Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Биболат Сәтжан: "Көктемнің жаңбырлы сәлемі..."

Биболат Сәтжан: "Көктемнің жаңбырлы сәлемі..."

Биболат Сәтжан:

Биболат Сәтжан 1994 жылы Арал ауданы, Ақеспе ауылында туған. Дарынды балаларға арналған №4-ші облыстық мектеп-интернатын бітірген. Бүгінде М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің 3 курс студенті.

Талантты жас ақынның өлеңдер топтамасын назарларыңызға ұсынамыз.


Жан қалауын жанарыма тұндырып...


Сезім салған қасіреттен күш алып,

Сізді ойлаймын өз - өзімді ұмытып.

Өзгелердің өліп - өшкен құшағы

Сөзіңіздей

Жүрегімді көрген емес жылытып.

 

Көзіңізден сырғып көшіп бір сағым,

Деміңізден жұмақ лебі еседі.

Сағыныштан шөл қысатын,

Сусадым,

Алдымнан сіз өткен сәтті кешегі.

 

Намыс буып соңыңыздан ермеймін,

Тәкаппарсыз, таға алмаймын басқа мін.

Жүрегімнен ешкімге орын бермеймін

Білегінен ұстасам да басқаның.

 

Сүлдерімді сүйрей қашып өтемін,

Хал сұрасып, қол қысуды білмейсіз.

Көңілімнің кімге құштар екенін

Сезбейсіз бе?!

Сізден басқа кім дейсіз?!

 

Байыз таппай, бір тұнжырап, бір күліп,

Сіз жүретін жаққа қарай асықтым.

Жан қалауын жанарыма тұндырып

Жүрегіммен айқайладым;

«Ғашықпын!»

Сұрақ

Сізге жай көзтаныс болармын

Сәлемнен ары аса алмайтын?

Жат әлем, мүлде алыс болармын,

Сөзіміз жараса алмайтын?

 

Әлде ұстам байлады бізді,

Үнсіз боп қалды ғой мұнда?

От құсқан ойларыңызды

Оқыстан оқып қойдым ба?

 

Қол бұлғап айдан бір арман

Сезімің өртей ме ішіңнен?

Бәлкім ол ойдан құралған

Ақынның ертегісі ме?

 

Сірә да, сүзіле қаптап

Көзімен аймалап өткен.

Бет моншағы үзіле мақтап

Мазалап жүргендер көп пе?

 

Кеудеңе көмбе көмдің бе

Кез келген көре білместей?

Сырымнан қулық көрдің бе

Сыртым мен ішім үйлеспей?

 

Жүректе жүрсіз күлімдеп,

Қағады ол тыншымай дүрсіл.

Үмітім – үнсіздігіңде

Не барын бір Құдай білсін...

Көктемнің жаңбырлы сәлемі


Бұтақтың бүрінен бүрлеген сезімді

Көңліне көшірген көктемнің,

Жауқазын жарады жіпсіген тоңдарды

Көлеңке жағында көк белдің.

 

Махаббат асқақтап,

Құлпырып саябақ,

Ананы ардақтап,

Аруды аялап,

Ай менен жаңбырдың дұғасы

Ұлы ойға ұласып аспанды саялап.

 

Шабыттан шумақ жыр шашылып

Сөздерден будақ гүл төгіліп,

Көздерден сезімдер ашылып

Қар мен күр қақырап сөгіліп,

 

Мәңгілік мөп-мөлдір махаббат

Сең болып сезімнің көлінде қалқыған.

Шұғылалы шуақта шалқыған арудан

Нәзіктік аңқыған!

 

Мейрімді Алланың жылуы

Жел болып бұлттарды игенде,

Сүйкімді өлімнің самалы

Сәжде боп маңдайға тигенде,

Ақ сүтпен аялап аналар

Арайлы сәбиін сүйгенде.

 

Төлдері төлдетіп тәубені,

Уызбен уылтып тілімді.

Әлемге ән қосқан әуені

Тілекпен түрлеген түрімді,

 

Көкейде көктеткен арманды

Күнәсіз күлкідей әдемі,

Мінәжат мәніне жалғанды

Көктемнің жаңбырлы сәлемі!

***

Жылады жел тағы,

Ұйқысыз түн ұзақ.

Ұмытшақ ойларым

Мүлгиді тым ұзап.

 

Қиялдың түрмесі –

Әдепкі әдетім.

 

Күрсініс және Түн...

 

Бурыл шаш бұлт Айды

Бір сәтке жасырып,

Кір шалған кірбеңдер

Кірпікке асылып,

 

Өңімде Түс көрдім,

Сіз күліп келесіз.

 

...Бір жігіт және Сіз.

