Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Файзулла Төлтай: "Мен ендігі Аспанмын, жердің жасын сімірген..."

Файзулла Төлтай: "Мен ендігі Аспанмын, жердің жасын сімірген..."

Файзулла Төлтай:

Файзулла Төлтай – Жамбыл облысы Жаңатас қаласында дүниеге келген. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Қазіргі таңда Түркия Республикасы Денизли қаласындағы Памуккале университетінде білімін жалғастыруда.

Сапар

Кеше мен
қобызы күңіренген қоп-қоңыр даланың жылқысы тектес
мойнына құрық түспеген ұлы едім түздің.
Ал бүгін орманға дауысы жетпес
падишаһтардың сарайына қамалған құспын.
Сонда да кеудемдегі соңғы Үмітті Өмір ағашына байлап,
жол жүріп келем.
Өлім –
          жолдардың түйіскен жері.

Түн.
Көше шамдарының қасынан үнемі бейтаныс кісіні көрем:
неге ерте шақырады екен ол жаққа мені?
Күні ертең төртбұрыштанып санама түскен Жарық –
шексіз еркіндікті іздеген маған:
тым сұлу қиялдарыма қаламын малып,
мөп-мөлдір келешегімнің көркем суретін салар.
Кірпіктерімнің көлеңкесінде күн кешкен, Сенім –
әйтеуір сол күні Батылдық жоғалып менен
терезесінен есігі көп қапастан шыға алмай сенің
жасыңды төгіп алмасам екен. 

...қайдасың, аңсаған мекен?

Уәда
Дұғамды оқып іңірге:
мен қара жер ұлымын-
                                    аспан жасын сімірген.

Жасыл түсті құстардың кеудесінде мекендеп,
жағалауын аңсағам жалғыздықтың бекерге.

Білсең, күнім, сен менің,
түнім қара болмайды пейіліндей пенденің.
Жолдарымнан адасып,
өзім қашқан үрейдің,
өлермен боп әлі де моласында түнеймін.
Шашын жайған перідей,
                                    (айқай салып ішімнен)
Бәлкім,
безіп кетермін өгейлігі үшін мен.

Шатастырып,
шарһ ұрып,
бақытымның бағытын,
көтерем де жүремін ойларымның табытын.
Кісені жоқ тұтқын боп, құлыпы жоқ түрменің,
мен өмірдің мәңгілік өлмес күйін шертемін.

...періштең ем ең соңғы,
пейіш төрін дәметтім кіл күнәммен мен сорлы.

Қараңғы бір қапаста қалып кеткен өткенім,
қорқытады өткенмен, Күнбатыстан жеткен үн!

Түніменен күбірлеп,
алқымнан ап әр күнәм,
жетпіс улы жыланның құшағында қалғығам.

Бәлкім,
айта алмаған сырымды,
                                    (жансызданып кіл денем...)
Көкке жазып кетермін , көзімдегі нұрменен!

Әй, Құдіретсіз қараң ел:
дұғаңды оқы іңірге,
мен ендігі Аспанмын, жердің жасын сімірген...

Silencio

Мармара жағалауының аспанында
жұлдыздар қосын тігіп, ошағын түтете бастаған кезде
илеуіне тығылған құмырсқалардай
сен өсірген гүлдер мен кітаптардың жұпарынан өзге
теңіздің иісі аңқыған бөлмеге бас сұғам тыныштық іздеген жандай:
бойымда жүгірген әр тамшы қанның дауысын естимін мұнда.

Қабырғалары да ең көне иероглифтерге толы;
терезелерге қысылып қалған азанның дауысын тыңдап,
жазу үстелінің үстінде қартайған қаламның дірілдейді қолы.
Жазу үстелі –
                     Лорко мен Асафтай ақындар кездескен ғалам
және қасиетті деп санайды ол жақта түнді.

Ақ қағаз – теңіз;
шимайлар –толқын;
қаламды – кеме ғып отырған маған
сақалын салалап дауыл мәшүріптен соғатын сынды.

Менің сонда ең сұлу армандарым айналып кетердей жоққа
ой жағалауында теңіз суынан көз жасымды қызғанып жүрем.

Кенет,
сүйріктей саусақтарыңды есіктің тұтқасы иіліп қарсы алған шақта
жұдырығымның гүл болып ашылғанын көрем.
Міне, осы ғой махаббат деген!

3
Рейтинг: +2

Фото: qulady.ru
Қосылған күні: 16 сәуір, 11:59
Пікірлер
+0
17 сәуір, 11:56

Мына жігіт поэзия емес, проза жазғаны дұрыс сияқты ғой.

+1
04 мамыр, 15:52

Бұл әлемде абсалютті ақиқат жоқ. Мына өмір күмәндерден тұрады. Мысалы, сіз парақты ақ, таңбалар қара десеңіз қателесесіз. Маған күз бен сағыныштың түсі сары емес сияқты күмән туғызады. сондықтан, мына жігіттің жазмышы қара сөз бе өлең бе екенін анықтау, оның проза не поэзияға баруын бағыттау сіз бен біздің міндетімізге жатпайды.

+0
10 мамыр, 16:02

Жақсы айттыңыз. Қарапайым тілмен бәрін стильге сыйдыра салсаңызшы...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.