Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Ерғанаттың лирикасы

Ерғанаттың лирикасы

Ерғанаттың лирикасы

Қуатбекұлы Ерқанат - 1991 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2009 жылы Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылында №31 орта мектепті бітірген. Қазіргі таңда ҚазҰУ-дің студенті.

Соңғы кездесу

Сол бір кеште күрсіндім, тұнжырадым,

Тұнжырадым, сөнгендей күн шуағым.

Енді міне КазҰУді бағытқа алсам,

Кінәлі кейіпкердей қынжыламын.

Сол бір кеште күлкіңді естімедім,

Паң қалада суытты кешкі реңін.

Күлкі орнына жанардан жасың тамды,

Тамған тамшы жанымды тесті менің.

Дала оқып отырды мұңлы өлеңін,

Сөзге тарттым, сен бірақ үндемедің.

Қарып жатты үзілген ақ моншақтар,

Үзілгенін жақсы еді білмегенім.

Еңсем ауыр, жатқандай тау астында,

Ескердің бе, менімен санастың ба?

Неге маған таныттың сенімсіздік,

Тұман ойдың ішінде адастың ба?

Санамда бұлдырайды тұманды үміт,

Кеудемде қызғаныш-ит мұңайды ұлып.

Мен сені жұбаталмай кетіп барам,

Ал сенен тарқамады күмән, күдік...

 

Сыр сұлуы

Селкеу түсіп кеткен бе?

Сеніміңе Сыр қызы,

Қалжыңың ба, өкпең бе,

Күлкің қайда қырмызы?

Бұртиясың неліктен,

Назың бар ма тағдырға?

Әлде меннен жеріппең,

Жалықтырып алдым ба?

Құшағыма келмейсің,

Томсырайып тұрсың-ай.

Оңай жіби бермейтін,

Сыр қызының қырсығы-ай!

Ағытылды талай мұң,

Топ қайыңнын ішінде.

Құштарлықпен қараймын,

Сол бір қызық мүсінге.

Жарасады күлсең де,

Ашуыңда бір бөлек.

Сен қасымда жүргенде,

Жан сарайым гүлденет.

Құйылады шапағат,

Кететіндей балқып іш.

Мені өзіңе апарат,

Себепсіз бір тартылыс.

Сурет: school-omsk007.narod.ru

588 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 24 мамыр 2012, 08:05
Пікірлер
+0
24 мамыр 2012, 13:45

Сыр қызының қырсығы-ай! :)

+0
24 мамыр 2012, 15:54

Мен сені жұбаталмай кетіп барам,

Ал сенен тарқамады күмән, күдік...

+0
24 мамыр 2012, 16:15

Сол бір кеште күлкіңді естімедім,

Паң қалада суытты кешкі реңін.

Күлкі орнына жанардан жасың тамды,

Тамған тамшы жанымды тесті менің.

+0
24 мамыр 2012, 16:16

:shock: :shock: Ғани өлең оқыватыр ))) бұны атап өту керек қой )))

+0
24 мамыр 2012, 16:30

ғани өте әдемі тұсын сызып алып отыр. жарайсың ғани

+0
24 мамыр 2012, 17:27

Ерғанат құтты болсын! Өлеңдерін тамаша екен....

+0
25 мамыр 2012, 13:15

әдемі екен өлеңдеріңіз!

+0
25 мамыр 2012, 22:55

Жақсы жыр. Жарайсын арысланым!

+0
29 мамыр 2012, 01:47

Рахмет, Алла риза болсын

+0
31 мамыр 2012, 10:54

Қаламың ұштала берсін, Ерқанат!

+0
31 мамыр 2012, 10:50

Тамаша!!

+0
02 маусым 2012, 09:05

Пай-пайоооу, "Сыр сұлуы" дегенді көріп-ақ ұнап қалды. :)

+0
07 шілде 2012, 06:06

Маған Ерқанат досымның "СЫР ҚЫЗЫ" деген өлеңі ұнайды. Өзім Сырдың қызына қатты ғашық болғасын ба! Жоқ сүйгесін. Алматыға ең алғаш келгенде сол бір Қызылорданың сұлу қызына ғашық болдым. Әлі ғашықпын, асықпын.

+0
19 қыркүйек 2012, 11:25

пах шіркін не дейді Сырдың қыздары қайтеді ааа Ереке

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев