аспанға телміре ойға шомды. Тізбектелген тырналардың ең соңғы қараты көз ұшынан ғайып болған кезде ақын өз ғұмырының алтын күзінің бір парағы жабылып, құстар тізбегімен бірге келмеске кеткенін сезіп жүрегі сыздай қойын дәптері мен қаламын қолына алған еді...

Әкім тізбектеліп ұшып бара жатқан қоңыр қаздар тізбегін көре сала мылтықты қолына ала жүргірді...

Әбілда Тәжібаев былай деп жырлады:

«− Құс аулауға шығамысың?

− Шығамын.

− Атқаныңды жығамысың?

− Жығамын.

− Мә, мылтығым, атамысың?

− Атамын.

− Мен дем алып жатамын.

− Құсың қайда, қарағым - ау?

− Атпадым.

− Таппадың ба тоғайдан құс?

− Таппадым.

− Көп еді ғой көлде де құс...

− Көп екен.

− Неге атпадың?

− Түк дәлелім жоқ екен.

− Атуға сен қимадың ба?

− Қимадым.

Туған жердің құстарын да сыйладым»;

Абай: «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» деді;

Пушкин: «Қай талантты алсақ та түсіндіру мүмкін емес. Шебер тасшы мраморда жасырын жатқан Юпитерді қалай көреді, тастың бұжыр қабаттарын қашаулап, оны жарық дүниеге қалай алып шығады? Ақынның басындағы ойлар төрт жолдағы ұйқас, әсем, келісімді ырғақпен қалай төгіле қалады» деп толғанды;

Бальзак бір кезде: «Музыкадан өз тарихын тауып, махаббат туралы өз ойын танып, сәби шағының еске түсер поэзиялық кезеңін аңғарушылар тіпті аз» деп замандастары туралы айтыпты. Ол тағы бір жерінде: «Мүмкін, біздің ұлттық тәрбиеміз әлі жетісіп қалыптаспаған шығар, көркемдік сезіміміз де толығып жетпеген болар. Мүмкін, сұлулық, өнер жайын сөйлеуді газеттерге тапсырып, соған дағдыланып кеткен шығармыз...» депті.

Лев Толстой өз тұсында: «Пушкин және халық - бұл екеуінен артық бізге ештеңе де қымбат емес» десе, Максим Горький: «Ақылды ғана емес, қайырымды адам керек, бәрін түсінуші ғана емес, барлығын жанымен сезетін адам керек» деген пайымға келген. Ол – ақын. Поэзиядан, адамзаттың жаны зұлымдықтардан селк етпейтін заманда өлең өнерінен алыстамаңыз дегіміз келеді.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: chitalnya.ru

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 24 қаңтар 2013, 11:29

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.