Алматыда Жамбыл Жабаевтың  175  жылдық мерейтойына орай поэзия флешмобы өтеді

Алматыда Жамбыл Жабаевтың  175  жылдық мерейтойына орай поэзия флешмобы өтеді

Алматыда 28 ақпан күні 10:30-да "Дара оқырман" клубының оқырмандары Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай поэзия флешмобын ұйымдастырады.

Ж.Жабаевтың Қазақстан мәдениеті мен әдебиетіне, жыр дастанына   қосқан үлесіне баға жетпес. Ғасыр алыбының көптеген шығармалары ұлттық мәдениетіміздің қазынасына айналды. Ұлтымыздың мәдени құндылығын  дүниежүзіне паш еткен ақын есімін ұлықтау игі іс.

Қазіргі жастар жыршының өлеңдерін ықтиарлықпен оқып, танысып өздерінің өмірлік жалауларына айналдырды. Ақынның өлеңдерін жатқа білуге деген ұмтылыс күн сайын артып келеді. Студенттеріміз, оқушы бүлдіршіндер  әсіресе, оның ішінде  "Дара оқырман" клубының оқырмандары Жамбыл Жабаевтың шығармашылығымен жақсы таныс, осы айтулы күні жыр алыбы  ескерткішінің  алдында оның ұлы мұрасы-өлеңдерін, жырларын жатқа оқиды.

"Дара оқырман" балалары Абай, Жұмекен Нәжімеденов, Мұқағали Мақатаев, Жарасқан Әбдірашов,Темірхан Медетбек, Нұрлан Оразалин, Маралтай Райымбекұлы сынды ақындардың поэзия кештерін өткізіп келеді.

Айта кетейік, биыл қазақ сөзінің дүлділі, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл. Оты айтулы мерейтойға орай еліміздің түкпір-түкпірінде Жамбыл Жабаевқа арналған түрлі іс-шаралар өтіп келеді.

Қазақ халқы бұған дейін жыр алыбының 100 жылдық, 125 жылдық, 150 жылдық, 160 жылдық тойларын халықаралық деңгейде салтанатты түрде атап өтті. Жалпы, ақынның шығармалары дүниежүзінде қырықтан астам тілге аударылған.

Т. Раушанұлы