“Дүниеге келер әлі талай Қасым” атты республикалық мүшәйра өтеді

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2020 жылдың қазан айында “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына, Алтын Орданың 750 жылдығына орай қазақ поэзиясының алыбы Қасым Аманжолов атындағы “Дүниеге келер әлі талай Қасым” республикалық мүшәйрасын өткізеді.

♦ мүшәйраға 18-40 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады;

♦ қамтылатын тақырыптарына қарай дауылпаз ақын Қасым Аманжоловқа, Абай Құнанбайұлына немесе Алтын Орда тақырыбына арнау  және еркін тақырыпта – барлығы 3 өлең ұсынылуы міндетті;

♦ шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында жіберілуі қажет; 

♦ жинақтарда, мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған, басқа байқауларға ұсынылған және талапқа сай келмейтін шығармалар қабылданбайды.

Барлық келіп түскен шығармаларды байқаудың қазылар алқасы қарап, талдау жасайды және іріктейді. Үміткерлердің шығармаларын бағалау кезінде:

-  ұсынылған шығармалар тақырыбының байқау мақсатына сәйкестігіне;

-  шығарманың идеялық мазмұнына;

-  туындының көркемдік сапасына;

-  автордың сөз саптау мәнері, стильдік ерекшелігіне баса назар аударылады.

Мүшәйраның жеңімпазы мен жүлдегерлері дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. 

Марапаттау рәсімі онлайн форматта өтеді.

Мүшәйраға қатысу үшін үміткердің тапсырыстары (аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары, жеке куәлігінің электронды көшірмесі) және шығармалары 2020 жылғы 18 қыркүйекке дейін mushayra.kasym@mail.ru электронды мекенжайы бойынша қабылданады.

Анықтама телефондары: 8 (7212) 56-74-76, 8-778-355-21-80.