Лу Шүннің қойын дәптерінен

Лу Шүннің қойын дәптерінен

Лушүн – 鲁迅(1881.9.25~1936.10.19) Қытай жазушысы. Аса көрнекті әңгіме жазу шебері. Мопассан, Чехов, Бейімбет Майлин сынды қабырғалы қаламгерлермен иық тірестіре алады. ҚХР Жы Жяң өлкесінде туған. Ол өз туған халқына журналист, ойшыл ретінде де танымал.

Жазушы толғаныстары

Болашақ деп аталатын нәрсе сөз жоқ жетіп келеді. Амал не, ол кезге келгенде, ол сол кездің «қазіргі шағы» болып қалады. Дегенмен адамдар мұндай сары уайымға салынбауы керек. «Сол кездің қазіргі шағы» «қазіргі кездің қазіргі шағынан» жақсырақ болса болғаны, мұның өзі алға басқандық болып саналады.

1925 жыл 28 наурыз

Газетханаларға мақала жіберуде жұлдызы оңынан туатын кездер де болады. Біріншіден, редактор мырзалар дегенмен топастау келеді. Екіншіден, мақалалар көбейген сайын адамның басын айналдырып, көзін шұбартып жібереді. Мен таяудан бері үнемі мақала көріп жатырмын, бос уақыт жоқ екенін былай қойғанда, діңкем әбден құрып бітті.

1925 жыл 31 наурыз

Бір адамның өзін өзек етуі екіталай. Кейде өзге адамдар оның өзегіне айналып қалады. Сондықтан, өзгелер үшін деп ауызда айтқанымен, шынын қуғанда өзі үшін болып шығады. Осы себепті, «өзі кесіп, өзі піше алмайтын» істер де әр қашан кездесіп отырады.

1926 жыл 15 қараша

Бұрын махаббат туралы оқта-текте ойлап қалғанда бұл менің не теңім дегендей қашан да өзімнен өзім қысылып, ұялып қалатынмын. Сонымен пәлендей бір адамға іңкәрлық білдіруге батылым жетпеген еді. Бірақ, олардың сөз-әрекеттерінің, ой-пікірлерінің ішкі сырын анық көрген соң, мен өзімді соншалық дәрежеде төмендетіп жіберуге тиісті емес екендігіме көзім жетті. Менің де сүюіме болады!

1926 жыл 11 қараша

Әдебиетпен шұғылданғысы келетіндер, бірінші, шыдамды, екінші, мұқият, үшінші, табанды болса болғаны, кейбіреулердің азып кеткені үшін сары уайымға салынуға болмайды. Әдебиет пен қоғамның қатынасы, ең әуелі, әдебиет қоғамды сезімталдықпен суреттеп береді. Егер пәрменді болса, қайта айналып келіп қоғамға ықпал жасап, өзгеріс туғызады. Бұл күнбағыс майының күнбағыстан алынатыны, онан соң май жасалатыны сияқты.

1933 жыл 20 желтоқсан

Көркемөнердегі шындық тарихи шындық емес екендігін естігеніміз бар. Өйткені, соңғысында оқиғаның өзі болуы керек. Ал жасампаздықта қиыстыруға, суреттеуге әбден болады. Шындықтан айнымай келсе болғаны. Шын оқиғаның өзі қажет емес. Ал оның қиыстырып, суреттеп шыққандары қоғамдық болмыстан тыс болмайды. Ой қорыту жолымен осы көз алдағы адамдарды, оқиғаларды онан әрі топшылап, өрістете түседі. Бұл бейне сәуегейлікке ұқсайды.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: nicpic.com

M. Auelkhan