Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Гүлманат Әуелхан: "Жер-жаһанға жария етер өлеңім!"

Гүлманат Әуелхан: "Жер-жаһанға жария етер өлеңім!"

Гүлманат Әуелхан:

Гүлманат Әуелхан – 1980 жылы ҚХР-дың Тарбағатай аймағы, Толы ауданында дүниеге келген. 2004 жылы ата жұртқа оралған, республикалық бірнеше мәрте жыр мүшайраларының жүлдегері, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университетінің түлегі.

Ер Оспанның рухы өр Алтайды кезіп жүр

Өр аспанның рухы өр Алтайды кезіп жүр,

Көкірегімді текпілеп оятады сезім жыр.

Қыран ғұмыр мұз балақ, баласы ол қазақтың,

Тұлпар тектес төзімді ұл...

 

Найзағайдай намысы от жүректі шарпыған,

Қара түнек заман ед, шырқалмайтын жарқын ән.

Алтын еді ол үшін Алтайының әр тасы,

Асар ешбір ұлт жоқ ед, мынау қазақ халқынан.

 

Қара нардай көтерді халық жүгін бір өзі,

Үкі болып үлпілдеп тіл қататын түн өзі.

Шынжырбалақ шұбартөс аждаһамен алысты,

Арда ұлына шуағын төгіуші еді күн өзі.

 

Елі десе еліріп екіленіп ерлеген,

Қайран бабам намысын жат қолына бермеген.

Арыстандай айбатты батыр еді ол айтулы,

Қарсы келген дұшпанды табан асты жерлеген.

 

О, Оспанның рухы әр қазаққа ұяла,

О, Оспанның рухы қыран боп ұш қияға.

Сенің асқақ ерлігің бір өлеңге сыя ма,

Ғұмыр сүру Оспан боп арман енді қазаққа,

Оспан болып өлудің өзі бақыт сірә да...

Ер Оспанның рухы өр Алтайды кезіп жүр....

О, масқара, енді қалай күн кешем,

Енді кіммен, енді неммен үндесем.

Шындық өлді, кеше күнім, жарқыным,

Осы жайды білмедің–ау мүлде сен.

 

Сары уайымы сапырылды санамның,

Жанарыма жиналды да тамам мұң,

Ақ шашынан арман жасап анамның,

Қайғысына ортақтастым ғаламның.

 

Бұралқы өмір жалғандықты тұмар ғып,

Көрсетпеді көз алдымды мұнар ғып.

Шындық өлді қапияда шырқырап,

Жат құшағын жеңіп өгей құмарлық.

 

Жалғандықты жаратқандай өр қылып,

Әділетті кесімдерді нөл қылып.

Ең соңғы рет бір дөкейдің қолымен,

Өлді шындық, сөнді үміт...

 

Ұзатып сап ақтық рет шындықты,

Ай да үнсіз өксіп іштен булықты.

Күнде тілсіз күйелеш боп тұтылды,

Көрмегендей мұнан асқан сұмдықты.

 

Таңдамастан ішіп бал мен уыңды,

Ащы жасқа жанар біткен жуынды.

Ару-ғұмыр бұрымына буынды,

Шындық үшін аза тұтқын ағайын.

Тігіп қара туыңды...

 

Менің де енді белгілі ғой көрерім,

Өлді шындық мен де бірге өлемін.

Менің жұмбақ рухымды өлтірмей,

Жер-жаһанға жария етер өлеңім!

***

Жаным аппақ, тілегім де ізгі еді,

Қанша болды үмітімді үзгелі.

Жауып жатқан жапырақтай күздегі,

Мейірімді тонады өмір біздегі.

 

Көз жасымнан ағып таудың бұлағы –

Тағдырымның жауабы жоқ сұрағы –

Шыңыраудан шырқалмастан құлады,

Көңілімнің көмескілеу бір әні...

 

...күңіренткен күй кештіріп өлмелі,

Ағыл-тегіл көз жасымды көрмеді:

Көктегі Хақ – құдіретке Ғашық боп,

Жүрек жұтқан Әйелмін

Мен... жердегі...

Күрсінісінен

Күннің...

Айдың да,

Қалыңдап кетті қайғым да.

Мінезім менен жыр – қызба,

Мұңымды шақтым жұлдызға:

«Қарама, – деді Уақыт -

Мойныңды бұрып бұл қызға...»

Сылдыры сынды сырғаның,

Сырыма қосып сырларын –

Жыладым,

Күлдім,

Жырладым –

Бұлақтың тыңдап сырлы әнін.

Таулардай биік дара тым.

Тұмшалап қара көрпеге,

Тұтқындап алды – қара түн.

***

Күні кеше...

Біздер ғажап мөлдір ек...

...Мөлдір–Өмір

Бара жатыр селдіреп:

Ертеңіне еміренген мендей–ақ,

Емендер де шашын жайған желбіреп...

Көкжиекке сіңіп барад... көктемім,

Көк көйлегі көлбіреп.

...қара түннің құшағында тұншығып,

Қалдым үнсіз қарысып.

Бақыт құсым ұшарында түршігіп,

Сағымдармен кеттім сосын жарысып,

Жүрегімнен бүршік жарды бір шыбық –

Етегімді түрген желмен алысып...

Беймезгіл шақ...

Бейтаныстау Әлеммен...

Бара жаттым табысып...

Ән ғып айттым...

Бұл жастықты жырлап мың,

Бақытымды кетті менің ұрлап кім?!

Сұрым қашты суық бауыр өгейдей,

Ішіне кеп сұңқылдадым сұр бақтың.

Аспандағы ақша бұлтты жаулық қып,

Жасқа толы жанарымды құрғаттым.

 

Соңына еріп сенделдім де сан мәрте,

Бағытсыздау көшімнің...

Жабырқадым жапан түзде жалғыз қап,

Жанарлардан мөлдір жас боп жосылдым,

Бұрымымнан сүйрегенде бұзық түн –

Шырт ұйқымнан шошындым.

Солғын тартып кетті бірде гүл өңім,

Біле алмадым не жыларым күлерім...

Өмірімнен үзілгендей күдерім,

Көк жүзінен жұлдыздайын ақтым да –

Ақ қайыңның жанарына түнедім...

...құлап түсті сарғайып –

Жапыраққа айналды да жүрегім...

Жылап түсті...

***

Жүрісінен су төгілмес жорға күн,

Ойларымның ойран етіп орманын –

Шалып мені құлаттың–ау орға мың,

Содан бастап сорладым...

Найзағайдың жанды тіліп жарқылы,

Сағыныштың от демі де шарпыды.

Сарыала қаз дауысының сыңқылы –

Санадағы сабырымды сарқыды...

...келіп жетті

Құлағыма Жан Даусым,

Тәңір...

Ғалам...

Жер менен көк арқылы...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: ria.ru, korostishevsky.org

436 0
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 10 сәуір 2014, 16:00
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...