Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / "Хауастың" тұсауын жас ақындар кесті

"Хауастың" тұсауын жас ақындар кесті

Кеше, яғни 26 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде ақын Ерлан Жүністің «Хауас» атты кезекті жыр жинағының тұсауы кесілді. Тұсаукесер сағат 16.30-да Филология, әдебиеттану және әлем тілдері  факультеті оқу ғимаратының 312 аудиториясында басталды.

Кешке белгілі ақын-жазушылар мен өнерлі жастар қатысты. Ақын інісінің үшінші жыр жинағын шығаруына «Қазақ энциклопедиясының директоры», ақын Бауыржан Жақып, «Қаламгер-медианың» директоры, ақын Жанарбек Әшімжан, "Ақиқат" журналының бас редакторы, ақын Аманхан Әлім, "Жұлдыз" журналының бөлім меңгерушісі, ақын Жұмабай Құлиев, "Үркер" журналының бас редакторының орынбасары, ақын Жарас Сәрсек, Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің аға оқытушысы Шоқан Шортанбаев, ақын, әдебиетші Әмірхан Балқыбек, Қазақстан жазышылар одағы "Әдебиетшілер үйінің" директоры, ақын Бақыт Беделхан, жазушы Мирас Мұқашев, «Қазақ әдебиеті» газетінің жауапты хатшысы, ақын Ырысбек Дәбей, жазушы Бейбіт Сарыбай, Мақсат Мәлік және т.б қазақ поэзиясы мен прозасының майталмандары «құтты болсын» айтып келді.

Бұл тұсаукесер өзгелерден ерекше өтті. Автор өз өлеңдерін оқыды, студенттерден сұрақтар қойылды, ағалары ақ тілек айтты... Ерекше деп онысын айтпаймын. Әдетте, авторлар жаңа дүниесінің тұсауын танымал адамдарға кестіргенді жақсы көреді. Бірақ Ерлан өйтпеді. Ол алдыңғы орынға жайғасқан ағалардың рұқсатын алды да залдағы ең жас екі ақынды су жаңа жинақтың тұсауын кесуге шақырды. Ерлан Жүністей ақын ағасының кітабы жұғысты болсын деп біз де дән риза болып қалдық. Бәлкім енді бір кездері «Хауастың» тұсауын кескен жас ақындар Айбол Исламғалиев пен Шерхан Талаптың да кітабының тұсау кесерінде отырармыз деп ниет еттік.

Кітаптың тұсаукесер жиынын ақын Қайсар Қауымбек жүргізді. Алғашқы сөз Бауыржан Жақыпқа табысталды.

Ақын ағасы інісінің қазақ поэзиясына енді қосылып келе жатқан ақын болғасын осы жолғы жыр жинағының (үшінші) шағын көлемді етіп шығарғандығына қуанды. Ол үлкен-үлкен кітап шығаратын авторларды ақынға санамайтынын да айтып өтті. Сөйтті де Ерланның шығармашылығына әлі де шабыт тілеп, ақ батасын берді.

Бақыт Беделхан: «Менің ақындарға жаным ашиды. Жанкештілікті мойнына қамыт қып киіп, ажырғысын мойнына байлап, үлкен азапты арқалап жүрген азаматтарға дән риза боламын. Әйтпесе мына заманда – өлең түгілі өз өмірінің өзі қайғы болып жатқан заманда өлеңді арқалап, өз жанын өзі кеміріп жүрген кімге жақсы дейсіз? Бірақ сол азаматтардың арасында өлеңге немқұрайлылықпен қарайтындар да бар. Ақындардың арасында өлеңге тағдырын арнаған және әр өлеңін бір тағдырға, бір әлемге, бір мінезге және бір сыршыл дүниеге айналдыра білетін ақын аз. Сол аз ақынның ішінде Ерлан да бар. Мен Ерланды ақын болып туғаны үшін құрметтеймін. Ерлан әркімнің қиялы мен өресі жете бермейтін дүниелерге еркін бара алады. Сонымен қатар ол табиғатынан жасандылық пен қулық-сұмдықты білмейтін ақын. Ия, өмірде ол осындай ақын. Өлеңде де оның дәл осы дүниесі анық көрініп тұрады. Мұндай ақын оқырман тарта алады. Алдыңғы жинақтарында аспанда жүретін ақынды «жерге түсші» деп жүріп әрең төменге түсіріп алдық. Әйтпесе ол «түн», «қорқыныш» деп жеті қат жер астында не аспанда жүретін. Қарап шықтым, мына жинаққа  оның қарапайым қара өлеңдері еніпті. Әйткенмен Ерланның қабілеті кез келген өлең формасына жетеді».

