20 доллардың әңгімесі

20 доллардың әңгімесі

Залда ине шаншар орын жоқ. Ол қолына 20 долларлық ақшаны көтеріп тұрып сөзін бастады.

- Бұл сірә қандай қағаз? – деді ол сығылысып отырған 200 кісіге сұрау тастай, - Оның қандай құны бар?

- Оныңыз 20 доллар ақша ғой. Халықтар арасында да, ел ішінде де ол өз бағасы бойынша айырбасқа түседі, - деп жауап берді жиынға қатысып отырғандар.

Ол әлгі ақшаны алақанына салып ары-бері уқалады да, жұмарланған ақшаны қайта жазды. Бірақ, ақшаның бырыс-тырысы жазылмады. Содан кейін ол:

- Сіздер оның құнын әлі мойындайсыздар ма? – деп сұрады.

- Мойындаймыз! – деп шу ете қалды жиналған қауым.

- Жарайды, - деді ол, - Ендеше мұным әлі жеткілікті болмаса керек. Былай істесем қайтер екен? - деп ол қағаз ақшаны жерге тастап, табанымен таптап, әрлі-берлі үйкеді де, ақшаны қайта қолға алды. Ақша ескіріп, кірлеп, тозып кетті, былғанғаны соншалық, алыстан қарағанда ақша екені білінбей де қалды.

- Енді мынаны өз бағасында айырбастап алатын кім бар?

Көп адам қол көтерді.

- Меніңше, бұл ақша өз құнын әлі жоя қойған жоқ, - деді біреу әрі-сәрі болып.

- Оған 20 долларлық құны бар зат сатып алуға әбден болады, - деді тағы біреу.

Басқалар оны құптай жөнелді.

- Достар, - деді ол сонда, - Әлгінде біз аса мағыналы сабақ өттік. Кейбіреулер енді 20 долларлық ақшаны былғап, тоздырғанымен қоймай, тіпті оны өзгертіп тастады деп қарады. Алайда, оның нәтижесі айқын болды. Әрине, бұл қағаз ақшаны қалай жұмарласам да, сіздер оның айналысқа түсетінін мойындайсыздар. Өйткені, менің бұл қылығымның оның құнын титтей де төмендете алмайтынына көздеріңіз әбден жетіп тұр. Ол қашан да 20 долларлық құнға ие ақша.

Өмірде біз сан рет өз шешіміміздің немесе жасаған ортаның қысымы салдарынан өзімізді жарамсыз, жәбір көрген жандай сезінеміз. Өзімізді соқыр жармаққа татымаймыз деп санаймыз. Көлденең көк аттыға да дәл осындай сияқтанады. Бірақ, мейлі қандай күн туса да, қандай пәле-жала төніп келе жатса да, өз «құныңызды» әсте жоғалтпауды есте сақтауыңыз керек.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: allnumis.com

M. Auelkhan