Ілияс Жансүгіров. Жырым — жылқы

 Ілияс Жансүгіров. Жырым — жылқы
Фото: v

Жасымнан жылқы десе менің жаным,
Атырдым жылқы ішінде өмір таңын.
Жапанда жел жылқының үстінде өскем,
Мекендеп өмірімде аттың жалын.

Мал сырлас, аттың сыры маған мәлім,
Жырым – жылқы, жүйрік ат – салған әнім.
Аспан асты, жер жүзі кең сахара
Күн көріп атам қазақ келген мәлім.

Қазақтың жылқы аңсатқан жарлы, байын,
Жарлыны жалғыз атсыз алды уайым.
Сүйген жар, сенген достан жақын жылқы,
Білген жан бекер демес аттың жайын.

Бірге өскен бала күннен құлын, тайым,
Тор құнан көке мінген күн-түн сайын.
Аптада ағарса да сақал, шашым,
Атымды не бетіммен ұмытайын.

А. Оралқызы