Ырысбек Дәбей: «Біз ұлыларды мойындауда үнемі кешігіп жатамыз. Мұқағалиды да, Төлегенді де солай өлтірдік. Ерланды да көтеріп жатқан ешкім жоқ. Ол мына кітабын өз қалтасындағы қаржысына шығарды. Неге осы жинақты «Жас толқын» мойнына алып шығармады? Алдындағы «Киелі түндердің дұғасы» атты жинағы да жеке кәсіпкердің қолдауымен жарық көрген. Неге мемлекеттік басылымдар осындай ұлы ақындарының қолына жетектемейді?»

Бағашар Тұрсынбайұлы: «Сағат Әшімбаев айтады: «Жақсы көретін ақыны жоқ адам – рухани жанашыры жоқ адам» деп. Біздің Ерлан ағадан үйренеріміз де, үйренгеніміз де көп».

«Астана Алматыға жақын екен,

Жақындық жалғыздықта жатыр екен»,

деп жырлаған ақын жақын күндері елордаға қоныс аудармақ. Ақынның бұл шешімінен енді хабардар болып жатқан оқырмандары Алматының бағына біткен ақынның «Астанаға сияр-сыймасына» алаңдады. Айгүл Бадыр есімді оқырманның «Ерлан Жүніс Астанаға қалай сияр екен?» деген сұрағына ақын өзін көшпенді халықтың ұрпағы екендігін алға тартып жауап берді. «Мен көңіл-күйдің адамымын. Бұл менің бір кемшілігім. Кейде өзімнің көңіл-күйімді басқара алмай жататыным да содан. Мен мысалы, бір жерден Астананың әдемі кешінің суретін көріп қалсам, «Мен неге мұнда жоқпын?» деп ойлаймын» деген қызық жауаппен бәріміздің аузымызға құм құйып тастады.

«Бәрі алғашқы қадамнан басталады,

Қадамындай кәдімгі жас баланың.

Алматыда ұлы ақын бола алмайды,

Алматының өзінен басқалары», - 

деген де Ерланның өзі... Әйткенмен ендігі ол осы «өзімшіл» қалада өзіндік орнын тауып, ұлылықтың жолында біразға дейін барып та қалған еді. Енді ақын қонысын Астанадан таппақ. Жолы болсын дейік! Бірақ бұл жолы «Алматыға – бәрібір» еместігіне бәс тігемін.


Ерлан Жүністің жырлары және ол жайлы: 

"Ерлан Жүніс: Жусаннан қалған жерге Шайыр өсер"

"...Күзге жалғыз барарымды кім білген?!"

"Қош келсек  қоңыржай"

"Гүл салған ән" бөлімінен"

"Бұл қалада гүлдер әлі солған жоқ"

"Тебеген тағдырлы емеген арманның иесі"

"Жаза алғам, жазғам, жазықты болғам..."

"Дала - Жүрек"

"Мұңұрған"

"Қызжымиған"

"Ақын, қызға гүлсіз барсаң, не етеді?!"

"Сұлудың мұңы"

"Дәл қазір..."

"Балалар әдебиеті – ең ұлы әдебиет"

Автор: Ақерке Әбілхан

Сурет: Ақерке Әбілхан

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 27 қараша 2013, 12:32

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.