Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Ұлылардың алғашқы романдары. "Жазушы" атанған жастар

Ұлылардың алғашқы романдары. "Жазушы" атанған жастар

Ұлылардың алғашқы романдары.

Роман жазу үшін арада көптеген жылдар мен көктеген тәжірибе, кемелінен асқан саналылық керек деп жатамыз. Мұндайда жастар ісі өз қызығымен жеке, оқшау қалатындай. Жақсы дүние шығару үшін, ол үшін... Өмір сүре беру керек. Өмірді көре беру керек. Материал жинақтау қажет. Азаптану ләзім.

Сіздер білесіздер ме, Джеймс Джойс қырық жасында өзінің ең әйгілі «Улисс» романын жазған. Дәл осы жаста Габриэль Гарсиа Маркес "Жүз жылдық жалғыздықты" жазып жатқан. Тіпті, балаларға арналған "Хоббит, немесе Анда және кері" кітабын Джон Рональд Руэл Толкин қырық бес жасында аяқтап бітірген ( ал «Жүзік иесі» трилогиясын жазғанда жазушы 63 жаста болған екен). Алайда, мұның бәрі стереотип қана: жазушы деген атақты жер ортасына дейін күтіп жүрудің қажеті шамалы.

Ендеше, бүгін біз сіздерге 33 жасына дейін әлемдік атаққа қол жеткізген 5 жазушыны еске салғалы отырмыз.  

Владимир Набоков



Роман: «Машенька»
Танылу уақыты: 25 жас

Набоков өзінің алғашқы романы «Машеньканы» Вера Слонимге үйленгеніне бір жыл уақыт толғанда, 1925 жылы жарыққа шығарған. Автор бұл романын алғашқы махаббатына арнап жазыпты. Ең алғаш Берлиндегі келімсектерге арналған "Сөз" басылымында алғашқы жариялымы тарала бастайды. Бірден сыншы атаулының мадақ-қолпаштауына ие болып, тасы өрге домалап кете барған.

"Менің ойыма келе беретіні, ең соңында, ең дұрысы адам болу керек, істің адамы болу керек. Ал егер думандатуға келер болсақ, онда терезе біткен сынып кеткенше тойлау қажет..."

(«Машенька». Владимир Набоков)

Романда өмір сүруге деген қызығушылығы қалмаған бір адам туралы айтылады. Басты қаһарман жастық шақтағы махаббатымен кездейсоқ қайта қауышып, өткен күннің ең жарқын елестеріне, өзі шексіз бақытты болған сәттерге қайта оралғысы келеді. Владимир Набоков одан кейін де, орда бұзар отыз жасында төрт бірдей роман қалдырып кеткен.

Фрэнсис Скотт Фицджеральд

Фрэнсис Скотт Фицджеральд
Роман: «Ұлы Гэтсби»
Танылу уақыты: 29 жас

Фрэнсис Скотт Фицджеральд 29 жасқа жетпей жатып-ақ бірнеше роман жазып, әңгімелер жинағын шығарып үлгерген: "Жұмақтың осы жақ бетінде", "Әдемілер мен қарғыс атқандар". Бірақ, әлемдік даңқ Америка жазушысына «Ұлы Гэтсбидің» арқасында келді. Бұл жолғы романды жазып шығу үшін Фрэнсис өзі қалыптастырған бұрынғы стилінен бас тартқан болатын.

"Адамдар арасындағы ешбір нәсілдік немесе діни айырмашылықты сау адам мен ауру адамның арасындағы айырмашылықпен салыстыруға болмас".

(«Ұлы Гэтсби». Фрэнсис Скотт Фицджеральд)

"Мен өз бойымнан бұрын-соңды болмаған үлкен алапат күшті сезіндім" - деп кейін еске алатын көрінеді. Романда автор Америка капитализміне қарсы "дауыс" беретін еркін суретші ретінде көрініп, баспасөз бетінің жарқын жұлдызы болып күн кешеді. 

«Ұлы Гэтсби» Америка әдебиетінің ең озық туындылары қатарына жатады.

