Кітапта жатқан идеялар

Кітапта жатқан идеялар

Әлемде кітап арқылы жарыққа шыққан ең аз дегенде 10 идея бар шығар. Солардың барлығы дерлік әу баста кітап ішінде жазылып, толық қамтылып кетіпті. 

"Тамшы"- құлаққаптар

Бүгінгі таңда әр жастың күнделікті тұтынатын қарапайым затына айналып үлгерді. Заманауи құлаққаптар Рэй Брэдберидің әйгілі «Фаренгейт бойыша 451 градус» кітабында ең алғаш рет идея ретінде қарастырылып, жазылып кеткен. Мәселен, аталған кітаптың бір бөлімінде: "Оның құлағына шап-шағын "қабыршақ" ілінген. Оймақ арқылы жұқалтаң келген «қабыршақ», радиқабылдағыш-бөтелке және электронды мұхит дауысы - музыка мен дауыстар, өзара музыка мен дауыстар - сергек санасын толқынмен жуып жатыр" деген жолдары бар.

Роман 1950 жылы жазылып, алғаш рет 1953 жылы жарық көрген. Кітаптағы "бас микрофоны" өз алдына, ол уақыттарда құлаққап деген сөздің суретін елестетудің өзі мүлдем қиын болатын.

Атом бомбасы

Осы бір сөз тіркесін ағылшын жазушысы фантаст Герберт Уэллс ойлап тапқан. Ең алғаш жазушының 1914 жылы басылып шыққан "Азат етілген дүние" ғылыми-фантастикалық кітабында кездеседі. Яғни, бұл дегеніміз, ерлі-зайыпты Жолио‑Кюридің Францияның ғылым академиясына тапсырған атом фосфорының радиациясы туралы еңбегінен аттай жиырма жыл бұрын орын алған деген сөз.

Өздеріңіз білетіндей, ерлі-зайыптылардың жұмысы 1945 жылы екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында атом бомбасын жасап шығаруда кеңінен қолданылған.

Қылмысты әшкерелеудің дедукциялық және басқа да тәсілдері

Шерлок Холмс туралы әйгілі шығармасында жазушы Конан Дойль криминалистика саласына қатысты сол уақыттарда еш жерде басылып көрмеген, полиция қызметкерлері мүлдем біліп-естімеген көптеген жаңа тәсілдерді келтіреді. Мысалы, қылмыс әшкерелеуде темекі тұқылы мен қалдықтарын жинау, жазу машиналарының идентификациясы және лупа арқылы із кесу секілді тәсілдер.

Полиция қызметкерлері сол уақыттан бастап Холмстың тәсілдеріне сүйене бастаған.

Ақша жылыстауының нұсқалары

Естеріңізде болар, Гогольдің "Өлген жандар" кітабында алдын ала ойластырылған үлкен бір қылмыстық іс баян етіледі. Поэманың бас қаһарманы Павел Иванович Чичиков шын мәнінде өмірде жоқ, бірақ ақша бетінде бар адам жанын сатып алу арқылы осы заманның шынайы өмірінде документ арқылы ғана жүзеге асатын және қара жолды мақсат тұтқан фирмалардың мақсат-мүддесін айдан анық қылып жазып кеткен.

"Сөздердің жарнамалық ойыны"

Виктор Пелевин «Generation П» кітабында алғаш рет орыстың квас сусынын әйгілі әрі даңқты кока-кола өніміне қарсы қойған-ды. Нәтижесінде «Не кола для Николы!» деген жарнамалық ұранмен "Никола" деген жаңа бренд дүниеге келіп отыр.

Қазіргі таңда квастың осы аттас маркасы орыс дүкендеріне шығарыла бастапты.

"Ержүректерге арналған клуб"

Чак Паланиктің атақты «Бойцовский клуб» шығармасында белгісіз бір ұйымдардың төбелесі баяндалған. Аталған еңбекте шынайы төбелес барысында адамдар ішкі эмоцияларынан құлан-таза айығып шығады. Содан іле клуб туралы идея көп жерлерде әңгіме-талқы болып, шығарма арқауына сүйену барысында кейбір қалаларда "ержүректерге арналған клубтар" соғыла бастаған.

Бүгінгі таңда бір емес, бірнешеуі бар деп сенімді түрде айта аламыз.

Су асты кемесі

1869 жылы Жюль Верн өзінің "Су астындағы 20 000 жыл" шығармасында су асты кемесін жасап шығару турасында қомақты дүние жазып қалдырады. Сол уақыттарда су асты кемесін жасау туралы идея енді келе бастаған тұс екен.  Және жазушының «Наутилус» - су асты кемесі техника саласындағы прогресстің жаңа қырынан ашылуына мұрындық болып, әлгі аттың атақты болған соншалықты, Вернді "су асты кемесінің әкесі" деп атап кете барған.

Енді міне, бүгінгі таңда "Наутилустің" құрметіне компьютер, электронды қондырғылар, ғарыштық аппараттар мен рок-топтарды, үлкен мейрамханаларды, қонаүйлерді, спорттық клубтарды атау сәнге айналып отыр.

Қоғамнан жоғары адам

"Қоғамнан жоғары адам" идеясы ең алғаш  неміс философы  Фридрих Ницшенің  "Заратустра осылай деген" кітабында айтылады. Идеяның түп мәніне үңілер болсақ, шығармада адамдар "патша жаратылысынан" емес, олар жай ғана саналы адамға бастап барар жол бастаушы ғана деп түсіндіріледі.

Осы бір ойдан қуат алған Адольф Гитлер кейіндеу фашистик философияны қалыптастырып, сол түсінікке орай сол уақытта арийлік тайпаны жоғары нәсіл санайтын...

«Шахмат парадоксы»

Ағайынды Стругацкийлердің "XXII ғасыр, талтүс" романында мидың "көшірмесін" жасау арқылы математикалық модель орналастыруға болатындығы жайында қызғылықты бір тәсіл жазылып кеткен.

Тәсілдің өз атауы да бар - «Каспаро-Карпова» құрылымы!

Ең қызығы сол, аталған повесть 1962 жылы жарыққа шыққан. Ал ол уақыттарда шахматшы Анатолий Карпов 11 жаста болса, Гарри Каспаров әлі дүниеге келе қоймаған.

сурет:library.kat.kg

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига