Ең кішкене сөздік әлемдегі ең қымбат кітаптар қатарына енді

Ең кішкене сөздік әлемдегі ең қымбат кітаптар қатарына енді

Былтыр күз кезінде Англияның кітап көрмесінде жарияланған әлемдегі ең кішкене сөздік жақында «ерекше мұрағат» ретінде бәсекелестіріп сатылмақ.

Сөздік жалпы 384 бет. Ұзындығы 2.54 см, ені 1.9 см сөздікке жалпы 13 мыңнан артық ағылшын сөзі енген. Ол тек үлкейткіш әйнекпен (лупа) ғана оқылады.

Сөздіктің иесі Англия азаматының айтуынша, сөздік 1890 жылы баспадан шыққан. Осыдан біраз жыл бұрын ескі кітап дүкенінен көріп, сатып алған. Мойынға асып алуға ыңғайлы қалайыдан жасалған қорапқа салынған екен.   

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: dailyrecord.co.uk

Қ. Қауымбек