Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Сен көрген толқын – мен өрген өлең...

Сен көрген толқын – мен өрген өлең...

Сен көрген толқын – мен өрген өлең...

Құрметті жырсүйер оқырман, бүін біз сіздерге жас ақын Манас Қайыртайұлының өлеңдерін ұсынбақпыз. Жыр бәйгелерінде оза шауып бәйге алып жүрген айтыскер Манас жазба жырдың да хас шебері.

*****

Үлгердім...
Тамырын қиып ап гүлдердің.
Өзімді түсіне алмадым,
Бірақ та білемін, бұл – менмін!

Нәзігім,
Кеудемде төбе мұң қабірің.
Тым ерте солдырып алдым ба,
Адастым, арыдым, налыдым?!

Ұғынғам...
Мұнара тұрғыздым мұңымнан.
Еңсеңді көтергін жығылған,
Қуат ап қайтадан жырымнан.

Білгем бе?
Қысқа жіп келмей бір күрмеуге.
Арманға жетпеспін сендерсіз,
Сендерсіз сандалды тұл кеуде.

Үлгердім...
Тамырын тірілтіп гүлдердің.
Жыртығын жамадым іргемнің,
Білемін, бұл – менмін...

*****
Төгіліп түсті тегі жыр өніп,
Толқын сезімім тулағасын ба?
Сен басқа адамның серігі болып,
Сейіл құрасың су жағасында.

Сыртыңнан сонда торыдым жатып,
Торы мұңға бұл бөленбеген ем.
Толқытқан бойды тобығың батып,
Сен көрген толқын – мен өрген өлең.

Жібектей жаулап басты нендей мұң,
Бойымды баурап Баяндай күлдің.
Сүймеймін сені, жақсы көрмеймін,
Дегім келеді, дей амай жүрмін.

Жүрегін тесіп жебеден де өлген,
Махаббат желі желпиді көне.
Қозы Көрпеш пен Төлегендерден,
Бекежан, Қодар кем сүйді деме.

Күрсінтпес өмір күле білгенді,
Сезім жорығы – бұлыңғыр елес.
Жаулап аламын жүрегіңді енді,
Бейбіт жолменен, зұлымдық емес!

Суреттер: автордың жеке мұрағатынан, goodfon.ru

3251 4
Рейтинг: +6

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 20 шілде 2012, 14:45
Пікірлер
+0
20 шілде 2012, 14:57

ой, қандай әдемі өлең! Әдемі-ақ...

+0
20 шілде 2012, 14:58

"Жүрегін тесіп жебеден де өлген,
Махаббат желі желпиді көне.
Қозы Көрпеш пен Төлегендерден,
Бекежан, Қодар кем сүйді деме" ТАМАША!!!!

+0
20 шілде 2012, 16:19

Қозы Көрпеш пен Төлегендерден,
Бекежан, Қодар кем сүйді деме. БРАВО!

+0
25 шілде 2012, 17:05

Жыртығын жамадым іргемнің, Білемін, бұл – менмін.. Күшті

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев