Асылан ТІЛЕГЕН. Жұмбақ қалалар

Асылан ТІЛЕГЕН. Жұмбақ қалалар

Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылықты қазақстандық жазушылардың әдеби шығармаларын, әдебиет аудармаларын, ғылыми-танымдық, мәдени-ойын-сауық материалдары мен өнертабыстарын ақпараттық сүйемелдеу және жариялау мақсатында Республикалық балалар мен жасөспірімдерге арналған “Ақ желкен” журналы бас редакторының орынбасары әрі ақын Асылан Тілегеннің балаларға арнап жазған “Жұмбақ қалалар” атты өлең топтамасын назарларыңызға ұсынамыз.

Халық қалап,
Көш ұлы –
Қала болды шешімі.
Мағжан атам жазғандай,
"Екі дүние есігі".
(Түркістан)

Бұл қаланың сыйы осы –
Ұнар көпке жүйесі.
Елімдегі алғашқы,
"Үлкен көпір" иесі.
(Семей)

Көркем қала, ән қала,
Метросы бар қала.
Ұқсастырып қойыпты,
Атын оның алмаға.
(Алматы)

Толықтырар шаһарым,
Көне қала қатарын.
Облыс атауы атында,
Әйгілі ақын атаның.
(Тараз)

Көшесінен көрікті,
Мұнайшы көп жолықты.
Былтыр ғана бұл қала,
Елу жасқа толыпты.
(Жаңаөзен)

Ару қалам – аялы-ақ,
Көп таңғалдым аралап.
"Ханшатырда" ойнадым,
"Бәйтеректі" саялап.
(Нұр-Сұлтан)

Көксіз, талсыз айнала,
Қала екен-ау жәй ғана.
Есесіне бәрінен,
"Қара алтынға" бай қала.
(Атырау)

Ғимараты не түрлі,
"Көне музей секілді".
Іздер болсаң картадан,
Батысқа бұр бетіңді.
(Орал)

Жағалай кеп Ертісті,
Бұл қалаға жол түсті.
Әуе, темір, өзеннің
Жол торабы ең күшті.
(Павлодар)

Алюминий, көмірі,
Өндірісі көп ірі.
Ең алғашқы мектептің,
Бой көтерген орыны.
(Арқалық)

Жақын мекен алысқа,
Тіпті сонау Марсқа.
Бұл қалада тұрып-ақ,
Кетем ұшып ғарышқа.
(Байқоңыр)

Ұлар құстың аты аңыз,
Мекенісің,
Аталы із –
Басын қосқан үш жүздің,
Абылай хан атамыз.
(Ұлытау)

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Адамды бостандығынан айыру мен бостандығын шектеудің айырмашылығы қандай?
Адамды бостандығынан айыру мен бостандығын шектеудің айырмашылығы қандай?
8 сағат жұмыс, 8 сағат ұйқы және 8 сағат демалыс: адамзат бұл жеңіске қалай жетті?
8 сағат жұмыс, 8 сағат ұйқы және 8 сағат демалыс: адамзат бұл жеңіске қалай жетті?
Ғалымдар Арктикадағы барлық мұз 2035 жылға қарай еріп кететінін айтты
Ғалымдар Арктикадағы барлық мұз 2035 жылға қарай еріп кететінін айтты
Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды