Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Асфальт, мені қайда апарасың?

Асфальт, мені қайда апарасың?

Асфальт, мені қайда апарасың?

Құрметті оқырман, бүгін сіздерге жас ақын  Адал Сағдаттың өлеңдерін ұсынбақпыз. Поэзияны жанына жолдас еткен Сағдаттың  жырларынан туған елге деген сағыныш пен саф алтындай таза сезімдер самалы есіп тұр. Өр Алтайда туылған өр ақынның өлеңдеріне үңілейік.

 

 Аңсау

Торсық бет, тобылғы рең.

Баласы ем кең жайлаудың қозыкүрең,

Асфальт, мені қайда апарасың?

Құдай-ау, саған қайдан жолығып ем.

 

Аунаған боз көдеге,

Бүлдіршін балалығым боз бөдене.

Қалаға арман қуып жеткенімде,

Тағдырым осыншама өзгере ме?

 

Қол бұлғап қымыз бұлақ,

Сағыныш күйін шертті-ау сыбызғы бақ.

Мен сені аңсап жүрмін ару дала,

Саумал ауа, сары бастау уыз қуат.

 

Ай дидар, ай сырғалы.

Періштемді аңсатып ай туды әні..

Мен сені сағынамын, дала қызы,

Сырымды үлгірмедім айтуға әлі.

 

Шалқы төс,шабдар дөнен.

Бәсірем болат тұяқ қазған белең.

Шарласам туған жердің шартарабын,

Шалқытып көңілімді шабдарменен.

 

 

Үрей

Жақұт үзіп көзінен,

Көкте біреу жылайды.

Бір үрейге кезігем,

Еске аламын Құдайды.

 

Сора-сора ақ бұлттар,

Солқылдайды сұмдық-ай.

Айғыз-айғыз жасты ұрттап,

Улап өлген шындық-ай.

 

Дерті асқынған дүние,

Беті теріс бұрылған.

Бассыздыққа кім ие,

Бесжүз түрлі құбылған.

 

Күте-күте шаршадық,

Бедеу үміт туған жоқ.

Ақиқатқа қарсы ағып,

Күнә артқан құрбан көп.

 

 

Сақ-сақ күліп сатқындық,

Мазақтайды адалды.

Мейрімсіздік асқынды,

Маймыл қылған бағаңды.

 

Жақұт үзіп көзінен,

Көкте біреу жылайды...

Бір үрейге кезігем,

Еске алып құдайды...

 

 

 Ай қызы

Жүрекке жайған от,

Сүйіктім, сен бүгін қайдасың,

Теңеуші ем айға көп,

Айналып кеттің бе айға шын?

 

Тып-тыныш түн мынау,

Қалқиды күлімдеп шарайна.

Көңліме нұр болып сіңдің-ау,

Осылай сүйе бер, жарай ма?

 

Ай қызы үлбіреп,

Сәуледен жаралған қымбаттым.

Бақытты бұл жүрек,

Сезімін сен ғана ұрлапсың.

 

Құшайын. Ғайыптың елесі,

Бар ма онда ғашықтар қаласы

Ұшайын. Сен мені демеші,

Арманның қауырсын қанаты.

 

Сурет: dakota-asphalt.org

304 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 12 маусым 2012, 12:57
Пікірлер
+0
12 маусым 2012, 13:31

Асфальт, мені қайда апарасың?

Құдай-ау, саған қайдан жолығып ем.

:!:

+0
12 маусым 2012, 13:32

Айғыз-айғыз жасты ұрттап, Улап өлген шындық-ай... Уланып болар? Сөз мағынасын бунақ үйлесімділігі жолында тәрк етуге болмас... :roll:

+0
12 маусым 2012, 14:14

Алтайлық-ау деймін...сөз мәнері мен қолданысы соған саяды.

+0
12 маусым 2012, 14:57

иә, Алтайдың арғы жағынан келген аға ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...