 

Сипайды ай төсін

Сылқым мұң самалы.

Тезірек айтылсын

Таң әні!

 

Шамалы

Көрінді Ой мәреден,

 

Сіз һәм Ол және... Мен!

Синестезия


Желпініп жасыл жас үміт

Күңгірттеу сабылыстармен,

Қып-қызыл ақымақшылық

Сап-сары сағыныштармен.

 

Сайрандап қара басымда

Ойрандап сұрғылт санамды,

Күрең мұң кірпікке асылған

Күңірентіп күлгін ғаламды.

 

Ақ түнде қап-қара айды

Қараймын қызғылт қаладан.

Көк көзін қадап қарайды

Жап-жарық жұлдыз санаған.

Түн қара шашын тарайды

Сескеніп күздің сұрынан,

Қара жер санап самайды

Ағарған аспан нұрынан.

 

Алқызыл армандарыммен

Сұп-суық қоңыр жел ойнап,

Септесіп түнгі сағыммен

Отырмын тағы өзіңді ойлап.

Кей – кей...

Дерексіз құстардың жолындай,

Түсімдей қалатын жорылмай,

Жолғанның соры мен торындай,

Көркіне сүйсінткен сұлудың

Ұмсынып ұсынған қолындай.

Көзіңді шағатын сәуледей,

Тыншыған періште тәубедей,

әттеңге тағатын ұрлатқан

Әсершіл әңгүдік әуредей

Өмірдің сәттері!

Тылсым мен таласы бір батпан

Көңілшек көңілдің дәптері!

 

Жәннаттай көрініп жер беті,

Күлкіге көміліп келбеті,

Түсінде түрленіп,

Ішінде у ұлып,

Күнәдан кілкіген кір суға жуылып,

Құлағын шулатқан қып-қызыл құмарлық,

Құлқынға құл болып

Салтанат құрарлық Байлықты көксеген

Шикі ауыз, қисайған өкшеден,

Жақсыға жай атқан жаладан,

Қайыршы баладан,

Қайғылы қарттардан,

Арманын жерлеген сан адам

Қайырсыз қаладан.

 

Қажуға көндікпей сол көңіл қасарып,

Көз жасын көздерден таса қып,

Ізі жоқ нәрсені іздеумен

Адымдап алға озып,

Кей-кейде кешіге,

Дүр рухы дүлеймен күресіп,

Ілесіп барады

Дәуірдің дүбірлі көшіне!

«Замана бұлбұлдары»


Жүзеді уайымсыз уақыттың кемесі,

Тоқтаусыз алмасып дәуірдің кезегі.

Ең соңғы ақынның елесі

Елімді кезеді...

 

Тірілер сүрініп құлайды

Жотаға жүк арттым деместен.

Естілер еңкілдеп жылайды,

Есерлер еліктеп елеске.

 

Жекауыз жаралап, жүрегі қансырап

Шын ақын шыңырауда шабытын шақырып,

Меллелі мүсәпір мәстегін қамшылап

Ат үсті алысқа ақырып.

 

Мүләйім жүзінде жазмыштың жарқылы,

Жасқаған жазаға жалынып бағады.

Ит тартқан өкпедей қалмайды тамтығы,

Көз жасы қан болып құлақтан ағады.

 

Миғұла мақтауды маядай бақыртып,

Жүрмін деп жөн сілтеп жөндемге.

Жан даусы жағынып, бақадай шақырып

Өң беті ішінде өлгенде.

 

Бал көріп батады дүние боғына,

Өз көрі – өзінде...

Өзгенің көзінше

Тәубесі тозақты күлдірер соңында,

Ал қазір өлеңнің тәңірі өзінше.

 

Қақ ішіп – қалмастың қамы үшін,

Өлместің кебі үшін – өкпе жеп.

Құйынға жықтырып намысын,

Мәймөңке мансапқа өкпелеп.

 

Дірілдек дауысы дақпыртқа ілесіп,

Сыңаржақ толғаудың толғағы тарады.

Балықпен үндесіп, бақамен тілдесіп

Бұлбұлдар бәйгеге барады.

Дайындаған: Шерхан Талапұлы

Сурет: жеке мұрағаттан, creative.su, xn--80aqafcrtq.cc, vk.com 

Ұқсас жазбалар:

Артур Яһуда: "Өмір деген – қаздар ізі көктегі"

Батырхан Сәрсенхан: "Алматыға бар дейді, сүйікті анам..."

Сыйлыхан Жұмасалық: "Қазақ өткен ғасырда..."

Дайындаған: Шерхан Талап
Қосылған күні: 22 мамыр 2014, 08:17
Пікірлер
+0
22 мамыр 2014, 11:55

Жастық бірден сезіледі..

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.