Елордада жас ақындар мүшәйрасы мәресіне жетті

Елордада жас ақындар мүшәйрасы мәресіне жетті
Фото: vk.com

Елордада ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, “Алаш мәдениеті” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен республикалық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

Жастар жылы аясында өткен жыр сайысына еліміздің барлық аймақтарынан 14 пен 29 жас аралығындағы жас ақындар қатысты.

Өлең бәйгесіне Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет бастаған Серікзат Дүйсенғазы, Олжас Қасым сынды ақындар қазылық етті.

Бас жүлдені – (Жеті жүз мың теңге) Ақмола облысының тумасы Саян Есжан иеленді.

1 орын – Мерей Қарт, 500 000 (бес жүз мың) теңге;
2 орын – Арман Шеризат, 350 000 (үш жүз елу мың) теңге;
3 орын – Мұқағали Кенжетайұлы, 200 000 (екі жүз мың) теңге;

Жеңімпаздар дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Т. Раушанұлы