Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Ізет Шарап: "Жырларым – бір теңіз, қиялым – ақ бұлттар"

Ізет Шарап: "Жырларым – бір теңіз, қиялым – ақ бұлттар"

Ізет Шарап:

Назарларыңызға Жетісай өлкесінің тумасы Ізет Шараптың өлеңдерін ұсынғалы отырмыз. Жас буынның тәлімді өлеңдері тәнті қылар деген ойдамыз...

Мен бұрынғы емеспін – өзгеріппін 

 

Мен бұрынғы емеспін – өзгеріппін,

Бір бұлыңғыр елес боп, көзге іліктім.

Өзгелермен теңесіп, озсамдағы

Өзімдікі емеспін, өзгелікпін.

 

Бір тылсым күш өзгертті өмірімді,

Кесіп өтіп көк толқын көңілімді.

Жайдары жаз ем жайнап, жадыраған,

Күңіренген күз болдым қоңыр үнді.

 

Қиялымда толып жатыр мың жырым,

Көңілімде сақтаулы тұр бір сырым.

Ести алар емеспін мен кеудемде

Соғып тұрған жүрегімнің дүрсілін.

 

Мені бұлай өзгерткен өлең еді,

Жырмен жаным бақытқа бөленеді.

Жырым менің – жүрегім, жан дүнием,

Онсыз маған өмірдің не керегі?!

 

Ақын

Алып ұшып, кеудеге сыймайтұғын,

Сансыз ойлар жаныңды қинайтұғын.

Сағат тілі секілді зулайтұғын,

Ақында да жүрек бар тулайтұғын.

 

Жасқанатын, жатырқап, жабығатын,

Қиналатын, жылайтын, қамығатын.

Шаншылытын инедей қатты сөзге

Ақынның да жаны бар ауыратын.

 

Сүйетұғын Отанын, өңірін де,

Өлеңіне арнаған өмірін де.

Жегідей жеп, жаныңды тырналайтын,

Ақынның да мұңы бар көңілінде.

 

Ақын емес – пейілі, төзімі тар,

Нағыз ақын, ақынның сөзін ұғар.

Кейде бақыт, кейде мұң сыйлайтұғын

Ақында да сағыныш сезімі бар.

 

Ақынды айшықтайтын бір ғана өлең,

Кейде оңай жазылар, кейде әрең.

Көкжиегі тұтасқан шексіздікпен,

Әр ақынның қиялы бір-бір әлем.

 

Ойлар, ойлар

 

Ойлар, ойлар, өзің неткен биіксің,

Биігіңді кімдерге сен қиыпсың.

Самғап келем сол биікке жетуге,

Туған елдің махаббатын жиып шын.

 

Ойлар, ойлар, екенсің сен теп-терең,

Тереңіне ешкім бойлап жетпеген.

Сүңги берем болсамдағы бір шабақ,

«Мен жетемін» деген ыстық леппенен!

 

Ойлар, ойлар, жауабы жоқ жұмбақсың,

Шешуінде қазына бар қымбат шын.

Сен арқылы табиғатқа үн қаттым,

Сен арқылы өз-өзіме мін тақтым.

 

Ойлар, ойлар, тылсым едің сен неткен,

От кеудеге сиқыр-сезім өрлеткен.

Талай жанды бөлендіріп бақытқа,

Талайлардың өр көңілін шерлі еткен.

 

Ойлар, ойлар, санама да симайсың,

Кез келгенге бұйырмайтын сыйдайсың.

Жеткізбейсің алдандырып қиялға,

Неге жанды мұншалықты қинайсың?!

 

***

Аттап өтіп асау бір пәк жүректен,

Ерке сезім көңілге сан гүл еккен.

Сыйдыра алмай кеудеге өз бақытын,

Қалам шіркін, сыр шертіп, шын жыр еткен.

 

Жыр арқылы сезіммен тілдесемін,

Өлеңіммен қарыштап, бірге өсемін.

Өлең менің жанымның бір бөлшегі,

Ол болмаса мен қалай күн кешемін?

 

Жақсы өлмейді көңілде нұры барда,

Ақын өлмес жүректе жыры барда.

Жырымды алма, одан да, жанымды ал,

Өртеп жібер, кеудемнен жұлып ал да!

 

Ақын атын алуға ерте дедім,

Ерте дедім, өлеңге еркеледім.

Еркеледім, ерте деп, сол өлеңнен –

Алып жүрмін өмірге ең керегін.

 

Тамылжыта төккенде таң шуағын,

Жер бетіне жыр болып тамшыладым.

Жауқазындай жырларым жүректегі –

Таң сыйлаған жаныма тау-шынарым!

 

Сен жоқ жерде жабығып, жаншыламын,

Қамшылағын, жігерді қамшылағын.

Түбіндегі жүректің маржан-жырым –

Тағдырыма жазылған тамшы бағым!

  

Оңтүстігім

 

Оңтүстік өлкем, шежірем, тарихы терең,

Өркендеп мен де өсемін нәр алып сенен.