Джером Сэлинджер

Джером Сэлинджер
Роман: «Жар жағалаған жалғыз»
Танылу уақыты: 32 жас

Бозбала шақта Сэлинджердің әңгімелері Америка журналдарына шығып тұрған. Дей тұрғанмен үлкен атаққа бастап барар жолда авторды жарқыратып көрсете қоймайды. Жалғыз ғана «Жар жағалаған жалғыз» романы жариялымға шыққан аралықтан 11 жыл өткен соң даңқ пен дақпыртты ерте келеді. Осы бір романы туралы күні бүгінге дейін алып-қашпа әңгімелер таралған. Солардың бірі: Джером аталған романды жазып шығуда табандай 9 жыл тер төккен екен.

"Өмір бойы өзіме жайсыз болса да "сізбен танысқаныма қуаныштымын!" деп айтып келемін. Егер адамдармен бірге өмір сүргің келсе, онда неше түрлі нәрсені айтуға тура келеді".

(«Жар жағалаған жалғыз». Джером Сэлинджер)

Даңқ пен дақпыртқа бөленген бойда Сэлинджер сопы болып шыға келген. Оның көрінісі ретінде, әйгілі жазушы баспасөз бетіне сұхбат беруден үзілді-кесілді бас тартқан. Өмірінің соңына дейін жалғызілікті күн кешкен. Нью-Гэмпшир штатына қарасты Корниш қаласында әртүрлі рухани практикалармен (буддизм, индуизм, йога, макробиотика, дианетика) айналысып, сонымен қатар бейдәстүрлі медицинамен, уринотерапия, глоссолалия, гомеопатия, акупунктуромен және Христиан ілімімен шұғылданып өткен. 

2005 жылы "Time" журналы «Жар жағалаған жалғыз» шығармасын ағылшын тілдегі ең таңдаулы 100 романның қатарына жатқызды.

Нелл Харпер Ли

Нелл Харпер Ли
Роман: «Қылжақбасты өлтіру»
Танылу уақыты: 33 жас

Әуе жолында қызмет істей жүріп, кейіндеу жазушы болуға бекінген. Алдымен шағын әңгімелер жаза бастапты. Бір жолы, жаңа жыл қарсаңында жақын достары оған "Енді сенде қалаған дүниеңді жазатын бір жылдық уақыт бар. Мейрам құтты болсын" деп жазылған қомақты қаржы салынған сыйлық салып жібереді. Содан Ли жазушының жалғыз романы дүниеге келіп, артынша бестселлерге айналып шыға келген. Жазушы «Қылжақбасты өлтірудің» арқасында Пулитцеровский атындағы сыйлықты иемденеді.

"Көпшілікке бағынбайтын адамда бір-ақ нәрсе бар, ол - ар-ожданы".

(«Қылжақбасты өлтіру». Нелл Харпер Ли)

Эрнест Хемингуэй

Эрнест Хемингуэй
Роман: «Фиеста»
Танылу уақыты: 27 жас

Өмір сүру үшін жастық шағында журналист болып біршама еңбектенген. Қалған уақытында "Toronto Star" журналына балаң әңгімелерін жіберіп тұрыпты. Онда ол америкалық туристерді келемежге салуға тырысады екен. Жазушылық жолдағы алғашқы жетістік «Фиеста»романынан соң келді.

"Өмірді пайдалану дегеніміздің өзі де жаратылған ақшаға бағалы дүние сатып алып және оны сезінумен бірдей".

(«Фиеста». Эрнест Хемингуэй)

Аталған роман 1920 жылдардағы Франция мен Италиядағы "жоғалған ұрпақ" өкілдеріне арналған. 2009 жылы "Newsweek" журналы «Фиестаны» "барлық уақыттың және халықтардың ең үздік 100 кітабы" қатарына жатқызды.

сурет:mgm.com.ua

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

2933 3
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 20 ақпан 2013, 19:20
Пікірлер
+0
20 ақпан 2013, 19:51

Мағауин ше? Көкмұнарды жазған?! :shock:

+0
20 ақпан 2013, 19:59

Бізде де мұндай жазушылар жетерлік.Мысалы,Міржақып Дулатұлы 25 жасында қазақтың тұңғыш романы "Бақытсыз Жамалды"жазған.

+0
21 ақпан 2013, 14:29

осындай мәтериялдар керек қой...тамаша!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...