Бұл қызық: Пушкиннің қолтаңбасы бар кітабын ит тапқан

Бұл қызық: Пушкиннің қолтаңбасы бар кітабын ит тапқан
Фото: spbstarosti.ru

Мәскеу төңірегіндегі Химкада жергілікті әйелдің иті Александр Пушкиннің аса сирек кездесетін кітабын тауып алған. 

Бұл туралы оның иесі «360 Подмосковье» телеарнасына хабарлаған. Оның айтуынша, табылған туынды 800 мың рубльге бағаланып отыр. Ол ақынның Ресейде шыққан алғашқы кітаптарының бірі. Әйелдің сөзіне қарағанда, кітапта қолтаңба, ал беттерінде автордың белгілеп қойған тұстары да бар.

Шығарма  қайта қалпына келтіруге жіберілді.  

Дереккөз: іnform.kz

Е. Жұмабайұлы