Оқи отырыңыз

Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен.

Автор: Мұзафар Әлімбаев

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Тәуелсіздік туралы өлеңдер

Тәуелсіздік туралы өлеңдер

Тәуелсіздік туралы өлеңдер

Тәуелсіздік – қасиетті ұғым. Қадірі мен бағасы биік егемендігімізге биыл 26 жыл толып отыр. Дамыған елдер қатарына кіруді мақсат тұтқан еліміз күн санап өркендеп келеді. Ел үшін, ұлт үшін жасалған әрбір іс махаббаттан туындайды. Осы орайда Тәуелсіздік туралы өлеңдер топтамасына кезек берейік. 

Қазақ

Еркін халық атаныппыз бұрыннан,
Жау шапқанда жұдырықтай жұмылғам.
Түннің түкті ауасынан нәр алып,
Күннің күшті сәулесіне жуынғам!

Он бесімде Шу-Таласта ел болдым,
Заты Түркі, аты Қазақ – мен болдым! 
Қозыбасқа бөрілі ту шаншыдым,
Басқалармен терезесі тең болдым!

Он алтымда Тәңір өзі жебеген,
Кемелденіп, кеңейді ғой керегем.
Батыс-шығыс... айналамды қорқыттым,
Ақинақпен,түмен-түмен жебемен!

Он жетімде Орбұлақта ойран сап,
Алты жүз-ақ семсеріммен сайран сап,-
Ойраттардың ойып тұрып ортасын,
Ойсыратып...он мыңдайын жойған шақ!

Он сегізде бөліндім де бүліндім,
«Елім-айлап», «ақтабан боп » шұбырдым.
Аруақтанып қайта шаптым жауыма,
Өшпей қалып, содан жеткен түбірмін.

Шу асау ем...
Кидім сонсоң бодандықтың ноқтасын,
Тәңір өзі ол күндерден сақтасын!
Он тоғызда оң-солымнан талады,
Жиырмаға бұрдым солай ат басын!

Кейбіреулер намысымды келтіріп,
Желтоқсанда жігерлендім жетіліп.
Азаттықты аңсағаным – ақиқат,
Халық жауы дегеніңіз – өтірік !

Өткен күннің өн бойымда уы мың...
Бодандықтан босай алмай буындым.
ҚАЗАҚ болып Желтоқсанда өліп ем,
АЗАТ болып бес күннен соң туылдым!

Жиырма бесте ер еңселі ел болдым,
Алаш дейтін ұлан байтақ жер болдым.
Алтайменен Атыраудың арасын,
Тәуелсіз боп өзім ғана иемдендім!

Еркін халық атаныппыз бұрыннан,
Жау шапқанда жұдырықтай жұмылғам.
Түннің түкті ауасынан нәр алып,
Күннің күшті сәулесіне жуынғам!

Тұрсынбек Башар

Еркіндік

Беу, Еркіндік, 
Жанайқайың жанымды тұншықтырып, 
Руxым кетіп барады қыңсып, бұғып. 
Қауым қалды қайғысын көтере алмай, 
Жауым қалды жағада күңсіп-күліп... 

Тауқіметім көп пе еді кешкен менің?! 
(Ер үстінен көріндім - дес бермедім.) 
Дұға сіңген басымның қаңбақ құсап 
Дала кезіп жүргенін қош көрмедім... 

Мен содан да бәріне төзем деп ем 
әруақтың басында сөзі өлмеген... 
(Қыртыс-қыртыс жарылған тариxымнан 
Қан мен қылыш астасқан кезең көрем...) 

Беу, Еркіндік, 
Дүние өзгерсе де сүйдім сені, 
Кеудемдегі төгіліп күйдің селі. 
Қасіретке күйдіріп қанатымды 
Жанарыма жас қылып құйдым соны. 

Қас дұшпанның қаңқасын тостақ қылып, 
Күреңім де кісінеп, қостап тұрып, 
Түгесіліп қауқарым қанды ымыртта, 
Қызыл суды көтеріп, бал қып ұрттап, 
Жатсам деп ем Арқаның төсінде мен 
Арды ұлықтап, кешегі xанды ұлықтап... 

Беу, Еркіндік, 
Ғасырды оң қайыра, сол қайыра 
Бағым болып қонған ең маңдайыма. 
(Күйсе қазір қанатым өз отыма, 
Уақыттың тап болармыз қандайына?..) 

Запыраны ерлердің бойда қалып, 
Айбар-сұсы көзімнің айдан ағып. 
Байрағымды көтердім басыма әрең 
Жеңілмейтін руxыма байлап алып.

