Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Сұраған Рахмет: "Ақ өлең – Алтайдың ала күртігі"

Сұраған Рахмет: "Ақ өлең – Алтайдың ала күртігі"

Сұраған Рахмет:

Талантты ақын, зерделі ғалым Сұраған Рахмет жайлы порталымызда бұрын да айтылған-ды. Моңғолиядағы қандасымыз бүгінгі күнде Моңғолия Жазушылар Одағы Баян-Өлгей аймақтық қазақ қаламгерлер кеңесінің төрағасы, «Шұғыла» журналының бас редакторы қызметін атқарады. Бірнеше жыр кітабының авторы.

* * *

Сен маған неге,

У сіңген көзбен қарайсың?

Қарайсың, сосын, бастағы қанға тарайсың.

Қабағын түйген қап-қара ойға үңілсем.

Масқара түнге малшынған майда арайсың.

Қыршынды қидың қыл бұрау арқан салдың да.

Мұң жанып жатыр

Мұқандар өлген шалғында.

- Кісімін десем...

- Жылқысың дейсің ...

Ендеше:

Мінетін болсаң кісінеп тұрмын алдыңда.

* * *

Қыс көзі қырау, жел есті

Қиын қиыннан.

Албасты үрікті, ырыстар ықты

Тыйымнан.

Ұясын бұзды-ау ұшынған ойлар ақыры,

Қи сасып тұрған қып-қызыл шикі

Миыңнан.

Шолақ тай міндің шоқиып оның іш қанын...

Көрелік сосын заманның

Іспар Тышқанын.

Сорлы, жетісіп?

Тырнақтың кірін жедің де

қайта құспадың.

Меңсіз де меңсіз, даласыз

туған меңіреу

Кəсібің сенің ірің жеп һəм еңіреу.

Өз басын өртеп құл болған

Күнсіз күстана,

Көзіңді түртті-ау сөзімен жерік

Не біреу...

Жалғанда мынау масылдар - асыл, ақын - ақ.

Ермек қып кеттің есектің артын бақылап,

Қаймана саған қатқылдау жүзін бұрып тұр.

Айнаға қара ақымақ!

* * *

Қырбақ қар өлең шумақтарындай,

Мейірімді дала кірпігі.

Қаздың қаңқылы ұшады қалқып құндақтағы ұлдан

Əуенін санамда іркідім.

Жып-жылы нəрлер ойнайды құрғақ қанымда,

Қайыңдар су жағалайды балағын түріп.

Күллі жұлдыздар кілкіп, жəудіреп, қырбақ қарымда.

Шиырлы ізімен шумақ зерлейді қарала ит үріп.

Дауыл шұлғиды зауда,

Күн қатпарында,

Қағазға тамады шаршаған сана титығы.

Бақидың суреттері тұр, қырбақтың жұмбақтарында,

Күн түндіктен құлайды шала ұйқылы.

Ақ өлең –

Алтайдың ала күртігі,

Тамырдың табанын жалайды құндақта дымдар,

Теректің бұтағын ырғайды самал ұмтылып,

Лағыл даланың лағыл ырғақтарындай.

***

Армандар көгімді тырналап ұшады,

Кешіккен, келмеген іңірлер еседі кітаптың бетіндей.

Мойнымнан су кетіп… мысалы, кесе көлденең,

Белгісіз белдердің бедерсіз шетіндей.

Қиялдар шашылып, төгілмей еңбектеп жүргенге.

Ақиқат кеселі күлдіріп келмейді үнемі,

Сындырып, бүлдіріп, кейітіп…

Айталық, көлбеңдеп сүрлемдер

Қапырық үрлейді түріп ап білегін.

Қасыңда əдепсіз кесілген бұрымдар…

Етегін түргендер.

Бəрі де қажетсіз

Сыбырлап құр демдер,

Мүрделер алдыңнан ойқастап сəл епсіз.

Шараптың буынан кермектер жаныңды жылытады,

Дəнектің нəріндей көз жасы.

Дүние бошалап, інгендер боздасып…

Тағы да су кетіп мойныңнан, қағады қаңбақтар қылтаны.

***

Боз талдар күлтелі бүр тағып,

Əулие даланың сағымын түйелер кешеді.

Бозторғай зар илеп, шырылдап төбеде,

Тамағын жыртады.

Иесіз əуендер неше мың,

Киесіз түземді мекендеп.