Жұмбақсың жанға, ал маған үлкен бұлақсың,

Сол бұлағыңнан әрдайым сусындап келем.

 

Оңтүстік өлкем, жері бай, мөлдірі тұнған,

Жеткізбестейін өлеңмен өрнектеп жырдан.

Туған жерімді жыр қылып жазармын мәңгі

Жүрегімдегі бәрінен биікте тұрған!

 

Самал желіңнен әр соққан тараған арай,

Табиғатыңа тамаша тоя алман қарай.

Осынау жатқан ұлы өлке, кең байтақ дала

Жұдырықтай-ақ жүрекке сыйды екен қалай?!

 

Сағыныш

 

Сағынышым ерекше ме мендегі,

Күмбірлетіп жіберетін кеудені.

Жүрегімді ауыртқанша сыздатып,

Сағынбай-ақ жүргенім де жөн бе еді?

 

Сағынышым қаяу салды көңілге,

Сағынуға хақым бар ғой менің де.

Сағыныштың жетегінде жүргенде

Оянды ма құштарлығым өмірге.

 

Күлімдейді күндей болып ол маған,

Жарқырайды айдай болып толмаған.

Болған шығар қуанбаған күнім де,

Сағынбаған сәтім мүлде болмаған.

 

Жеті әріптен құралатын сағыныш,

Мұңлы әуенін шырқап жүрген сары құс.

Енді маған көңілді әуен шырқа да,

Өзіңменен биіктерге алып ұш!

 ***

«Ақынның сырласы – қаламы» демес кім?

Жырыма мұң бүркеп, қаламмен кеңестім.

«Жыр» деген құдірет баурады мені кеп,

Енді одан айыра алмайды мені ешкім!

 

Жаныма жақын дос, сырласым болған жыр,

Қанат бер адамға, жүректі толғандыр.

«Жыр» деген шуағын шашатын күн шығар,

Бәлкім, бұл – бақ шығар, басыма қонған бір.

 

Кей-кейде тағдырым сыйлайды тәтті мұң,

Кей-кейде тасиды көңілде шаттық үн.

Жырларым – бір теңіз, қиялым – ақ бұлттар,

«Шағала» шабытым жағада жоқ бүгін.

 

Қаламым жапырақ, сиясы бір құдық,

Шынайы жырларды жүректен тудырып,

Өлеңді қастерлеп өтермін мәңгілік,

Биікке көтеріп, тұғырға ту қылып!

 

Бақыттымын

 

Бақыттымын,

Жүрегімнен төгіліп жақұт жырым.

Қиялдың теңізінде шомып барам,

Бір иіскеп бақыт гүлін.

 

Келер күннен

Үмітімді үзбестен сенермін мен,

Бақыт бұл – барса келмес арал болса,

Аттанар ем өз еркіммен.

 

Бақыт деген –

Санаспайтын құдірет уақытпенен.

Жүрекке жыр, ойыма мұң арқалап,

Бақыт дәмін татып келем.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: kazimbaloglu.blogspot.com; rus.err.ee; lifeandjoy.ru; picstopin.com

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 14 қараша 2013, 20:17
Пікірлер
+0
14 қараша 2013, 20:26

;) оте жап жаксы

+0
14 қараша 2013, 23:09

Бақыттымын өте қатты ұнады, біздің ақындар да бақыт туралы бақытты сәттері туралы жаза алатынын көрдім

+0
21 қараша 2013, 13:50

Өлеңдер қатты ұнады, көңілден шықты! Жетісай өңірінің тумасы келешекте көп үміт сыйлар деген ойдамын! Қаламы мұқалмасын, қағазы жұқармасын!

+0
21 қараша 2013, 14:05

Есімі әдемі болғасын кіріп едім. Оқитын түк таппадым.

+0
21 қараша 2013, 11:04

Пікір білдіріп, жастың талабына қанат бітіріп жатқандарыңызға алғыс айтамын.. Бір айта кетер жайт: ақынның ақындығы жасымен өлшенбейді.Алайда "терістеп" айтқан жөнсіз пікірлер ақынның тауын шағып, талабын мұқалтатынын ұмытпайын.Ізет бүгінде 8-сыныпта оқиды, менің сүйікті шәкірттерімнің бірі.Бұл қыз ақын боп туған, ақын болып қалыптасып,баршамыздың сенімімізді ақтайды деп білемін.

+0
21 қараша 2013, 11:06

Сержан, шәкіртіңіздің өлеңдері керемет! 8 жаста мынадай ерекше әуезі бар өлең жазса, есейгенде "тесіп шығар" ақын болады деп сенемін! Талабына нұр жаусын! Сізге де рақмет, шәкіртіңізге қорған болып жатқан ісіңіз құптарлық!

+0
23 қараша 2013, 11:48

«Ұйқастарының арасынан жел өтпес» деп айта алмадым, дегенмен, расымен сегiзiншi сыныпта оқитын болса, талабына нұр жаусын, үмiтке лайық!..

+0
23 қараша 2013, 16:29

Бұл өлеңдер маған қатты ұнады. Талантты ақын екен.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.