Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Таң атты бозарып...

Таң атты бозарып...

Таң атты бозарып...

Құрметті оқырмандар, біз сіздерге жас ақындардың шығармашылығын таныстыруды әлі де жалғастырмақпыз. Сіздер бүгін Бауыржан Мырзақұловтың жыр дәптерінен ескен самалды сезініп, тағы бір ақынның таңы атып келе жатқан сәтіне куә болмақсыздар. Табиғаттан шабыт іздеген жас автор ақындық шабытын шарықтатып мүйізі қарағайдай шайырлардың ізін жалғап келеді. 

Алматы. Көкбазар

Алматы...

Көкбазардың ішіндемін,

Таршылықтан тулайды түсімде мін.

Алқынғаны адамның алға қарай,

Қайда басар асығып түсінбедім...

 

Жығылардай жағасы баспананың,

Аспандап тұр бағасы асхананың.

... Өте шықты ой бөліп анасымен

Жылап-сықтап дауысы жас баланың.

 

Елжіреді жүрегім, езілді тым,

Сағыныппын балалық кезімді шын.

Жас балаңды, анасы, жұбатсаңшы,

Қандай ғана тасбауыр, төзімдісің!

 

Жас іркіліп көзіңе құлатайын,

Жаныма кел, жылама, жұбатайын.

Өкпелісің анаңа, қой,  жылама,

Аңсарың не, қай затты сұратайын?

 

Жас балақай шоқтанған ұсақ түсің,

Ана заты қапсыра құшақ бұрсын.

Сағыныштан жанарға жас алғаным –

Алты жасар ініме ұқсап тұрсың...

 

Таң

Таң атты бозарып...

Ал бірақ,

Көңілім тас түнек, қап-қара.

Қалам тұр, түк сызбай қалжырап,

Тасып жыр кеудемді ақтара.

 

Өткен күн қылаң бер санамда,

Қатар кел қайғы-мұң, шаттығым.

Айбыным асқар тау алаңда,

Қайсармын, құрыштай қаттымын.

 

Тамыры тұл терек төзімнің,

Текті түр тереңді бақпадың.

Қанша түн ұйқысыз көзімнің,

Алдыма елестер қаптадың.

 

Қорқыныш. Қара аспан. Айлы түн,

Келісті көркіңе тамсанам.

Таң атып қанатын жайды күн,

Қайдасың жұлдыздар самсаған?

 

Жанарым сыр бүгіп жасырын,

Сезімдер толғағы жасындай.

Уақыттың артқа сап ғасырын,

Таңдар ат ентігің басылмай.

 

Өмірдің оюлы өрнегін,

Кезім бұл кестелер бізбенен.

Мен әлі түкті де көрмедім,

Жарты аяқ соқпақ жол іздеген.

 

Таң екеш күн шығып ұядан,

Биіктен кетіпті қарыстай.

Мен саған қарауға ұялам,

Тең құрбы қатарлас таныстай...

Алатау бөктеріндегі ой

Құдайдың қадаған қазығы,

Көтеріп әрең тұр жер сені.

Талыққан жанардың азығы,

Алатау, биіксің еңселі!

 

Құздарың тұралап көк белін,

Күнді алыс жиектен асырды.

Сыр  тұнған құлпытас бөктерің,

Жасырып жатқандай асылды.

 

Жалықтым жасанды көріктен,

Алдыңа келгем жоқ қаңғырып.

Сенің не айырмаң өліктен,

Сұраққа жауабың – жаңғырық.

 

Биікке құмармын жасымнан,

Абырой мен үшін – пенделік.

Күнәм да көп шығар тасыңнан,

Кетпесем болды енді сенделіп...

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер stihi.ru сайтынан және ақынның жеке мұрағатынан алынды

851 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 23 қыркүйек 2012, 12:55
Пікірлер
+0
23 қыркүйек 2012, 11:08

жаман емес ;)

+0
23 қыркүйек 2012, 20:52

жақсы екен.......

+0
24 қыркүйек 2012, 23:01

Шумақтан шумаққа ауысарда "өлеңнің өзегі келесі шумақта" деген сезім жетелейтіндей... Сосын "кілтті міне таптым" дегенде кілт үзілетіндей...

+0
06 қазан 2012, 05:04

Сезімдер толғағы жасындай... қайта ойлансаң құба құп! неде болса жүрегіңдегі поэзия оты сөнбегей!

+0
16 желтоқсан 2013, 00:58

Бәрекелді, Бауеке. Поэзия бәйгесінде оза шап! Біз тақымымызды қысып отырайық!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...