Құстармен алысқа көшеді үн…

Өседі… өшеді…

Құсни саздардың ізінде өртенсем екен деп.

Құс əні – құсалы…

Ойпыр-ай, мəңгі үздік.

Тірліктің басқасы бекер де,

Тырнақтар жүректе, жұрнақтай жалғыздық

Жаныңды сетерлеп.

Жап-жасыл өңірдің жап-жасыл жаңбыры жағаңнан нөсерлеп…

«Кетер» деп… «өтер» деп…

Тəп-тəтті ойларың қаңғырып,

Ызалы ұшқындар алыста,

Осы маң,

Бəлкім, ық.

Батысты шығысқа бағыштап, алқынып.

Күліктер ұшады іштері қабысқан,

Қыл қалам секілді жалқылық.

Бәдіз өксиді

 

Құстар қанатын жыртады көкте,

Аспан ашулы.

Ана құрсағын өпкен қасыңда,

Басқа ғасыр жүр.

Өктем тұрпаттар кілең дестеге жасырынады,

Ішінде цифрлы құрттар құжынап,

Бастар ашылды.

Топшысын бұлт қаққан құстар ашулы,

Бізді қорғайды екен-ау ауа қабатындағы сүзгі.

Күннің қабығын сыпырып алады,

Шыңдар ұстара сынды.

Қимыл.

Мидың өзектерінде құзғын,

Батпаққа сүйрейді бағзы нұсқа басыңды.

«Мəселе шешілді дедің бе?» – жұмбақтар жасырған,

Діңгектер кесінділерінде басылған ғасырлар.

Ғасырлар қабаты – уақыттар шеңбері,

Сөйлейді алыстан, кесілген діңгектер меңдері.

Кетпейтін кесепат есіңнен,

Ницшенің

Сорабы меңгерім.

Белгісіз.

Қанаттар жұлынды түлеп,

Аспан ашулы.

Өлеңдер етпеттеп құлайды, тасқа басулы.

Жылайсың бір сəтке құлаған құныңды сілеп,

Өмір болмаған мүлдемге,

Көңіл бəс таласулы.

Бəдізден оянды құлын кісінеп…

Өлара салыстырмасы


Көк Тəңірдің кірпігінде өлімсіреп,

Өлі өңдер.

Қамыстың көз – өзегінде қалғиды ел,

Соқыр қаздың қанатынан қаңғып жеткен өлеңдер,

Бұйра талға қонды солай сəн киген.

Моншақтарын шашып тастап жер – түндік,

Қызыл таңның қойынында шырқыраған əлдилер,

Көк шоқының ұялайды бөркінде.

Қиялайды қоңыр шуақ жақпардан,

Жүрегімнің ұясынан ұшып шыққан еркіндік.

Қобыз сыңсып, сойы ұзақ-ұзақтардан,

Қалауымды іліп кеткен қаршыға,

Қақ айырып бөліп берді сертімді.

Көз жасыммен ойып-ойып, шым қабатын ақтарғам,

Қарашығым жабысады шаршыға əр.

Үш кеңістік хайку сызып, мəн із десте ақ қарға,

Бір біріне жұптаса алмай, адасады сан сыңар,

Уысыма тамады арық тамшылар.

Қызыл тұман шөккен жолмен,

Ілбиді пəк атты арба.

Күлгін түстен шошынғаннан жан шығар,

Уыз уақыт нəрін сақтап қатты арға.

Қу жанымда қураған шөп – азу тістің қыршылы,

Тағы бір топ өзегімде…

Аңшылар.

Жұлдыз болу кезегінде тізілген мың тіршілік,

Жұтқыншақ пен көмейдегі тұтылған аз кемеңгер,

Кетік тістер жыртығында қыршылып.

Ең бір ауыр түн көрпесін сілки алмай елеңдер,

Кешу тілеп, кеше қайтқан сағыныштар сарылған.

Беу,

Сарыарқа,

Құрманғазы-ай,

Күй ата-ай,

Құрғақ милар қуысынан жалығып,

Уысымда жарылған.

Беу, жарасым кеңістік,

Сен бармысың арымда?!

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: massaget.kz, nipic.com

5221 2
Рейтинг: +1

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 19 ақпан 2014, 10:34
Пікірлер
+0
19 ақпан 2014, 18:30

бәдіз деген не екен? сұмдық жазып қояды)

+0
20 ақпан 2014, 16:03

Сұраған аға, ренжімеңізші сыраға бола...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...