Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Түндi құшып отырмыз сыр бөлiсiп...

Түндi құшып отырмыз сыр бөлiсiп...

Түндi құшып отырмыз сыр бөлiсiп...

Құрметті оқырмандар, бүгін біз сіздерге жас ақын Құндыз Жұбаеваның шығармашылығынан өлеңдер ұсынбақпыз. Поэзия өлкесінде өзіндік бояуы бар нәзік жандылардың қатарын толтырып жүрген ақын қыз кешегі күннің еншісінде қалған ұяң сезімдерін аңсайды. Өткенге деген әрбір сағынышы арқылы өлеңге бір табан жақындап отыратын Құндыз бүгінде талай мөлдір туындылардың авторы.

*****

Бейкүнәлiк...

Қызығы, тұрлауы – ерiк,

Бәрiмiз боп қалдық та сырға берiк.

Сен бас болып сол жазда ауылдастың.

Бақшасынан көп қауын ұрлап едiк.

Мұнан өзге жетпейтiн күнәға ары,

Сәбилiк қой, кiм жатыр сұрақ алып.

Түптеп кеттiк бақшасын бiр апайдың

Мектептегi мiнезi ұнамады.

Балалықтың басылып жолдары әр күн,

Қырды кездiм, ақ табан ойға оралдым.

Ойнап журiп өзiңмен...алғашқы рет

Келмей қалды анаммен тойға барғым.

Кiнә артқанмен сол кунi саган анық,

Суйiп алдың, көз жасым тарамданып,

Мен еңiске жүгiрдiм, қыр басында

Сырғымаған барады шанам қалып.

Маған айқын сезiм бар, саған мәлiм,

Бiрге ойынға мен кейiн бара алмадым.

«Есейдiң», - деп ескертiп қалдың, содан

Қуыршақпен ойнауды доғарғанмын.

Сүйген ушiн ай-жылдың қанша мәнi?!

Өтiп жатты, әйтеуiр шаршамады.

Сен келесiң үй жаққа, ойнауға емес...

Қызды ауылдың итi үрiп қарсы алады.

Сен келесiң...

Күтесiң түндi құшып,

Түндi құшып отырмыз сыр бөлiсiп.

Қуаласып кетемiз қырат жаққа

Балалықтың тым әрлi қылығы үшiн,

...Уақыттың күнәлi ұрлығы үшiн.

*****

Сағыныш,

Менен алыстаймысың?

Қашықтамашы, өтінем.

Кеудемнің бүлкiл жасық байғұсын

Қоздата салшы бекiген.

Мұң сұрамаймын,

Жасытпай мусiн,

Жүзiме таныс ол-дағы.

Тек қана жанның басып қайғысын.

Сағына алсам болғаны...

Сагына алсам,

Сол – мендiк арман,

Сезiм көремiн шырайлы.

Күз келген шақта бақта қуарған

Жыр оқып тұрсам, жарайды...

Сагыныш,

Менен жырақтамашы,

Жаныма жарлық ете бер.

Қара жер сүйiп құласа басым,

Кеудемнен шығып кете бер...

Бiр ұқса,

Жалғыз жыр ғана ұғар,

Сезiмсiз куйдi от сөнген.

Бiр күнәм солай мың күнә болар,

Сағына алмай кетсем мен...

Сағыныш,

Менен алыстамашы,

Келедi сүйгiм,  ес бiлгiм..

Сана мен жүрек табыспағасын,

Баяны қайсы бес күннiң?!.

Cурет: whatislove-2010.blogspot.com

2403 1
Рейтинг: +5

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 17 шілде 2012, 17:50
Пікірлер
+0
18 шілде 2012, 13:10

Сағыныш,

Менен алыстамашы,

Келедi сүйгiм, ес бiлгiм..

Сана мен жүрек табыспағасын,

Баяны қайсы бес күннiң?!.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...