Белгілі қаржыгер кітап жазып шықты

Белгілі қаржыгер кітап жазып шықты

Қазақстанның белгілі қаржыгері Азамат Жолдасбеков «Писательство по воскресеньям» атты кітап жазып шықты. Кітапта автордың 2011 жыл бойында апта сайын tengrinews.kz порталында жарық көрген жазбалары топтастырылған.

Естелік мақалаларда қоғамда өзекті болған түрлі мәселелер қозғалған. ХХІ ғасырдың саналы азаматы қоғамның қандай да бір қалтарыс-бұлтарыстарын айтып, өзінің Алматыдай қаласының гүлденуі туралы әңгіме қаузайды.

Интернет бетіндегі әдебиеттің кітап болып шығуы Қазақстанда тұңғыш рет орын алып отырғанын айтуымыз да орынды. Кітап таныстырылымының «Меломан» дүкенінде өту дәстүрі де елімізде болмаған жағдай. Кітап тақырыбының «Жексенбідегі жазушылық» деп аталуы да тегін емес. Автор мақалаларын бос уақытында, яғни жексенбі күні жазған екен.

Сұңқар Қарабалин, Effective Media Liaison ЖШС-нің директоры:

- Tengrinews.kz-те шыққан материалдар туралы көпшілік қауым жақсы пікір айтты. Дарынды адам, барлық жерде де дарынды болып санала бермек. Сайтымыздың жеткен жетістігіне Азамат Жолдасбековтың да үлесі барын айтуымыз кезек. Авторға алдағы шығармашылығына сәттіліктер тілеймін.

 

«Писательство по воскресеньям: tengrinews.kz-тегі бір жыл» кітабы Алматы қаласындағы «Меломан» дүкендер желісінде сатылымға қойылды. «Тамаша интернетшілердің ойлары» сериясымен 1500 данамен «Drakkar» баспасынан шыққан. Қазіргі қоғамға қаржыгер көзімен қарағыңыз келсе осы кітапты оқып шығуға кеңес береміз...

Кітаптың бір данасы Массагет порталының ұжымына сыйланды

Автор туралы ақпарат:

Азамат Жолдасбеков – Қазақстандық белгілі қаржыгер. Құнды қағаздар комиссиясының төрағасы, қазақстандық қор биржасын басқарған. Ол 1962 жылы 4 қазанда Ақмола қаласында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Алматыда тұрады. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

А. Құлтай