Айбол Исламғалиев 

Кертоқсан 

Бір күнім бар – қасиеттен туған күн,
Қасіреттен өлген күн.
Жүрегімді өз қаныммен жуғанмын,
Өз қолыммен көмгенмін.

Санай қалсам шейіттердің жоқ шегі,
Сол болар-ау ең көп сан.
Жəне сондай бұл қазақтың көп шері,
Білмейді оны кертоқсан!

Бір күнім бар – еске алуға ауыр күн,
Еске алмауға қиын күн.
Ұмытпадым шағылғанын тауымның,
Шайқалғанын миымның.

Жалғыз жаным азаттықты көкседі,
Елін сүйген ер тапсам.
Бізге соқпай тынышымен өтсе еді,
Кері кеткір кертоқсан!

Асылбек Жаңбырбай

Түс. Абылай. Дат. 

Түсім...
Түн...сәулесі төгілген лағыл айдың,
Кеудемде күмбірлеген қоңыр айбын...
Буалдыр ̶ көзім алды қалың елес,
Бурабай... ақ ордасы Абылайдың.

Сексен көл толқынындай толқып өмір,
Әуезді жел гуіне елтіп өңір.
Кісінеп қарагердей көңілім дүр,
Ханға айтпақ дат бұйырды еркіме бір.

Ұстаған сөзбен мығым паң даланы,
Қатулы қара түндей хан қабағы.
Көзінің сұсыменен «сөйле» деді,
Тыңдалық, қалай екен ар бағамы...

Есінеп есі кеткен есіл жалған,
Бүрлейді үмітімнің төсінде арман.
Жүрекпен датымды айтып сөйлеп тұрмын,
Күмілжіп, күткендейін «кесірді» алдан.

̶ Хан ие, азат міне, халқың бүгін,
Тірі ғой... әнім, күйім, салтым, жырым.
Көгенде ойнақтаған қозы-лағым,
Төбемде алып қыран, алтын Күнім.

Елімнің түні ̶ еркін, азат ̶ таңы,
Тегімнің Тектілігі ̶ Қазақ қаны...
(Тіл - шала, дінім - шұбар болмаса егер,
Былайша, бәрі жақсы...ғажап бәрі.)

Ер бабам, ұлың асқақ, қызың керім,
Далаң ̶ бай, әрі байтақ, түзің ̶ көрім.
Асанның Жер Ұйығы осы мекен,
Аралап, қызықтаған Қызыр белін...

...Ес кетіп, шошынды екен дәтім неден,
Тіл-мылқау, жүрек үнсіз, ақыл-керең.
Сөзімді жалғай алмай тұрып қалдым,
Тұрып қалдым, жалғыз-ақ датымменен.

Қояндай дір-дір етіп бойдағы Үміт,
Хан сұсы тұла бойды жайлады нық...
(Білмеймін, сүйінді ме, күйінді ме,
Қара түн...сүйенеді айға бұлт...)

Ұзақ бір маған қарап үңілді де,
Елемеді сыбысты, күбірді де...
Балбалдай мұңға батты үнсіздікпен,
Мұң ілді ме көзіне, түңілді ме?!

Хан үнсіз салды-дағы ойды елекке,
Бекінді әлденені сөйлемекке.
Сол бір сәт түс үзілді, құба таңмен
бұлдырап бұзылды әттең, ой кенетте.

Қан тулап, өрттей лаулап тамырымда,
Білмедім, не болғанын анығында.
...Теңге-күн көз алдымда дөңгелейді,
Дүние сол баяғы қалыбында.

Белгісі екен сірә, түсім ненің,
Белгісіз...ойым он сақ...түсінбедім.
Көп елес көлбеңдейді көз ұшымда –
Есіме басқа ештеңе түсірмедім...

Шолпысын алтын күннен таң тағынып,
Тауға үнсіз сүйенеді марқа-бұлт...
Аспанға телміремін түсімді ойлап,
Аспаннан түскендейін...аңтарылып...

Жанымды алғандай бір күш дуалап,
Көзімнен кетпей қойды «сұсты қабақ»
Абылай жанарындай өткірленіп ̶
Рауандап атты үнсіз сұсты таң ақ.

Тылсым түс...өшпей қойды өредегі,
Қайран хан, ұрпағына не дер еді?!
Ойымнан айыға алмай әлі жүрмін,
Шайқалған адамдайын кемедегі...
Білмеймін, жоритынды неге, нені... 

Саян Есжан

448 0
Рейтинг: +1

Фото: vk.com
Қосылған күні: 07 желтоқсан, 13:35
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...

Мектеп – 2017 #2
Мектеп – 2017 #2

Қос оқушының өмірінде  қандай өзгерістер орын алуда? "Мистер икс" деген кім? Бұл сұрақтардың жауабы осы бөлімде...